Біржан ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша
2013 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар
1. Ауылдық округ әкімінің аппараты бойынша құжаттар айналымы:
Округ әкімінің аппаратына 2013 жылдың 1 қаңтарынан есептік кезеңге дейін мемлекеттік мекемелер мен ведомоствалардан 108 қатынас хат, аудан әкімінің 14 хаттамалық тапсырмалары, сондай-ақ Зайсан аудандық мәслихатының 2 шешімі, Зайсан ауданы әкімінің 6 өкімі және аудандық әкімдіктің 12 қаулысы келіп түсті. Келіп түскен 4 қаулы бойынша ауылдық округінде су тасқынына, дала өрттеріне қарсы және округ елді мекендерін көркейту, көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту және 2013-2014 жылдарға қысқы маусымға дайындық жұмыстары бойынша туралы 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, ауылдық округ әкімінің бақылауына алынды.
Аудандағы мемлекеттік мекемелер мен ведомостваларға, жеке тұлғаларға 168 қатынас-хат жолданса, ауылдық округ әкімінің 41 өкімі, 10 шешімі шығарылды.
Біржан ауылдық округ әкімінің аппаратының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасы бекітілді.
Жеке және заңды тұлғалардан округ әкімінің аппаратына 44 өтініштер тіркелді, оның ішінде 2 өтініш жылжымайтын мүлікті заңдастыруға қатысты, 1 байланысты болса, 31 өтініш жер және жер пайдалану туралы. Өтінім жасаушы тұлғаларға тиісті жауаптары берілді.
2013 жылғы 15-16 қаңтар күндері ауылдық округ әкімі С.Молдашевтың округтегі елді мекендер тұрғындарымен «Біржан ауылдық округінде 2012 жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы және алда тұрған міндеттер туралы» және 05 ақпанда Зайсан ауданының әкімі С.Зайнулдинның округ тұрғындарымен «2012 жылы Зайсан ауданында атқарылған жұмыстардың қортындысы және алда тұрған міндеттер туралы» есептік кездесулері өткізілді. Халықтан түскен ұсыныс-пікірлер сарапталып, орындалуы мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды.
Есептік кезеңде 11 аппараттық кеңестер өткізілді. Негізі – ауылдық округінің санитарлық тазалығын сақтау, 2013-2014 жылдарға қысқа маусымға даярлық жұмыстары, елді мекендердегі есептік кездесулердегі сын ескертпелердің, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы, көктемгі су тасқыны, егіс жұмыстары, дәстүрлі мерекелік шаралар және т.б. маңызды мәселелер қаралып, хаттамалары жүргiзiлді және рәсiмделді.
Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 276 қосалқы шаруашылығының бар екендігі туралы, 162 ветеринарлық анықтама және 493 ауылшаруашылық малдарына ветеринарлық паспорттар берілді.
12 826 теңгенің 145 нотариаттық іс-әрекеттері атқарылды.
Округте халықтың күнделікті тұтынатын азық-түліктің бағасын тұрақты ұстау мақсатында 2 сауда дүкенінің иесімен, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында ауылдық округ әкімі және 15 шаруа қожалықтары жетекшілері арасында құны 2 450 000 теңгені құрайтын екіжақты серіктестік меморандумдарына қол қойылып, есептік кезеңде 1 195 000 теңгенің қайырымдылық көмектері жасалды.
«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша 5 950 000 теңгенің іс-шаралары жасалып, I-ші жартыжылдықта 4 970 000 теңгенің жұмыстары атқарылды.
2013 жылдың 6 айлығында округ бойынша жаңадан 5 жұмыс орындары ашылып, 15 адам жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында округ тұрғындары Шалбарбаева Бақтигүл – 3,0 млн, Сабырбаев Шалқар – 2,0 млн, Ахмолдин Азамат – 1,5 млн, Шалбарбаев Әлихан – 1,5 млн, Медеубаев Нұрбол – 2,0 млн және Бидахметов Елдос – 2,0 млн теңгенің несиелерін алып, мал және өсімдік шаруашылығы бағытында өз жұмыстарын атқаруда.
«ҚАЗАҚСТАН - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша 2 ақпараттық хабардар топтары құрылып, округ елді мекендерінде тұрғындармен кездесулер өткізді.
2. Демографиялық жағдайлар:
Біржан ауылдық округінде 2013 жылғы 1 шілдедегі есеп бойынша 328 тұрғын үй бар, онда 2074 адам тұрады, және жан саны 370 адамды құрайтын 69 оралман қандастар отбасылары қоныстанған.
Демографиялық жағдайлар төмендегі көрсеткіштерді құрады: туған бала саны – 17, қайтыс болған адамдар – 3, округте келіп қоныстанушы – 24, көшіп кетушілер – 17 адам.
3. Ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстар бойынша:
Ауылдық округ бойынша 2012 жылы 1 835 га егістік алқабы игерілсе, 2013 жылы егістік көлемі – 1 903 га құрады, оның ішінде дәнді астықтың үлесі – 722 га, майлы дақылдар – 747 га, картоп – 96 га, көкөніс – 38 га, бақша дақылдары – 10 га.
2013 жылдың 1 шілдесіне округтегі елді мекендердегі тұрғындар мен шаруа қожалықтарының мал-құстарының қортындысы бойынша: ірі-қара – 6 631 бас, қой-ешкі – 9 852 бас, жылқы – 1 445 бас және құстар 2 276 басты құрап, өткен 2012 жылғы 1 шілдедегі мәліметтермен салыстырғанда ірі-қара 4 %-ға (6 361), қой-ешкі 0,1%-ға (9 835) , құстар 2 %-ға (2 224)өссе, жылқы – 0,1 %-ға (1 445) кеміді.
Мал шаруашылығы өнімдері бойынша 6 айлық қортындыға сай 257 тонна ет, 1969 тонна сүт, 58 000 дана жұмыртқа, 16 тонна қой жүні өндірілді.
Ауылдық округ бойынша Ақарал ауылы мен «Нәсілбек» қыстағы сарып ауруының ошағы болып жарияланып, карантиндік шектеу қойылды. Малдардың жұқпалы ауруларын жою және таралып кетпеуіне байланысты округтің 2 мал дәрігері мен 5 санитары емдеу-профилактикалық шараларын атқаруда. Ірі-қараны аусылға сібір жарасы, пастереллез, қарасанға, қой-ешкіні - сібір жарасы, қара сүйелге, ал жылқыларды сібір жарасы, САП - қа (маңқа) қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.
4. Округ бойынша атаулы әлеуметтік көмек және 18-жасқа дейіңгі балалар жәрдемақысын алған жанұялар туралы мәліметтер:
2013 жылғы 6 ай көлемінде:
4 жанұядағы 15 адамға берілген атаулы көмек - 210 300 теңге,
28 жанұядағы 82 балаға төленген жәрдемақы – 657 000 теңге.
Біржан ауыл округі бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша 3 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді олар 16 мүгедектер мен қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
5. Салық төлемдері бойынша:
2013 жылғы I-ші жартыжылдықта бюджетке өткізілген барлық салық төлемдері 553 319 теңгені құрады, оның ішінде:
- жеке тұлғалардың жер салығы 87 992 теңге
- мүлік салығы 27 793 теңге
- көлік салығы 437 534 теңге
6. Елді мекендерді абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және құрылыс жұмыстары бойынша:
Біржан ауылдық округінде елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалау жөнінде екі айлық жариялау туралы ауылдық округ әкімінің 08.04.2013 жылғы №185 өкімнің негізінде құрамы 9 мүшеден тұратын штаб құрылып, атқарылатын жұмыстардың іс-шаралары жасалды.
Округтегі Біржан ауылдық емханасы ғимаратының ауласына, саябағына, Аманкелді атындағы орта және А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектептерінің ауласы мен ботаникалық бақтарына, Біржан ауылындағы 19 Мамыр көшесіндегі «Аналар аллеясы», «Балалар бағы», «Ә.Дүйсежанов» атындағы саябақтарына, Біржан ауылындағы кіреберіс трасса бойына, Қуаныш ауылындағы саябаққа, сондай-ақ ауыл тұрғындары аулалары мен үйлерінің көше беткейіне көктемгі мезгілде 2800 түп ағаш көшеттері мен 350 м2 гүлзарлар отырғызды, сондай-ақ 1320 тонна қоқыстар арнайы орынға шығарылды.
Біржандағы «Аналар аллеясы» саябағына 7 орындық және шағын архитектуралық мүсіндер орнатылды.
Ұзындығы 700 метрлік Ә.Дүйсежанов көшесін қырып-тегістеу жұмыстары атқарылды.
2013 жылы Біржан ауылы, Аманкелді көшесі №20 мекен-жайдағы 6 пәтерлік тұрғын үй жалпы құны - 22.210 мың теңгеге ағымды жөндеуден өтіп, пайдалануға берілсе, Қуаныш ауылында 1.601 мың теңгеге «Мектеп» көшесін жарықтандыру жұмыстары атқарылды.
7. Ауылдық округтегі мекемелер мен тұрғындардың 2013 жылдың II-ші жартыжылдығына баспасөзге жазылу мәліметтері:
Егемен Қазақстан
|
Дидар
|
Каз. Правда
|
Рудный Алтай
|
Дала мен қала
|
Семей таңы
|
Қазақстан Заман
|
Достық
|
Айқын
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
жоспар
|
орындалуы
|
55
|
52
|
60
|
60
|
8
|
4
|
10
|
10
|
28
|
23
|
60
|
60
|
10
|
5
|
320
|
320
|
10
|
4
|
8. Спорт саласы бойынша:
2013 жылғы 8 наурыз - «Халықаралық Әйелдер күні» және 22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелеріне орай мини-футболдан ауыл біріншілігі, сондай-ақ арқан тарту, гир көтеру, стол теннисі және армреслингтен жарыстар өткізілді.
16 наурызда волейболдан өткен аудандық жарыста ауылдық округ құрамасы 4 орынды еншіледі.
2013 жылғы 7 мамырда Зайсан қаласында өткен аудан әкімінің жүлдесіне арналған XVII халықтық спорт ойындарына қатысқан округ спортшылары тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Бәйгеден 3,2 және 5 шақырымда 1 орын, қол тіресінен қыздар – 2 орын, ұлдар – 3 орын, қазақ күресінен – 2 орын, гир көтеру – 1 орын, шахмат – 1 орын, дойбы – 3 орын, тоғызқұмалақ – 2 орын, жеңіл атлетика бойынша ұзындыққа секіру – 1 орын, волейболдан ұлдар командасы – 2 орын, мини-футболдан – 5 орынды алды.
9 мамыр «Ұлы Жеңіске - 67 жыл» мерекесіне орай мини футболдан, волейболдан ауыларалық жарыс ұйымдастырылды. Жарыстар жеңімпаздар ауылдық округ әкімі мен жергілікті кәсіпкерлер тарапынан ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды.
1-маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне байланысты «Спорт денсаулық кепілі» атты балалар арасында эстафеталық ойындар өткізілді.
9. Мәдени көпшілік жұмыстар:
Округ бойынша 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі және
22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелері аталып өтілді.
8 наурыз күні Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылында «Асыл ана», Біржан ауылында «Анам - ардақтым» атты мерекелік шаралар өткізілді. Ауылдық округ әкімінің және жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілерінің тарапынан көп балалы аналарға құрмет көрсетіліп, сыйлықтар тапсырылды.
22 наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі округке қарасты Біржан, Қуаныш, Ақарал ауылдарында өтті. Барлық елді мекендерде киіз үйлер тігіліп, мерекелік халықтық шара өткізілді, халыққа наурыз көже таратылып, ұлттық ойындар (арқан тарту, қол тіресі,т.б ) ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
1 Мамыр «Қазақстан халықтарының ынтымақ күні» мерекесі мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді.
1 Маусым «Балалар күні» мерекесіне «Бала біздің болашағымыз» атты әнші балапан байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан және көрермен балалардың барлығына да ауылдық кәсіпкерлер мен ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары мен қызметкерлерінің демеушіліктерімен сыйлықтар табыс етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |