криминалогия
«Құқықтану» мамандығының 2 курс магистранты
Айнабеков Азамат Абдукаримович
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясының
Сот төрелігі институты
БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында және құқықтық әдебиеттерде «соттылық» термині екі мағынада қолданылады: 1) соттылық жалпы юрисдикциялық соттардың бірінші саты соттары ретінде қылмыстық істердің нақты бір санатын қарауға және шешуге өкілеттілігінің бір элементі ретінде; 2) соттылық қылмыстық істердің нақты бір сотта және соттардың нақты құрамдарында қаралуы және шешілуімен байланысты бір қасиеті ретінде. Әрине, бұл ұғымдар үздіксіз өзара байланыста, өзара әрекет етуінде көрініс табады. Сондықтан да соттылықтың қылмыстық істің бір қасиеті ретіндегі ұғымымен байланысты мәселелерді ғана зерттеуге назар аударатын боламыз. Қылмыстық істің соттылығы - бұл қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің жиынтығын сипаттайтын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істің қасиеті және осыған байланысты қылмыстық іс жүргізушілік заңнама оны қарау және шешу тәртібін белгілейді, айталық, бірінші саты соты ретінде нақты бір соттың қарауын; 2) заң талабы бойынша немесе айыпталушының талабы бойынша бірінші саты сотының қарауын және шешуін (аудандық және оларға теңестірілген соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары).
Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 7-бабының 9)-тармақшасына сәйкес «Бiрiншi сатыдағы сот - сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін не сот актісінің күшін жоғары тұрған сот жойғаннан кейін не оның күші жекеше айыптаушының шағымы бойынша жойылғаннан кейін келіп түскен қылмыстық істі соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық, мамандандырылған ауданаралық соттар, гарнизондардың әскери соттары». Мамандандырылған соттардың соттылығына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер, егер олардың соттылығы қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген жағдайларда өзгертілмеген болса, аудандық және оған теңестірілген соттың соттылығына жатады (ҚР ҚПК 306-бабы). Осыған орай қылмыстық істердің соттылығы жөнінде мәселе қозғалғанда оның, ең бастысы, бірінші сатыдағы соттарға қатысты болатындығын атап өткен жөн. Себебі соттылық институты облыстық және оған теңестірілген соттың соттылығына жататын қылмыстық істерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттылығына жататын қылмыстық істерге де қатысты екенін айта кету қажет.
Прокурор айыптау актісін бекіткеннен кейін айыпталушыны сотқа береді және қылмыстық iстi соттылығы бойынша сотқа жібереді (ҚР ҚПК 305-бабы). Біздің ойымызша, «айыпталушыны сотқа беру» сөз тіркесі қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамада аталған дұрыс қолданылмаған деп ойлаймыз. ҚР ҚПК 305-бабының 1-бөлігіндегі бекітілген ережеден осы сөз тіркесін алып тастап, тек «қылмыстық iстi соттылығы бойынша сотқа жібереді» деп аяқтаған жөн сияқты. Айыпталушыны сотқа беру дегеніміз - бұл қылмыстық істің бірінші сатыдағы сотта қаралуына тиісті екенін куәландыратын актісінің немесе іс жүргізушілік шешімнің шығарылуы. Тергеп-тексеруге ұшыратылған адамның қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізудегі күдікті немесе айыпталушы ретінде болатын адам екені белгілі; ал сотталушы сотқа берілген, яғни бірінші сатыдағы сотта соттық талқылау тағайындалған адам. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде айыптаушы және қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүзеге асырылуының күшейтілуі мен бекітілуіне қарамастан, аралас қылмыстық процесс болып табылады, яғни қылмыстық сот ісін жүргізу мынаған өтуді:
1) қылмыстың істің іздестіруші кезеңнен (тергеу кезеңінен) сотта талқылау кезеңіне;
2) қылмыстық процестің маңызды қатысушысының (айыпталушының) құқықтық мәртебесінің жай-күйінің екінші бір күйге (сотталушыға) айналуын білдіреді.
