Ұш, Бүркіт, Ұш
Бір күні фермер жоғалып кеткен бұзауды іздеуге кетті. Кеш қарсаңында бақташылар бұзаусыз оралды. Ал бұл түні қатты жел болған еді.
Ол алқапқа барып, өзен арнасында, қамыс арасынан, жартастан және сарқыраған судан іздеген еді.
Ол жартасты құздары бар биік тау баурайына шықты. Бұзау желден қорғану үшін өрмелеп кетті ме екен деп, үлкен жартастарды қарап жүрді. Дәл сол жерде тоқтай қалды. Құздың дөңес жерінде ең ерекше көрініске тап болды. Бір-екі күн бұрын жұмыртқаны жарып шыққан бүркіттің балапаны қатты желден ұясынан құлап түсіп қалыпты.
Ол қолын созып, балапанды қолында тербетті. Ол оны үйіне әкеліп, күтіп өсіргісі келді.
Үйге жақындап қалған кезде, балалар қарсы алдынан шықты.
«Бұзау өзі келді», - деп айқайлай жөнелді олар.
Фермер өте риза болды. Ол бүркіттің балапанын отбасына көрсетіп, тауықтар мен балапандар арасындағы құс қораға абайлап жіберді.
«Бүркіт – құстар патшасы, бірақ біз оны балапан болуға үйретеміз», -
деді ол.
Фермер жымиып: «Әрине, бұл балапан. Қарашы өзің – ол балапан сияқты жүреді, балапан сияқты қоректенеді, балапан сияқты ойлайды. Әрине, бұл балапан», - деді.
Бірақ досы онымен келіспеді. «Мен саған бұның бүркіт екенін көрсетемін», - деді ол.
Фермердің балалары досына құсты ұстап алуға көмектесті. Бұл қиынға түсіп еді, бірақ фермердің досы оны көтеріп: «Сен балапан емессің, сен бүркітсің. Сен жер құсы емес, аспан құсысың. Ұш, бүркіт, ұш»,- деді.
Құс қанатын жайып, айналасына қарап, шоқып жатқан балапандарды көріп, секіріп кетіп, олармен бірге шоқи жөнелді.
«Мен айттым ғой саған, бұл балапан деп», - деді де, фермер күліп жіберді.
Келесі күні, таң атпай, фермердің иттері үре бастады. Қараңғыда сырттан бір дауыс естілді. Фермер есікке қарай жүгіріп шықты. Бұл тағы оның досы еді. «Маған тағы бір мүмкіндік берші», - деп өтінді ол.
«Сен уақыттың қанша екенін білесің бе? Таң атқанға дейін әлі ерте».
«Менімен жүрші. Өзіңмен бірге құсты да ала жүр».
Фермер еріксіз балапандардың арасында ұйықтап жатқан құсты әкелді.
Екі ер адам жолға шықты да, қараңғыда көрінбей кетті.
«Біз қайда бара жатырмыз?», – деп сұрады ұйқылы-ояу фермер.
«Сен құсты тапқан тауға».
«Ендеше неге осындай қолайсыз түңгі уақытта бара жатырмыз?»
«Бүркіт таудың ар жағынан атып келе жатқан күнді көріп, оның артынан өзінің мекені аспанға еру үшін», - деді.
Олар алқапқа қарай жүріп, өзеннен өтті, досы жолды көрсетіп келе жатты. «Жылдам, әйтпесе біз барғанша таң атып кетеді», - деді ол.
Олар тауға шыға бастаған кезде алғашқы күн сәулесі де аспанда көрінді. Аспандағы жіңішке бұлттар алдымен қызғылтым болды, содан кейін алтындай жарқырай бастады. Кейде тау соқпақтары қауіпті болады, жартастың тар қайраңынан өтіп, қараңғы саңылаулар арқылы сыртқа қарай әкетіп барады. Ақыры: «Жеткілікті», - деді. Ол төмендегі құзға қарап, мыңдаған километр қашықтықта жатқан жерді көрді. Олар шыңға таяу келген еді.
Досы абайлап құсты дөңес жерге әкелді. Шығысқа қаратып қойып қойды да, онымен сөйлесе бастады. Фермер сықылықтап күлді. Ол тек балапанша сөйлей алады.
Бірақ досы құсқа күн туралы, оның әлемге тіршілік беретіні және әрбір жаңа күні жарқырап, аспанда әмірлік ететіні туралы әңгімелей отырып, тоқтамады. «Бүркіт, күнге қарашы. Таң атқанда, сен де онымен бірге ататын бол. Сен жер құсы емес, аспан құсысың. Осы сәтте алғашқы күн сәулелері таудың ар жағынан атып, кенеттен әлем күн сәулесінен лаулай бастап, Ұлы күн шықты. Үп-үлкен құс күнді қошаметтеу үшін және қанатымен оның жылулығын сезіну үшін қанатын жайды. Фермер қозғалмады. Оның досы:
«Сен жер құсы емес, аспан құсысың. Ұш, бүркіт, ұш!»,- деді. Ол фермерге қарай жорғалап кетті. Тым-тырыс. Бүркіт басын созып, қанатын жайды, тырнақтарымен жартасқа ұстанып тұрып, аяқтары алға қарай иілді.
Содан соң, қандай да бір қозғалыссыз, кез-келген адам немесе құстан да қаттырақ көтеріліп келе жатқан желді сезініп, ұлы бүркіт алға қарай еңкейді де, биіктен биікке көтеріле берді, ол атып келе жатқан күннің жарқылында көрінбей кетті және балапандармен ешқашан бірге болған жоқ.
«Ұш, бүркіт, ұш» мәтіні бойынша сұрақтар. Әңгіменің басында фермер кімді іздеуге кетіп еді?
Достарыңызбен бөлісу: |