Облыста бизнестің осы түрін ашу үшін барлық мүмкіндік бар. Жамбыл облысы Республикада мал басы бойынша жетекші орынды иеленуде. Өндіріс үшін шикізатты (сүтті) Жамбыл облысының халқы мен шағын және орта кәсіпорындарынан сатып алу жоспарлануда. Шикізаттың бағасы маусымдық сипатта, қыста барынша жоғары, жазда барынша төмен болады.
Цех шығаратын негізгі өнімдер мыналар болып табылады:
Өндірістік цех жалпы алаңы 150 шаршы метр орын-жайда орналасатын болады.
Осы бизнес-жоспарда жоспарланған кәсіпорынның айналымын ескере отырып қызметті жауапкершілігі шектеулі серіктестік шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.
Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты инвестициялық шығындар тізбесіне тиісті жабдықтарды қосу жолымен шығарылатын өнімнің түр-түрін де өзгертуге болады. Шығарылады деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет
Бұл ретте, кәсіпорын түсімінің көп бөлігі қатты ірімшікті сатудан түсетін болады. Ірімшік – жоғары құнды, кеңінен танылған сүт өнімі. Әр түрлі ірімшіктер көптеген ұлттың ұлттық тағамының құрамына кіреді.
Ірімшік төрт негізгі түрге бөлінеді:
- қатты, (российский, голландский, швейцарский және басқа);
- жартылай қатты (российский, голландский, швейцарский рокфор және басқа.);
- жұмсақ (любительский, славянский и др.);
- тұзды (сулугуни, фермерский, имеретинский, брынза, және басқа.).
Осы түрлер өз кезегінде жекелеген кіші түрлерге және топтарға бөлінеді. Тұтыну өлшемдері негізге алынатын жіктемесі бар, осылайша, ірімшіктеді дәстүрлі және экзотикалы деп бөлуге болады.
Біз үшін танымалы қатты және балқытылған түрі ғана емес, сонымен бірге дайындау технологиясы, сондай-ақ, әдетте, бағасы да жоғарысы болады.