Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет3/33
Дата21.03.2024
өлшемі0.51 Mb.
#496202
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
7сын 1 то

4-тоқсан

Практикалық программалау

Проблеманы қою

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Алгоритмді әзірлеу

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Алгоритмді программалау

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу;

Программаны тестілеу

7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу



Авторлар тарапынан оқулық бойынша ұсынылған
ұзақмерзімді жоспар


Бөлімдер

Сабақ №

Тақырыптар

Саны







1-тоқсан

8

Компьютерлік жад және
ақпараттың өлшем бірліктері

1

§ 1.1. Ақпараттың өлшем бірліктері

1

2

§ 1.2. Компьютерлік жад

1

3

§ 1.3. Файлдардың форматтары

1

4

§ 1.4. Файлдардың мөлшері. №1 БЖБ

1

Желі және қауіпсіздік

5

§ 2.1. Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

1

6

§ 2.2. Антивирустық қауіпсіздік

1

7

§ 2.3. Пайдаланушы интерфейсі

1

8

§ 2.4. Практикалық жұмыс.
I тоқсанның қорытындысы бойынша тест. № 2 БЖБ

1







2-тоқсан

8

Электрондық кесте арқылы есеп шығару

9

§ 3.1. Мәтіндік процессордағы кестелер

1

10

§ 3.2. Электрондық кестелер

1

11

§ 3.3. Электрондық кестенің элементтерін форматтау

1

12

§ 3.4. Деректер типтері

1

13

§ 3.5. Шартты форматтау

1

14

§ 3.6. Кестелік деректерді графикалық түрде ұсыну

1

15

§ 3.7. Процестерді электрондық кестеде модельдеу. № 3 БЖБ

1

16

II тоқсанның қорытындысы бойынша тест. № 1 ТЖБ

1







3-тоқсан

10

Python тіліндегі алгоритмдерді программалау

17

§ 4.1. Файлдармен жұмыс

1

18

§ 4.2. Файлдық функциялармен жұмыс

1

19-20

§ 4.3-4.4. Тармақталған алгоритмдерді программалау

2

21

§ 4.5. Кірістірілген шарттарды программалау

1

22

§ 4.6. Құрамды шарттарды программалау

1

23

§ 4.7. Практикалық жұмыс

1

24

§ 4.8. Таңдауды ұйымдастыру

1

25-26

§ 4.9-4.10. Практикалық жұмыс. № 4 БЖБ

1







4-тоқсан

8

Практикалық программалау

27

§ 5.1. Проблеманы қою

1

28

§ 5.2. Алгоритмді әзірлеу

1

29

§ 5.3. Алгоритмді программалау

1

30

§ 5.4. Практикалық жұмыс

1

31

§ 5.5. Программаны тестілеу

1

32-33

§ 5.6 - 5.7. Практикалық жұмыс. № 5 БЖБ

2

34

№ 2 ТЖБ

1



Бөлімі: 1 - бөлім.

«Компьютерлік жад және ақпараттың өлшем бірліктері»

Сыныбы:7 а,ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ақпараттың өлшем бірліктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.1.1 ақпараттың өлшем бірліктері, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқасына аударуды жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін: ақпараттың өлшем бірліктерін біледі.
Оқушыларың көбі үшін: бір өлшем бірлігінен екінші бірлікке ауыстыру жолдарын біледі.
Кейбір оқушылар үшін: ақпараттарды бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне ауыстырады.

Бағалау_Мұғалім_оқушыларды_«Жапондық_бағалау»_әдісі'>Бағалау критерийлері

Ақпараттың өлшем бірліктерін біледі.
Ақпараттарды бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне ауыстырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу.



  1. Гүлмен тілек тілеу” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айтуы арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

  2. Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Фигуралар көмегімен оқушылар 3 топқа бірігеді.
I - Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы




5 мин.


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.



  • Күнделікті тұрмыстағы өлшем бірліктерін қолданылуына қарай жіктеңдер, олардың маңыздылығын түсіндіріңдер.

  • Ақпараттың бір өлшем бірлігін келесі өлшем бірліктерге ауыстыруды қалай жүзеге асырамыз?

  • Ақпарат адам өмірінде қандай маңызды рөл атқарады?

  • Күнделікті өмірде жиі қолданатын қандай шамаларды атай аласыңдар? (масса, уақыт, ұзындық, т.б).

  • Шамаларды қандай өлшем бірліктерімен өлшейміз?

  • Ақпаратты не үшін өлшейміз?

Бағалау
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс, келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар»



Интерактивті тақта.



Сабақтың ортасы
26 мин.







Жаңа сабаққа кіріспе
Оқулықпен жұмыс істеу
«ДЖИГСО» әдісі
(Т). Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады.



Білу:

  • Ақпараттың ең кіші бөлігі қалай аталады?

  • «Деректер жіберу жылдамдығы» дегеніміз не?

