Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қостанай қаласы 2014 жылы 18 ақпан 10. 00 сағат



Дата29.06.2016
өлшемі24.76 Kb.
#165945
Бір көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк

сатып алу қорытындысы туралы

ХАТТАМА
Жалға алатын бөлмелер және қызмет көрсету бойынша қызметтері

бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк

сатып алу

Қостанай қаласы 2014 жылы 18 ақпан 10.00 сағат
1. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, 110000 Қостанай облысы Қостанай қаласы Гоголь көшесі, 79А жалға алатын бөлмелер және қызмет көрсету бойынша қызметтері бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алуды жүргiздi.
2. Сатып алуға бөлiнген сомасы: 453750 (төрт жүз елу үш мың жеті жүз елу) теңге 00 тиын - қосымша құн салығының есептеуiсiз (ҚҚС).
3. Осы тәсiлдi қолдануға негiздеме:

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының 32 бабының 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 10 ақпандағы №22 «Жалға алатын бөлмелер және қызмет көрсету бойынша қызметтерді мемлекеттiк сатып алуларды бір көзден алу әдісімен өткiзу туралы» бұйрығы негізінде, баға ұсыныстарын сұрату тәсiлi әдісімен бағы ашылмаған мемлекеттік сатып алуға байланысты.


4. Шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы және орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы: «Шаруашылық-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29, келiсiм шартының бағасы 463651 (төрт жүз алпыс үш мың алты жүз елу бір) теңге 20 тиын, сонымен қатар:

  • 413974 (төрт жүз он үш мың тоғыз жүз жетпіс төрт) теңге 29 тиын - қосымша құн салығының есептеуiсiз (ҚҚС),

  • 49676 (қырық тоғыз мың алты жүз жетпіс алты) теңге 91 тиын - қосымша құн салығы (ҚҚС).


5.Сарапшылар мемлекеттiк сатып алуда тартылған жөқ.
6. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осы бiр көзден алу тәсiлiмен сатып алу нәтижесi бойынша ШЕШТI:
1) жалға алатын бөлмелер және қызмет көрсету бойынша қызметтері, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Абай даңғылы, 29 мекен жай бойынша орналасқан орындаушы «Шаруашылық-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, сатып алынсын.

2) Тапсырыс беруші - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі , мекен жайы: 110000 Қостанай облысы Қостанай қаласы Гоголь көшесі, 79А, 2014 жылдың 21 ақпанына  дейінгі мерзімде «Шаруашылық-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасасын. 



3)Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы -
 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Веб-сайт -www.minagri.gov.kz интернет-ресурсына жіберсін.

Басшы Б.Мирманов

Бухгалтерлік есеп

және мемлекеттік сатып алу

бөлімінің басшысы А.Абильгазина

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет