«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ
« № 20 орта жалпы білім беру мектеп-лицейі» КММ
ТАҚЫРЫБЫ:
Тақырыбы: «Қазақ елі менің - Отаным»
(25-қазан Республика күніне арналады)
Дайындаған: Ажибаева А.М; Мусина Г.Е.
2023 – 2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақ елі менің - Отаным»
Мақсаты:
- Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт - дәстүрін, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік мереке күнін сезініп, қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.
- Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Өткізу күні: 23.10.23ж
Тәрбие сағатының барысы:
Жүргізуші:
Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан.
1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.. Қазақстан халқы өзінің ұлтына, сеніміне, жақсы мен дүниетанымына білім деңгейіне қарамай, еліміздің гүлденуіне бағытталған әлеуметтік – экономикалық, саяси – қоғамдық өміріне белсене араласып келеді.
І. Жүргізуші:
25 қазан - Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.( Әнұран ойналады) Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!
ІІ. Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан - алтын күн,
Жанымызда жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде,
Атыменен «Қазақ» деген халқыңның.
І. Жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан - ұлы анам,
Есіміңді естігенде қуанам
Қазақстан - қиял жетпес биік тау,
Қазақсатн - жазғы күнгі гүл алаң.
Достарыңызбен бөлісу: |