  • Хабардың ақпараттық көлемі деп нені айтамыз?

  • Ақпарат тасымалдаушылардың сыйымдылығының маңызы неде?

Түсіну:

  • Ақпаратты бір өлшем бірлігінен екінші өлшем бірлігіне өткізу ретін айтып бер.


Дескриптор:
- Берілген мәтінді оқиды.
- Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
Білу, түсіну сұрақтарына жауап береді.
- Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.











(Д) Қолдану
Оқулықта берілген үлгі бойынша есептерді талдаймыз. Талдаудан кейін тапсырмада көрсетілген есептерді оқушылардың өздеріне орындауға береміз.



Кітапта 300 бет және әр бетте 60 символдан тұратын 45 қатар бар.
Осы кітаптың көлемін Кб және Мб өлшемдерге ауыстырыңдар
(1 символ = 1 байт).
Дескриптор:

  • Берілген есепті талдайды.

  • Оқулық бетіндегі ақпараттың мөлшерін символдардың көбейту амалын қолданып табады.

  • Жалпы көлемін байт өлшемімен тауып алғаннан кейін, оны 1024­ке бөлу арқылы тисті өлшем бірліктеріне ауыстырады.

Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар»



7-сынып оқулығы.
Компьютер.





(Ж) Практикалық жұмыс орындау
Компьютердегі дискіні ашып, сыйымдылықтарының өлшем бірліктерін анықтаңдар.
Анықталған мәліметтерді жұмыс дәптеріне түсіріңдер.

(Ж) Практикалық жұмыс орындау
1. Компьютердегі дискіні ашып, сыйымдылықтарының өлшем бірліктерін анықтаңдар.
Анықталған мәліметтерді жұмыс дәптеріне түсіріңдер.
2. Компьютерде орналасқан әртүрлі типтердегі файлдардың өлшемдерін файлдың қасиеттеріне қарап анықтау.

Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар



Информатика
7-сынып оқулығы.
Компьютер.






(Ж)
1 тапсырма*
3 Гбайт = ?
Мбайт = ?
Кбайт = ? байт;
? Гбайт = 7168 Мбайт =? Кбайт;
1,5 Кбайт = ? байт = ? бит
? Мбайт = ? Кбайт = ? байт

Дескриптор:

  • Есепті дұрыс шығарады.




Бағалау Жұптағы оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар.

Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы
7 мин
Рефлексия


Сабақты бекіту
«Еркін микрофон» әдісі
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

  • Ақпаратты өлшеудің қандай маңызы бар?

  • Бір өлшем бірлігінен екіншісіне ауыстыруда қандай қиыншылықтар кездесті?

  • Мәтіндік ақпараттардың көлемін анықтап, өлшем бірліктеріне айналдыруда түсінбегендеріңді айт.

  • Ақпаратты жеткізу жылдамдығын есептеуде өлшем бірліктерін білу қаншалықты маңызды?

Бағалау Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».







Үй тапсырмасы:

  1. 6 Мб ақпаратты байт, Кбайтта өрнектеңдер.

  2. Кітаптағы 110 Мб ақпаратты «Информатика» сөзінің нешеуімен ауыстыруға болады?

  3. Толық аты-жөндерің қанша бит, қанша байт болатынын есептеп табыңдар.

  4. 1 Гбайт ақпарат желіде 512 секундта тасымалданса, онда ақпаратты жеткізу жылдамдығын табыңдар.

600 беттік кітаптың әр бетінде 36 қатар 64 символ бар. Осы кітаптағы ақпаратты 64 Кб жылдамдықпен қанша уақытта тасымалдау мүмкін?

ҚМЖ-ға ҚОСЫМША
Қысқамерзімді жоспар сабақтың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін оқушылардың жас ерекшелігі, оқу мақсаты ескеріле отырып, сараланып жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында дербес (жеке-дара), жұппен, топпен жұмыс жасалады. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңіне жоспарланды. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды», «Диалог және қолдау көрсету», «Бағалау», «Тапсырма», «Қарқын» тәсілдері қолданылады. Бұл сабақтағы барлық тапсырмада оқушылар бірдей тапсырма орындағанымен, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап, соңғы шешімін беріп отырады. Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі. Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әдістерімен бағаланып отырады. Тапсырманы қандай деңгейде орындағанын, сабаққа қатысу белсенділігін көрсетеді. Бағалау оқушының іс-әрекетінің жақсаруына оң ықпалын тигізеді. Бұл саралаудың «Бағалау» тәсілі. Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау, бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланды. Бұл саралаудың «Тапсырма» тәсілі. Сонымен қатар жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушының білім дағдысына, деңгейіне қарай қарқыны жылдам және баяу оқушылар кездесуі әбден мүмкін деген болжаммен оқулықта қосымша тапсырмалар беру жоспарланды. Бұл саралаудың «Қарқын» тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет