6. Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
-
Кәсіпкер Банкке/Даму Банкіне/Лизингтік компанияға:
1) жаңа кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Бағдарламаға сәйкес келетін шарттарда кредит беруге/қаржыландыруға (Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтінішпен;
2) қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған сәйкес субсидиялар алу ниеті туралы Банкті/Даму Банкін/Лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.
-
Банк/Даму Банкі/Лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/лизинг беру немесе кредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда Кәсіпкерге жобаны кредиттеуге/қаржылық лизинг шартын жасасуға дайын екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, Қаржы агенттігін хабардар етеді.
-
Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның оң шешімін алған Кәсіпкер Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана мен Алматы қалалары үшін – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
2) егер қызмет түрі лицензияланатын болса, лицензиясы (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірме);
3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам акциялар шығарылымының проспектісін және бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімінен үзіндіні (тіркеушінің мөрімен/қолымен расталған) қосымша ұсынады;
4) салық органынан өтініш берілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;
5) тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары;
6) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар;
7) соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар;
8) Банктің/Даму Банкінің/Лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
-
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі өтініш-сауалнама мен құжаттарды алғаннан кейін:
1) өтініш-сауалнамамен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі үш күндік мерзімде Кәсіпкерге ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне қарау үшін Кәсіпкердің жобасын жіберуді құжаттардың толық пакетін алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі құжаттарды алғаннан кейін
5 (бес) жұмыс күні ішінде:
1) құжаттардың толықтығын тексереді;
2) Кәсіпкердің жобасын Бағдарламаның шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
3) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
4) Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың толық пакетімен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына шығарады;
5) күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және ететін отырысы айқындайды, бұл жөнінде ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
-
Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі үш күндік мерзімде ұсынылған Кәсіпкерге/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар пакеті бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің жобасын ӨҮК кезекті отырысына шығарады.
-
ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылу шамасына қарай, бірақ айына 2 (екі) реттен сиретпей өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны он екі адамнан аспауға тиіс, олардың кемінде 50 %-ын кәсіпкерлер қоғамдастығы ұсынуға тиіс.
Кворум ӨҮК мүшелері санының кемінде 2/3-ін құрауға тиіс. ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан жағдайда өткізіледі. Шешімдер қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
-
ӨҮК тиісті жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана жобаларды қарайды.
-
ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) Кәсіпкердің және олар іске асыратын жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру;
2) ӨҮК мүшелері арасында Кәсіпкердің жобасын және қоса берілетін құжаттарды, оның ішінде Кәсіпкердің басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы, Мемлекеттік даму институттары арқылы мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын пайдалануы туралы өтініш-сауалнамасында көрсетілген ақпаратты қарау және талқылау;
3) Кәсіпкердің жобасын қараған кезде ӨҮК қажет болған жағдайда Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан жобаны неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады. Бұл жағдайда Кәсіпкердің құжаттары Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне пысықтау үшін қайтарылады және ӨҮК кезекті отырысында қайта қаралуға тиіс;
4) талқылау нәтижелері бойынша Кәсіпкерді субсидиялау мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, бұл ретте, хаттамада кәсіпкерлердің Бағдарламаға қатысудан бас тарту себебі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
Бұл ретте ӨҮК мүшелерінің бәрі хаттамаға қол қойған кезге дейін хатшы мен ӨҮК төрағасының қолы қойылған ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені ұсынуға жол беріледі.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері ӨҮК хаттамасына/хаттамадан үзінді көшірмеге қол қойғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ӨҮК хаттамасының көшірмесін/хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға және Қаржы агенттігіне, сондай-ақ мәлімет үшін Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
-
ӨҮК шешімінің қолданылу мерзімі ӨҮК шешімі шыққан күннен бастап 6 ай.
7. Субсидиялау тетігі
-
Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ӨҮК хаттамасын алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде, Қаржы агенттігі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес Қаржы агенттігі Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының өтеу кестесіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
-
Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін Кәсіпкердің банктік қарыз шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
-
кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының Кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
-
Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзу себебі бойынша алынатын;
-
лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
-
қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, Кәсіпкер үшін кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға міндеттеме қабылдайды.
-
Субсидиялау шартын:
1) Банк/Даму банкі/Лизингтік компания:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен үлгі жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінен ерекше шарттары бар жобалар бойынша хаттаманы алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жасайды;
2) Қаржы агенттігі:
Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан үлгі жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан ерекше шарттары бар жобалар бойынша субсидиялау шартын алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды.
-
Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 80-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде субсидиялау шартын уақтылы жасамаған жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігі мен Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін кідірту себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.
-
Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары ӨҮК шешіміне және/немесе Бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте Қаржы агенттігі Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін, Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны және Кәсіпкерді хабардар етеді.
-
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда, Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.
-
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі/Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені ӨҮК-ке шығарады.
-
Субсидиялау шарты оған Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания және Қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартына Қаржы агенттігі қол қойған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін.
-
Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталған жағдайда, субсидиялау шартына Кәсіпкер, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.
-
Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде төленеді.
-
Банк/Даму банкі Қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ Лизингтік компаниялар Қаржы агенттігімен келісім бойынша Банк – төлем агентін айқындайды, онда Лизингтік компания субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылында Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде Қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер Қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
-
Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен Банктегі/Даму банкіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін Қаржы агенттігі Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны электрондық пошта арқылы қаражат аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада Банктің/Даму банкінің/Лизингтік компанияның атауы, өңір, Кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.
-
Банк/Даму банкі/Банк – төлем агенті Қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банктің/Даму банкінің/Банк – төлем агентінің шоттағы қаражаттан жалпы ағымдағы қалдықтарды есептен шығаруға құқығы жоқ..
-
Кәсіпкер Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.
-
Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша Банк/Даму банкі/Банк – төлем агенті Кәсіпкердің кредиті/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін (негізгі борыш және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі өтеу шотына Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.
-
Кәсіпкер берешекті өтегенге дейін Банк/Даму банкі/Банк – төлем агенті сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін Қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүргізбейді және:
1) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания алдында кредит/лизинг бойынша төлемді, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша төлемді уақтылы өтемеген;
2) Кәсіпкер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамаған;
3) Кәсіпкер Лизингтік компания/ Банк алдында лизингтік төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамаған жағдайларда, бұл туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
-
Кредит бойынша Банктер, Даму банкі ай сайын/лизингтік мәмілелер бойынша Лизингтік компаниялар, Банктер, Даму банкі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қаржы агенттігіне Субсидиялау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
-
Қаржы агенттігі Банктен/Даму банкінен/Лизингтік компаниядан субсидиялау туралы есепті алғаннан кейін сыйақы мен Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға төленген қаражаттың есептерін тексеруді жүзеге асырады.
-
Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне/Уәкілетті органға Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.
-
Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, ӨҮК хаттамасына сәйкес қаржы агенті Банк/Даму банкі/Лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең берілген/мерзімі кейінге қалдырылған Кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Бұл ретте, жеңілдікті кезең/ кейінге қалдыру мерзімі ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
-
Егер Банк/Даму банкі/Лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарын (сыйақы мөлшерлемесі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең /мерзімін кейінге қалдыру, өтеу мерзімі, Кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгерткен жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады, күн тәртібінің мәселелерін қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды, бұл туралы ӨҮК мүшелерінің бәрін хабардар етеді. Талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырыс өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен (Субсидиялау қағидаларына 4-қосымша) ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада анық көрсетілуге тиіс.
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмеге қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін/ӨҮК хаттамасынан үзінді көшірмені Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға, Қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
Қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде Қаржы агенттігін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).
Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетілуге тиіс.
-
Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, Банк/ Даму банкі/Лизингтік компания Кәсіпкер қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату туралы ақпаратты ӨҮК қарауына шығарады. Мұрагер(лер)дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда, субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі қайтадан ӨҮК қарауына шығарылады.
-
Бағдарлама шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері/Қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражатты кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға субсидия беруге пайдалануға болады.
8. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қалпына келтіру тәртібі
-
Субсидиялауды тоқтату және қайта қалпына келтіру туралы шешімді Қаржы агенттігінің өтінімдері (хабарламалары) негізінде ӨҮК қабылдайды.
-
Мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдалану;
2) Кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;
3) жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның талаптарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
4) Кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
5) Кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
6) Кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету фактілері белгіленген кезде Қаржы агенттігі Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, ал ӨҮК субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.
-
Субсидияларды төлеу тоқтатыла тұрған жағдайда, Қаржы агенттігі осындай шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны, Кәсіпкерді, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісін субсидиялаудың тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, хатпен хабардар етеді.
-
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі Қаржы агенттігінен Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұру туралы хатты алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде күн тәртібін әзірлейді және қалыптастырады, ӨҮК отырысы өткізілетін күнді, уақытты және өтетін орынды айқындайды, ол туралы барлық мүшелерді хабардар етеді.
-
ӨҮК өткізілетін отырыс шеңберінде мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) Қаржы агенттігі ұсынған ақпаратпен күн тәртібіне енгізілген мәселені қарайды;
2) субсидиялауды тоқтату немесе қалпына келтіру туралы шешім қабылдайды.
Бұл ретте, шешімде субсидиялауды тоқтатудың/қалпына келтірудің негіздемесі көрсетіледі.
-
Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұруға негіз болған себептерді ӨҮК отырысына дейін жойған жағдайда, ӨҮК субсидиялауды қалпына келтіру туралы оң шешім қабылдайды.
-
ӨҮК отырысының хаттамасы ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін Банкке/Даму банкіне/Лизингтік компанияға, Қаржы агенттігіне және Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне жібереді.
-
Субсидиялауды тоқтата тұрудың мынадай себептері кезінде кредит/лизинг бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге жол беріледі:
-
жобаның және/немесе Кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына және/немесе ӨҮК шешіміне сәйкес келмеуі;
-
Кәсіпкердің шоттарына тыйым салынуы;
-
Кәсіпкердің банктік қарыз шартына төлемдер кестесіне сәйкес Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай бойы орындамауы;
-
Кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдер кестесіне сәйкес Лизингтік компания/Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 2 (екі) және одан көп рет қатарынан орындамауы;
-
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, борышкерден лизинг нысанасын кері талап ету.
-
Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа кредитті мақсатсыз пайдаланған кезде, сондай-ақ Кәсіпкер субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмаған жағдайда кредит бойынша субсидиялауды қалпына келтіруге тыйым салынады.
-
Кәсіпкерді субсидиялауды қалпына келтіру туралы шешім қабылданған кезде Қаржы агенттігі тиісті хатпен Банкті/Даму банкін/Лизингтік компанияны және Кәсіпкерді субсидиялау төлемдерін қалпына келтіру туралы хабардар етеді.
Бір уақытта тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлеуді жүргізеді. Субсидиялау қағидаларының 103-тармағының 4) немесе
5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялауды тоқтата тұрған кезде Кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап, төленуі тиіс субсидияларды төлеуді жүргізеді.
-
Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде Қаржы агенттігі тиісті хатпен Кәсіпкерге, Банкке/Лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.
Субсидиялау қағидаларының 100-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы ӨҮК шешімі бар кредиттер/лизинг қалпына келтірілмейді.
-
Мынадай:
-
Кәсіпкер Банк/Лизингтік компания алдындағы банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитін толық өтеген. Кәсіпкердің Банкке/Лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады;
-
субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;
-
субсидиялау шарты Кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда, субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады.
-
Субсидиялау тоқтатылған жағдайда Банк/Лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша Кәсіпкерге субсидиялау шарты жасалғанға дейін бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде, сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) белгілеуге құқылы.
-
Кәсіпкер кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму банкі/Лизингтік компания кредит/лизинг бойынша негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтегені туралы Қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Сонымен бірге Кәсіпкер кредит/ лизинг бойынша негізгі борышты ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда Банк/Даму банкі/Лизингтік компания банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісім жасаған кезде Қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесінің өзгеруімен субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін жолдайды.
-
Кәсіпкердің кредиті/ лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, Кәсіпкер кредит/ лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстыру актісін Қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.
Бұл ретте, Банк/Даму банкі/Лизингтік компания салыстыру актісінде субсидияларды нақты есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал Қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.
-
Кәсіпкердің мақсатсыз пайдалану анықталған кредиті бойынша Банк/Даму банкі Қаржы агенттігіне кредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса құжаттарды ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |