4.5 Жер қойнауларын қорғау жұмыстарының негізгі бағыттары
Геологиялық ортаны қорғауды абсолютті түрде қол сұғуға болмайтын орта деп қарастыруы мүмкін емес, себебі ол қазіргі қоғамның дамуына, оның талаптарына келмейді. Осы орайда, үнемі ізденісте болып, кен орындары қойнауларына іздеу - барлау жұмыстары мен пайдалы қазбаларды өндіру барысында техногендік әсердің оң (күтілетін) және теріс (қажет етілмейтін) жақтарының тиімді қатынасын анықтау сияқты қандай да бір компромистік шешімдер табуға тура келеді. Сондықтан да техногенездің оң пайдалы жақтарын арттырып, кері әсерін азайту талап етіледі. Осы тұрғыда жер қойнауларын қорғаудың техногендік әсер зардаптарын мейлінше азайту негізінде халық шаруашылығы тиімділігін мүмкіндігінше арттырудың кешендік мәселесі болып саналады. Бұл жағдайда табиғатқа нақты техногендік әсер негізінде тікелей зиян келтірілгенімен оны болдырмауға немесе зардабын азайтуға жіберілген шығын ескеріледі. Жер қойнаулары техногенезінің зиянды зардаптарын болдырмау, алдын алу, азайту жұмыстары бойынша тиімді стратегияны дайындау үшін геологиялық ортаға мұнай өндірісінің барлық нысандарының әсер ету көздерін, жолдарын және сипатын білу керек, сондай-ақ жер қойнауы жағдайы туралы нақты акпараттың дер кезінде келіп түсуін ұйымдастыру және әр түрлі процестердің даму мүмкіндіктеріне болжау жасай білу қажет. Жер қойнауларын қорғау техногендік әсердің негативтік зардаптарын мейлінше азайту негізінде халық шаруашылығы тиімділігін мүмкіндігінше арттыру үшін мұнай өндірісінде жер қойнауларын қорғау жұмыстарын бірнеше бағытта жүргізу қажет. Негізгі бағыттарға:
1) Қолданыстағы мұнай көздерінен толық түрде мұнай алуға қол жеткізу;
2) Бұрғылау ұңғымалары мен ашылған жер койнаулары туралы толық ақпарат алу;
3) Тұщы су қорын ластанудан және азаюдан корғау;
4) Жалпы табиғи гидродинамикалык жағдайды сақтау;
5) Өндірілмейтін (оның ішінде ашылмаған) мұнай газ кен орындарының бұзылуын, қорғау және қайта кұрылуының алдын алу. Осы бағыттарды нақты қарастырайық.
Мұнайдың толық берілуін қамтамасыз ету геологтардың кен орындарын табу, әзірлеу мақсатында жобалық шешімдерді қабылдау аясындағы күнделікті мәселесі болып саналады. Негізгі күш мұнайлы қабаттарды жылжыту процесі арқылы оларды қамту коэффициентін көтеруге және жер қойнауларындағы мұнайды жоғалтуды азайтуға жұмсалады. Мұндай жоғалтулардың негізгі көзі:
мұнай өндіру ісіне келтірілмейтін тұйық линза тәрізді бөлімдер;
әр түрлі жартылай тұйық аймақтар. Ол аймақтардан мұнай кажетті бағытына шығарыла алмайды;
біртектес емес қабаттар жағдайында сирек орналаскан ұңғымалар арасындағы мұнай жиналымдары;
4) қабаттың шеткері бөліктеріндегі мұнай жүретін жолдардың шегінен контур маңын және контур ішін су басып кетуі себебінен мұнайдың асып шығып кетуі;
5) апатты ұңғыма бағаналары артындағы кеңістік бойымен жылжи отырып бөлініп қалған қиылымның басқа жағына мұнайдың ағып кетуі жағдайлары болып табылады.
Жер қойнауларында мұнайдың жоғалтылуы мүмкін болатын барлық орындарды анықтау және осындай жоғалтулардың болуын азайту немесе болдырмау мүмкіндігін беретін геологиялық - техникалык іс - шараларды ұйымдастыру (мұнда қосымша көптеген қаражатты қажет ететін операциялар да жасалады, мысалы қосымша ұңғымаларды бұрғылау, қабаттардағы сел бағытын өзгертуді ұйымдастыру, су алуының жаңа ошақтарын жасау, қабаттардағы қосымша ашуды ұйымдастыру және забойлар маңындағы аймақты өңдеу, құбыр артында сұйықтың циркуляциясын жою, болдырмау және т.б.) жер қойнауындағы мұнайды толық өндіру мүмкіндігіне қол жеткізеді және жер қойнауын тиімді пайдалану мен қорғаудың қажетті бөлігі болып табылады.
Мұнай ұңғымаларын бұрғылау нәтижесінде алынатын әр түрлі және көптеген геологиялық ақпаратты жинақтау мұнай кен орындары қойнауларын кешенді пайдалану мен қорғаудың келесі бір маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл ақпараттың көп бөлігі мұнайдың өзіндік мәселелері мен есептерін шешуде пайдаланылады, мысалы мұнай қорын бағалау, мұнай өндіру мүмкіндігін анықтау, мұнай қабаттарын толық өндіруді қамтамасыз ету, жаңа кен орындарын іздеу, ұңғымаларды апатсыз төсеу және т.б. Дегенмен, ұңғымаларды бұрғылау жер қойнауы кұрылысын толық танып білуге мүмкіндік беретін ерекше құрал екендігін естен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |