Блум таксономиясы бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау)



Дата29.12.2023
өлшемі32.22 Kb.
#488322
емтихан Тігін бұйымдарының метрологиясы


«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі
п.ғ.к М.С.Кургамбеков
________________
Хаттама №____
«__» _______2023 ж


Блум таксономиясы бойынша (білу, түсіну, қолдану, талдау)

«Тігін бұйымдарының метрологиясы, стандартталуы және сертификатталуы» пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. деңгейі

  1. Жеңіл өнеркәсіптің мән мағынасына сипаттама беріңіз

  2. Жеңіл өнеркәсіп құрамына кіретін салаларды атаңыз және оларға сипаттама беріңіз

  3. Жеңіл өнеркәсіпті дәстүрлі сала деп атайды. Қысқаша түсініктеме беріңіз.

  4. «Өндіріс» ұғымының мән- мағынасына және өндірістің мазмұнына сипаттама беріңіз.

  5. Ағынды өндірістің негізгі ерекшеліктерін айқындаңыз.

  6. Өндірісті ұйымдастыру нысаны бойынша ағындардың сипаттамасын беріңіз.

  7. Агрегаттық ағындардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне сипаттама беріңіз.

  8. Топтық ағындардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне сипаттама беріңіз.

  9. Конвейер ағындарының артықшылықтары мен кемшіліктеріне сипаттама беріңіз.

  10. Еңбек заттарын тасымалдау құралдарына сипаттама беріңіз.

  11. Жұмысшыларды отырғызу әдісіне сипаттама беріңіз.

  1. Зерттеудідің теориялық әдістерінің мақсат мен мазмұнын ажыратып, әрқайсынына қысқаша сипаттама беріңіз.

  2. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдістерінің мазмұнын сипаттаңыз.

  3. Зерттеу ізденісінің шарттары мен зерттеу көзі деген түсініктерді сипаттаңыз.

  4. «Зерттеу логикасы» ұғымының мәнін ашып, түсіндіріңіз.

  5. Зерттеу жұмысының кіріспесі мен қорытынды бөлімдеріне сипаттама беріңіз.

  6. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындаңыз.

  7. Дипломдық зерттеу жұмысының проблемасы мен тақырыбын анықталуын сипаттаңыз.

  8. Зерттеу жұмысының оъектісі мен пәнін ажыратып, сипаттама беріңіз.

  9. Дипломдық жобаңыздың зерттеу мақсаты мен міндеттерін сипаттаңыз.

  10. Зерттеу жұмысының идеясы мен болжамын айқындаңыз.

  11. Ғылыми зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы ұғымын аша отырып, өз жұмысыңыздың маңыздылығын сипаттаңыз.

  12. Дипломдық жобаңыздың құрылымына қысқаша сипаттама беріңіз.

  13. Дипломдық жобаның теориялық бөлімінің құрылымын сипаттаңыз.

  14. Конструкторлық бөлімнің мазмұны мен жұмысыңыздың ерекшілігін сипаттаңыз.

  15. Дипломдық жобаңыздың технологиялық бөлімінің ерекшелігін айқындаңыз.

  16. Академиялық адалдық ұғымына сипаттама беріңіз және зерттеу жұмысындағы маңыздылығын сиапттаңыз .

  17. Зерттеу жұмысын рәсімдеудің талаптарына сипаттама беріңіз .

  1. деңгейі

  1. Өндірісті ұйымдастырудың ағынды формасының артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап талдау жасаңыз.

  2. Өнімнің жаңа түрлерін дайындауға және игеруге жұмсалатын шығыстарға талдау жасаңыз.

  1. Зерттеу жұмысыңыздың категориялық аппаратына талдау жасап, мысал келтіріңіз.

  2. Зерттеу жұмысыңызда қолданылған зерттеу әдістерінің жіктемесін келтіріңіз

  3. Таңдаған зерттеудің теориялық әдістеріне және олар арқылы алынған нәтижелерге талдау жасаңыз.

  4. Зерттеу жұмысыңыздың ғылыми жаңалығына талдау жасаңыз.

  5. Дипомдық зерттеу жұмысыныңыздың өзектілігін дәйектерін келтіре отырып дәлелдеңіз.

  6. Зерттеу тақырыбы бойынша қандай пікірлер мен тұжырымдарға талдау жасадыңыз. Мысал келтіріңіз.

  7. Сән индустриясы мен ғылымның байланысын айқындап мысал келтіріңіз.

  8. Дәйексөздерге тиым салынған ұсыныстарды талдаңыз.

  9. Дәйектерді ресімдеудің үлгісін көрсетіңіз.

  10. Дәйексөздерді қолдану барысында ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңында мәліметтерді басшылыққа ала отырып, жұмысыңызда қолданылуын көрсетіңіз.

  11. Дипломдық жобаны жазу барысында басшылыққа алған талаптарға талдау жасаңыз.

  12. Дипломдық жобаны жазу бойынша ережелерді сақтау қажеттілігін дәлелдеңіз.

  13. Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттеріне талдау жасаңыз.

  14. Дипломдық жобада суреттер мен сызбалардың міндеттері мен қызметін дәлелдеңіз.

  15. Зерттеу жұмысында модельдің техникалық суреттерін сыртқы түрінің сипаттамасының ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

  16. Ғылыми нәтижелердi талдау және жобаны жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдаңыз.