Соңғы мән-жай сотталушының құқықтық мәртебесінің айыпталушының құқықтық мәртебесімен салыстырғанда өзінің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға анағұрлым кең мүмкіндіктерге ие болуымен байланысты. Қылмыстық істің сот отырысында қаралуы мен шешілуі туралы жөнінде шешімнің қабылдануымен аяқталатын осы рәсім (тәртіп), әдетте, бұрын сотқа беру кезеңі деп аталатын. Бұл кезең аралас қылмыстық сот ісін жүргізуге ғана емес, сондай-ақ қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте жүргізуге, сонымен қатар жекеше айыптау бойынша қылмыстық сот ісін жүргізуге тән болып келеді. Ереже бойынша, айыпталушыны сотқа беру арнайы шешім арқылы ресімделеді. Алайда, айыпталушыны сотқа беру актісінің функциясын айыпталушыны сотқа беру жөніндегі қаулы ғана емес, сондай-ақ басқа да шешімдер де орындауы мүмкін. ХІХғ. ресейлік құқықтық әдебиеттерде бітімгерлік судьяға сотқа беру және оны процессуальдық ресімдеу туралы әр түрлі көзқарастар айтылады. Кейбір авторлар, атап айтқанда, Н. Рози сотқа беру актісі ретінде жәбірленушінің шағымы немесе полицияның хабарламасы табылады деп тұжырымдаған. Екінші бір авторлар, мысалы, А.Н. Бутковкий, И.В. Михайловский және тағы басқалар осындай нысандағы акт ретінде судьяның қылмыстық істі тыңдауға тағайындау туралы қаулысы қатысады деп тұжырымдайды [3]. Біздің ойымызша, екінші көзқарас ғылыми негізделген болып табылады. Дәл осындай ролді қолданыстағы қылмыстық-процестік заңда бірінші сатыдағы сотта судьяның сот отырысын (сот талқылауын) тағайындау туралы қаулысы атқарады. Сот жүйесі органдарының сотта қылмыстық істің келіп түскеннен кейінгі туындайтын мәселелерді шешу бойынша басымдылық берілгеніне қарамастан, қылмыстық процестің барлық қатысушыларының әрекет ету нәтижелері растап отырғандай, олардың іс-әрекеттері континентальдық құқықтық жүйеде қажетті және дербес сипатқа ие екендігін көрсетеді. Сондықтан да сот талқылауын тағайындау (айыпталушыны бірінші сатыдағы сотқа беру) қылмыстық сот ісін жүргізудің кез келген кезеңіне қойылатын барлық талаптарға сай келетін дербес кезеңде жүзеге асырылады. Қылмыстық процестің қарастырылып отырған кезеңі бірінші сатыдағы сотта сот талқылауын тағайындау үшін іс жүзіндегі және заңды негіздердің бар-жоғын анықтаудан көрініс табатын өзіндік міндеттерін шешеді. Қылмыстық сот ісін жүргізудің осы кезеңінде қылмыстық процестің сотталушы деп аталатын жаңа қатысушысы пайда болуы мүмкін. сот талқылауын тағайындау (айыпталушыны сотқа беру) кезеңінде бірқатар екреш процестік мерзімдер белгіленеді.
Қылмыстық процесте сот отырысын тағайындау (сотқа беру) кезеңі келіп түскен іс бойынша жалпы немесе қысқартылған тәртіптегі басты сот талқылауын тағайындау немесе істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешімдердің біреуін қабылдаумен байланысты ерекше іс-әрекеттермен және процестік-құқықтық қатынастармен ерекшеленеді. Талданып отырған қылмыстық процесс кезеңінде нақты қылмыстық-процестік шешімдер қабылданады және тек осы кезеңге ғана тән құжаттар шығарылады, атап айтқанда, басты сот талқылауын тағайындау және тағы да басқа.
Сонымен, осы уақытқа дейін жүргізіліп отырған сот-құқықтық реформалар қылмыстық процестен сотқа беру актісін, сотқа беру кезеңінің мәнін жоғарыда аталған мән-жайларға байланысты жоя алған жоқ. Қазіргі қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамадағы осы кезеңнің «Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және сот ортырысына дайындық әрекеттері» деген жаңа атауы сот талқылауы өндірісінің - бірінші сатыдағы сотта сот талқылауын міндетті түрде өткізілуін білдіреді. Қылмыстық сот ісін жүргізуде сот талқылауын тағайындау (сотқа беру) кезеңі қылмыстық іс сотқа келіп сәттен басталады және процессуалдық шешімдердің қабылдануымен және қабылданған шщешімнің мазмұнынан туындайтын іс-әрекеттердің жасалуымен аяқталады. Атап айтқанда, судья сот отырысын тағайындау мүмкіндігі туралы мәселені шешу кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) iстiң осы соттың соттылығына жататынын-жатпайтынын;
2) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не тоқтата тұруға әкеп соқтыратын мән-жайлардың бар-жоғын;
3) сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, процестік келісім жасасу, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу кезінде сот отырысын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңды бұзуға жол берілгенін-берілмегенін;
4) айыптау актісі көшірмелерінің берілгенін-берілмегенін;
5) айыпталушыға таңдалған бұлтартпау шарасының өзгертілуге немесе күші жойылуға немесе оны қолдану мерзімінің ұзартылуға жататынын-жатпайтынын;
6) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірiлген залалды өтеудi және мүлікті ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданғанын-қабылданбағанын;
7) арыздар мен өтiнiшхаттардың бар-жоғын анықтайды [ҚР ҚПК 320-бап].
Сонымен, бірінші сатыдағы сотта қылмыстық істің сотта талқылауын тағайындау – сот талқылауын тағайындау үшін іс жүзіндегі және заңды негіздердің бар-жоғын анықтау бойынша және қылмыстық істі мәні бойынша қарау мен шешу бойынша бірінші сатыдағы соттың судьясының ролінің басымдылығын тани отырып, қылмыстық процестің барлық қатысушыларының құқықтық қарым - қатынастары мен іс-әрекеттері түрінде көрініс табатын қылмыстық процестің дербес және қажетті кезеңі.
Бұл кезеңде дәлелдемелердің дұрыстығын анықтаумен, тағылған айыптың дәлелденгенін, айыпталушының кінәсін анықтаумен байланысты және басқа тағы да осындай шешілмейді.
Сот отырысын тағайындау кезеңінің міндеттері мен маңызы қылмыстық процесс кезеңдерінің жүйесінде алатын орнымен және ролімен анықталады.
Сот отырысын тағайындау (айыпталушыны сотқа беру) кезеңінің міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
1) қылмыстық-процестік заңның талаптарын елеулі бұза отырып, қылмыстық істі сотта талқылауға жол бермейтіндей материалдарды сотқа дейінгі дайындық әрекеттерінің сапасына шектелген сот бақылауын жүзеге асыру: а) алдын ала тергеудің қорытынды құжаттарын құрастыру кезінде; б) айыпталушының құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағына сәйкес «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығына» және ана тілін немесе өзге тілді пайдалануға қысым жасаумен байланысты болып келетін; в) жәбірленушінің және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша;
2) қылмыстық істі бірінші сатыдағы сотта талқылауға кедергі болатын заңдық сипаттағы әр түрлі мән-жайлардың бар-жоғын анықтау;
3) Сот талқылауын тағайындау кезінде соттың тиімді қызметін және тараптардың қатысуын қамтамасыз ететін дайындық процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізу.
Аталған міндеттерді сапалы және өз уақытылы шешу қылмыстық процестің қарастырылып отырған кезеңінің әлеуметтік- құқықтық мәнімен байланысты болып келеді. Сот отырысын тағайындау кезеңінің мән-маңызы мынадан көрініс табады: біріншіден, қылмыстық процестің бұл кезеңі бақылау функциясын орындай отырып, бірінші сатыдағы сотта адамның айыпталушы ретінде заңсыз, негізсіз және әділетсіз тартылған қылмыстық құқық бұзушылық туралы істерді талқылауға жол бермеуінде; екіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізудің қарастырылып отырған кезеңі материалдарды сотқа дейінгі кезеңде дайындау әрекеттерінің қателіктері мен кемшіліктерін айқындай отырып, жанама түрде алдын ала тергеу әрекеттерінің сапасының жақсаруына ықпал етеді. Үшіншіден, сот отырысын тағайындау кезеңінде қылмыстық сот ісін жүргізудің жаңа қатысуышысы - сотталушы пайда болады. Оның айыпталушыдан айырмашылығы жаңа құқықтар мен міндеттерге ие болады, яғни қылмыстық қудалау органдары таққан айыпты теріске шығару арқылы өзінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша жаңа мүмкіндіктерге ие болады. Қылмыстық сот ісін жүргізудің аталған қатысушысы сот талқылауын (сот отырысын) тағайындау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап пайда болады. Төртіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізудің қарастырылып отырған кезеңі айыпталушының ғана емес, сондай-ақ жәбірленушінің және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерінің қорғау мақсатында жүзеге асыру; бесіншіден, қылмыстық сот ісін жүргізудің қарастырылып отырған кезеңінде судьялардың тиімді дайындық іс-әрекеттері арқылы өз уақытында, заңды, негізді және әділетті сот талқылауы үшін және әділетті сот шешімін қабылдау үшін қолайлы алғышарттар туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |