Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады
Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді. Өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?
Жарайсыңдар оқушылар! Жауаптарың керемет болды! Жамиля Жетібайқызының сіздерге берер тапсырмалары көп екен! Смартфондарыңа жіберілген сілтемеге өтіп, менің яғни Қалибек калийдің, атомымды құрап жатқан электрондарын көріп , ұяшықтарға және орбитальдарға дұрыс орналастырыңыздар! Смартфондағы 3 Д құрылысымды түсіріп алыңыздар ! Сіздерге сәттілік тілеймін!
Бұл әрине тағы да мен Қалибек Калий мырза! Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған демекші . Сыныптарыңда ақылына көркі сай қыздар көп екен! Жігіттер де осал емес екен, бірақ мен секілді тұтанғыш ашуланшақ болмаңдар ,сабырлы болыңдар! Келесіде кездескенше достар!