  17. Зерттеу жұмысында озат техника-технологиялық тәжірибені әдісін қолданылауына талдау жасаңыз.

  18. Зерттеудiң маңыздылығын, өзектілігін анықтау үшін деректер көзіне талдау жасаңыз.

  19. Техникалық суретті орындау барысында практикалық тәсілдердің қолданылуын көрсетіңіз.

  20. Конфекциондық картаны толтыру барысында пәндік білімдерді қолданылуын көрсетіңіз.

  21. Зерттеудiң жалпы және аралық мақсаттарын, міндетін анықтау барысында әдістерді ұсынып, дәлелдеңіз.

  22. Зерттелетiн тақырып бойынша қандай ұқсас жұмыстарды талдадыңыз.Мысал келтіріп, дәлелдеңіз.

  23. Қалай ойлайсыз теориялық зерттеу әдiстерiне келесі:талдау, синтез, үлгілеу, салыстыру, жіктеу әдістері қолданылады ма? Қолданылса логикалық тұрғыда дәлелдеңіз.

  24. Теориялық бөлімді зерттеу кезінде талдау жұмыстарының орындау жолдарын көрсетіңіз.

  25. Теориялық бөлімді зерттеу барысында жұмыстың маңыздылығын көрсету үшін фактілерді анықтаңыз.

  26. Зерттеу жұмыстың практикалық маңыздылығына әсер ететің факторларына талдау жасаңыз.

  27. Нобай жоспарын әзірлеу барысында шығармашылық шабыт көздерін анықтаңыз.

  1. деңгейі

  1. Зерттеу тақырыбын таңдау алгоритмін құрастырыңыз.

  2. Мамандығыңызға байланысты сауалнама құрастыру әдісін мысал келтіре отырып талдаңыз.

  3. Мамандығыңызға байланысты сұрақ және әңгімелесу әдістеріне мысал келтіре отырып, талдау жасаңыз.

  4. Студенттердің ғылымға қызығушылығын арттыру үшін қандай шаралар қарастырылған және олардың тиімділігін талдаңыз.

  5. Ғылыми мәліметтерді іздестіру бағыттарын және өңдеу жұмыстарын түсіндіріңіз.

  6. Таңдаған зерттеудің теориялық әдістеріне және олар арқылы алынған нәтижелерге талдау жасаңыз.

  7. Педагогтарды ғылыми-зерттеу әрекетіне даярлау теорияларына шолу жасаңыз.

  8. Зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені анықтау.Зерттеу әрекетіне даярлықтың көрсеткіштерін негіздеңіз.

  9. Білім алушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін отандық тәжірибемен салыстырыңыз

  10. Қазақстанда ғылымтану саласының даму үдерісін баяндаңыз.

  11. Республикада этнопедагогикалық зерттеудің әдіснамасының зерттелуін түсіндіріңіз.

  12. Тарихи және салыстырмалы әдістерге талдау жасаңыз.

  13. Зерттеу тақырыбының зерттелу мен ғылыми пысықталу деңгейін

түсіндіріңіз.

  1. Тақырыптың өзектілігін сипаттағанда қандай негізгі жағдайларға

сүйену керектігін түсіндіріңіз.

  1. Диплом жобаның болжамы, зерттеу әдістері мен практикалық маңыздылығының ерекшеліктерін анықтаңыз.

  2. Белгілі бір тақырып бойынша әдебиеттер мен басқа дереккөздерді сыни талдау қажеттілігін дәлелдеңіз.

  3. Диплом жобаның зерттеу тақырыбына байланысты аннотациясын құрастырыңыз.

  4. Ғылыми әдебиеттерге кезеңдері бойынша: анықтау, талдау, жинақтау картотекасын құрастырыңыз.

  5. Диплом жобаның ғылыми аппаратын блок-схема арқылы құрастырыңыз.

  6. Ғылыми нәтижелердi талдау және жобаны жақсарту бойынша ұсыныстарды тұжырымдаңыз.

  7. Диплом жобасын рәсімдеу жұмыстарына талдау жасаңыз.

  8. Диплом жобаның құрылымына талдау жасаңыз.

  9. Диплом жобасына қойылатын талаптарының ерекшелігін түсіндіріңіз.

  10. Диплом жобасын рәсімдеу ерекшелігін кесте арқылы құрастырыңыз

  11. Диплом жобасының зерттеу бағытын айқындаудағы негізгі мақсат, міндеттерді түсіндіріңіз.

  12. Зерттеу тақырыбын таңдаудағы мақсатыңыз және ұстанатын принциптеріңізді түсіндіріңіз.

  13. Диплом жобасын зерттеу барысында сілтемелердің маңыздылығын түсіндіріңіз.

  14. Зерттеу жұмысының қорытындысы бөліміне мазмұндық сипаттама беріңіз.

  15. Диплом жобаның техника-технологиялық бөлімін сипаттаңыз.

  16. Диплом жобаның қорытынды және жалпы қорытынды бөлімдеріне сипаттама беріңіз.




Құрастырушы: аға оқытушы, PhD К.Б. Касенова


Оқу-әдістемелік секция отырысында қарастырылды


Хаттама №________ «____» ____________2023 ж



Кафедраның оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты ____________Г.Б.Кемалова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет