Сүзбені өндіру технологиясы мынадай кезеңдер бойынша жүреді: - 1. Шикізатты қабылдау және оның сапасын бағалау.
- 2. Сүтті қыздыру және айыру.
- Бұл кезең пластинкалы қыздыру-салқындату қондырғысында жүргізіледі, онда сүт 37- 40°С температураға дейін қыздырылады, содан кейін кілегейін бөлетін сеператорға жіберіледі. Осының бәрі сеператордан өткізу ережелері бойынша жүргізіледі.
- 3. Нормаланған сүттің қосындыларын жасау.
- Сүзбені 18,9% және 5% МДЖ-де өңдеген кезде МДЖ және ылғалдығы бойынша стандартты өнімді қамтамасыз ету үшін нормаланған қосындыдағы МДЖ мен белоктың арасындағы арақатынасты дұрыс белгілеу мақсатында сүтті нормаға келтіреді.
- 4. Нормаланған немесе майы алынған сүтті қыздыру және салқындату.
- Нормаланған немесе майы алынған сүт 15 - 20с ұстай отырып, қыздыру және салқындату қондырғыларында 78- 80 °С температураға дейін қыздырылады. Содан соң сүт ұйытылу температурасына дейін салқындатылады.
5.3 Жабдық және инвентарь (техника) - Ірімшік өндірісі үшін негізгі жабдық мыналар:
- Ірімшік дәнін дайындайтын аппарат
- Кезеңдік әсер ететін аппараттың екі түрі қолданылады: ірімшік ванналары және ірімшік жасаушылар (қазандықтар). Осы екі түрге бөлу бірқатар жағдайларда шартты болып табылады – сыйымдылығы 10 м3 және одан жоғары аппараттар, әдетте, ауқымды ванналар мен қазандықтар болып табылады.
- Ірімшік дәнін дайындайтын заманауи аппарат, түріне қарамастан, мынадай белгілерімен сипатталады:
- - жабық ыдыс;
- - ыдыс пен құралдың ішкі бетіндегі орталықтандырылған бұзылмайтын жуғыш;
- - алынбайтын әмбебап кескіш-араластырғыш аспап;
- - берілген сарысу санын автоматты түрде іріктеу;
- - ірімшік дәнін дайындау операцияларын бағдарламалық басқару (уақыт бойынша).
Ірімшікті қалыптау және тығыздау аппараты. Жабдықтың жалпы құны 39 780 мың теңгені құрайды. Жабдықты "Эльф 4М" (РФ). ЖШҚ-дан сатып алу жоспарлануда. - Сатып алынатын жабдықтың басымдықтары:
- - Өніммен жанасатын барлық бөлшектер 12Х18Н10Т маркалы тат баспайтын болаттан жасалған;
- - Автоматты түрде қолдау, реттеу және бақылау, сондай-ақ пастеризациялау температурасын қағазға тіркеу үшін ИПКС-013БУ(Р) электронды басқару блогымен жабдықталған;
- - Өнімнің басқа түрлерін өндіру үшін жеткізе жинақтау мүмкіндігі.
- Қажетті техникалар тізбесі:
- - Сүт таситын машина (тат баспайтын болат) ГАЗ-3309;
- - ГАЗ 3302 "Газель-Бизнес".
Достарыңызбен бөлісу: |