Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №22 хаттама



Дата26.02.2016
өлшемі44.29 Kb.
#27337
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 22 хаттама
2015 жылы серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін мемлекеттік сатып алу


Астана қ.


2015 жылғы 30 сәуір сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы, 104 «Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық техникалық қамтамасыз ету» шеңберінде 2015 жылы серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 5 426 339,28 (бес миллион төрт жүз жиырма алты мың үш жүз отыз тоғыз) теңге жиырма сегіз тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 11-4/342 бұйрығының және Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы 8 сәуірдегі негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «VEHI» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы анықтама;

- «СБЕРБАНК» АҚ ДБ Астана қаласы бойынша корпоративтік бизнес бойынша филиалдың директорының орынбасары А. Е. Көрпебаеваның және сол филиалдың бас есепші А.Т. Торғаеваның қолдары қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «СБЕРБАНК» АҚ ДБ Астана қаласы бойынша филиалыдың 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 301/3013/4759 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2015 жылғы 16 сәуірдегі жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы» ММ-мен берілген 2015 жылғы 17 сәуірдегі анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «VEHI» ЖШС, Астана қ., Жансугуров көшесі 8 үй және мұндай шарттардың бағасы 5 426 325 (бес миллион төрт жүз жиырма алты мың үш жүз жиырма бес) теңге (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 11-4/342 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық сарапшы тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2015 жылы серверлік жабдыққа техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерін бір көзден алу тәсілімен Астана қ., Жансугуров көшесі 8 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан «VEHI» ЖШС -нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаменті 2015 жылғы « 8 » мамырға дейін «VEHI» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.

3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы


А.Қ. Евниев


Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технология департаментінің директоры


Б.С. Аймбетов


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директорының орынбасары




Р.А. Түкішева



Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы


Г. Ж. Баймаханова


Хаттамаға қосымша

Экспертное заключение

Об утверждении государственных закупок услуг по техническому обслуживанию серверного оборудования в 2015 году способом из одного источника, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 11-4/342
Эксперт, рассмотрев техническую спецификацию закупаемых услуг по техническому обслуживанию серверного оборудования в 2015 году (далее – Техническая спецификация), предоставленная ТОО «VEHI.KZ», сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 11-4/116.

Эксперт, рассмотрев сертификаты специалистов ТОО «VEHI.KZ», сообщает, что данные сертификаты соответствуют требованиям пункта 7 приложению 2 к приказу Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 11-4/116.



Эксперт А. Котельников


28.04.2015 г.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет