Бизнес-жоспар Балалар футбол клубын ашу



бет6/9
Дата07.12.2023
өлшемі3.08 Mb.
#485757
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4808630881811 Дәріс 4-5

Кәсіпорынның атауы

Өндіріс

Мекенжайы

«МЕРКЕНСКИЙ СЫРЗАВОД» ЖШС

Ірімшік және қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Мерке ауданы, Ойтал кенті, Ленин көшесі, 1

«ДАНЕГУЛЬ» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Исатай көшесі, 7б

«ГАЛЕНИКА» ЖШС

Сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Жұбанышев көшесі, 2

«АСТАНА САМСОН» ЖШС

Қышқыл сүт өнімдері өндірісі

Жамбыл обл., Тараз қаласы, Панфилов көшесі, 38

6-кесте – Жамбыл облысындағы ірімшік және сүзбе өндіретін негізгі компаниялар
Кәсіпорынның бәсекелестер алдындағы негізгі басымдығы мыналар болып табылады:
Өнімнің салыстырмалы төмен бағасы;
Өнімнің жоғары сапасы;
Өндірісте тек қана таза сүт пен табиғи шикізатты пайдалану;
Жартылай фабрикаттар мен басқа да қоспалардың болмауы, бұл өнімнің дәмдік сапасына оң әсер ететін болады.

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер


2015 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі 3,1%-ға негізделген, бұл мал шаруашылығы көрсеткіштерінің 3,3% ұлғаюына байланысты болды. Саланың осылайша өсу қарқыны мемлекеттің, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің барынша қолдауымен қамтамасыз етілді. Ішкі нарықта бағаның өсуін ұстап тұру және тиісті инфляциялық күтулер үшін отандық тауар өндірушілер тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуда.
Сүт және сүт өнімдері өндірісі әлемде осы жылы 2%-ға ұлғаюы мүмкін ФАО сарапшылары бірінші жартыжылдықтағы деректерге жасалған талдаудың негізінде осындай қорытындыға келіп отыр. Осы беделді ұйымның шілдедегі зерттеулеріне сәйкес барынша жоғары өсу Оңтүстік Жер шары елдерінде,ең алдымен Жаңа Зеландия мен Австралияда күтілуде. Соңғы жылдары ЕО елдерінде сүтті қайта өңдеу және таза сүт пен қышқыл сүт сусындарын, ірімшікті, қоюлатылған және ұнтақ сүтті, майды және т.б. өндірудің өсу қарқыны байқалуда. Шығарылатын қышқыл сүт өнімдерінің түр-түрі едәуір кеңейді, олардың сапасының деңгейі артты, өндіру көлемі өсті. Бүгінде Қазақстанда ет-сүт және көкөніс-жеміс өнімдерін шығаратын ауылдық кооператив жұмыс істеуде, үш жылдан кейін олардың саны 450-ге жетеді деп жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет