Тақырыптық параллелизм. Бұл жағдайда мазмұны жағынан ұқсас құбылыстарды салыстыру жүреді.
Синтаксистік параллелизм. Бұл жағдайда ретімен келетін сөйлемдер бір синтаксистік принцип бойынша құрылады. Мысалы, қатарынан бірнеше сөйлемдерде негізгі мүшелердің орналасу реті байқалады.
Дыбыс параллельдігі. Бұл әдіс поэтикалық сөйлеуге тән және поэтикалық шығармаларда жиі кездеседі. Өлең өзіндік әуен мен дыбыс алады.
Параллелизмде екі түрлі ұғымды білдіретін тіл әлементтері бір-біріне әсер етіп, тұтас поэтикалық бейне тудырады. Бұл халық ауыз әдебиетінде жиі қолданылады. Қазақ поэзиясында параллелизм эпостық жырларда айырықша орын алады. Кейіпкерлердің ішкі толғаныстебіренісін білдіру үшін қолданылып отырады. Мысалы, Ер Тарғынның қиналған тұстағы монологы психологиялық параллелизм арқылы былай беріледі:
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді байқап қарасам,
Күнді бұлт қоршайды,
Күн жауарға ұқсайды.
Айды бұлтты қоршайды,
Айды байқап қарасам,
Түн жауарға ұқсайды.
Бойды байқап қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы
Маған таянғанға ұқсайды! Осы жырда Ер Тарғынның мертігіп жатқандағы көңіл күйі табиғат көрінісімен қатар алынып суреттелген. Ай мен күнді бұлт қоршап, жауын жауатығынға ұқсауы батырға қауіп төнгенін меңзейді.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |