*Ішкі аурулар. *Гематология. *1*16*2*
#673
*!Төменде көрсетілген диагностикалық критерийлердің ішінде қайсысы темір тапшылықты анемияның (ТТА) негізгі болып табылады?
*гиперхромия
*нормохромия
*гиперпротеинемия
*+ферритин деңгейінің төмендеуі
*ферритин деңгейінің жоғарлауы
#674
*!Төменде көрсетілген себептердің ішінде қайсысы теміртапшылықты анемияның дамуында негізгі болып табылады?
*ішек құрттар
*артық салмақ
*+геморрой
*маскүнемдік
*темекі шегу
#675
*!Терінің құрғауымен, тырнақтың сыңғыштығымен, шаштардың түсуі мен ерте ағаруымен, дәмнің және иістің бұрмалауымен жүретін синдром?
*геморрагиялық
*гиперпластикалық
*интоксикациялық
*+сидеропениялық
*циркуляторлы-гипоксиялық
#676
*!АҚҚ көтерілуі, эритромелалгия, «қоян көздер» симптомы қандай синдромға тән?
*диссеминерленген тамырішілік синдромға
*анемиялық
*+плеторалық
*геморрагиялық
*гиперпластикалық
#677
*!Фуникулярлы миелоздың қандай анемия кезінде дамуы ең ықтимал?
*талассемиялар
*гемолитикалық
*+В12-тапшылықты
*гипопластикалық
*теміртапшылықты
#678
*!Темірдің латентті тапшылығы бар науқастар жылына қанша рет диспансерлік бақылауда болады?
*4 рет
*3 рет
*2 рет
*+1 рет
*диспансеризацияға алынбайды
#679
*!Темірдің саны ең көп болатын тағам қандай?
*балық
*бауыр
*көкнәр
*грек жаңғағы
*+ет (бұзау еті)
#680
*!Төменде көрсетілген критерийлердің ішінде қайсысы апластикалық анемияға ең тән?
*панцитоз
*бластемия
*гемосидероз
*эозинофилия
*+панцитопения
#681
*!L-аспаргиназа қандай төменде көрсетілген цитостатиктер тобына кіреді?
*+фермент
*антракиноин
*антиметаболик
*глюкокортикоид
*ісікке қарсы антибиотик
#682
*!Сүйек кемігінің плазматикалық инфильтрациясы қандай ауруға ең тән?
*жедел лейкоз
*+миеломды ауру
*апластикалық анемиялар
*созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
#683
*!Жедел лейкозды нақтылап дигнозды қою үшін бластты клеткалардың деңгейі қандай болуы керек?
*5%
*10%
*15%
*+30%
*50%
#684
*!Гемограммада «лейкемиялық үңгірдің» анықталуы қандай ауруға ең тән?
*эритремия
*+жедел лейкоз
*миеломды ауруы
*созылмалы лейкоз
*апластикалық анемия
#685
*!Қандай критерий арқылы В12-тапшылықты анемияны фолийтапшылықты анемиядан ажыратады?
*сарғаю
*геморрагиялық
*+неврологиялық
*гастроэнтерологиялық
*циркуляторлы-гипоксиялық
#686
*!Төменде аталған симптомдардың ішінде қайсысы сидеропениялық синдромға ең тән?
*құлақтағы шуыл
*жүрек қағуы
*телеангиоэктазиялар
*+терінің құрғауы және тырнақ бетінде көлденең сызықтар
*терінің ылғалды болуы және тырнақ бетінде көлденең сызықтар
#687
*!Қандай ауруға плеторалық синдром ең тән?
*+эритремияға
*миеломды ауруға
*апластикалық анемияға
*созылмалы миелолейкозға
*созылмалы лимфолейкозға
#688
*!Теміртапшылықты анемияға тән Нв (г/л) деңгейі және түстік көрсеткіш саны қандай?
*140 және 1,0
*+110 және 0,8
*100 және 1,2
*90 және 1,1
*120 және 0,9
*Ішкі аурулар. Гематология. Ревматология. *2*29*3*
#689
*!Қандай ауру кезінде қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв – 78 г/л, ЦП- 0,8, лейк-4,0 мың, тромб-200 мың?
*гемолитикалық анемия
*В12-тапшылықты анемия
*гипопластикалық анемия
*+теміртапшылықты анемия
*сидероахрестикалық
#690
*!Әйел 28жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымданады. Қарағанда: тері және көзге көрінетін шырыштар бозарған, тырнақтарда көлденең сызықтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритр - 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, СОЭ-15 мм/сағ, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз++. Миелограммада сидеробласттар-12%. Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л.
Сіздің ең тән диагнозыңыз қандай?
*В12-тапшылықты анемия
*гипопластикалық анемия
*+теміртапшылықты анемия
*орақжасушалы анемия
*аутоиммунды гемолитикалық анемия
#691
*!Әйел 25 жаста, есептегі дәрігерге ентігуге, жүрек қағуына, бас айналуына, құлақтың шуылдауына, тәбеттің бұрмалауына (борды, ұнды жейді), тәбеттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданып келді. 2 жылдай ауырады, соңғы 1,5 жылда гиперполименоррея. Қарағанда: арық, тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары боз, тырнақтары деформацияланған, ішке қарай майысқан. Өкпе және жүрек – айырмашылығы жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв-72 г/л, ЦП-0,7, лейк- 4.0мың, ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз++, пойкилоцитоз+.
Диагнозды дәлелдеу үшін зерттеу әдістің қайсысы ең ақпаратты болады?
*Хем сынамасы
*Кумбс сынамасы
*иммунограмма
*қанның протеинограммасы
*+сарысулық темірге қан
#692
*!Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.
Қандай диагноз ең ықтимал?
*вирусты гепатит
*гемолитикалық анемия
*+В12-жетіспеушілік анемия
*гипопластикалық анемия
*темір жетіспеушілік анемия
#693
*!Плеторалық синдромға ең тән симптом қандай?
*миалгия
*артралгия
*тершендік
*«көк шел (көздің ағы)» симптом
*+«қоян көз» симптомы
#694
*!Ер кісі 45 жаста әлсіздікке, тершендікке, арықтауға, сол жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: тері жамылғылар боз, ылғалды. Лимфотүйіндер ұлғаймаған. Бауыр қабырға астынан 3 см сыртқа шығып тұр, көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз және ауру сезімі байқалмайды. Қан анализінде: эр - 3,0млн, лейк.-96 мың., миелобласттар- 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттер-8%, таяқ.-12%, сегм-52%, эоз.-5%, базоф.-5%, лимф.-12%, тр-200 мың ЭТЖ-60 мм/сағ.
Ең ықтимал болатын диагноз қандай?
*эритремия
*созылмалы лимфолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
*жедел миелобластты лейкоз
*миелоидты типті лейкемоидтік реакция
#695
*!Ер кісі 53 жаста, мал дәрігері, айқын спленомегалиямен түсті. ЖҚА: эр. 3,2 х1012 /л, Нв – 98 г/л, лейк.- 120 х109 /л, промиелоциттер – 12%, миелоциттер – 10%, п/я-12%, с/я-32%, лимф.-19%, баз.-7%, эоз.-8%, ЭТЖ-42 мм/ч. Реакция Райта және Хеддельсона- теріс. Қандай диагноз ең ықтимал?
*эритремия
*жедел лейкоз
*созылмалы бруцеллез
*созылмалы лимфолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
#696
*!Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері.
Төменде аталған болжамалы диагноздардың ішінде ең ықтимал қандай?
*жедел лейкоз
*лимфосаркома
*лимфогранулематоз
*созылмалы миелолейкоз
*+созылмалы лимфолейкоз
#697
*!Ер адам 30 жаста, мұрыннан, қызыл иектерінен қан кету, айқын әлсіздік, ентігу деген шағымдармен клиникаға түсті. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, бүкіл денесінде көгергендер (синячки) бар. Шеткі лимфотүйіндер ұлғаймаған. Жүрек тондары тұйықталған, барлық тындау нүктелерде систолалық шуыл. ЖЖЖ-100 рет минутына. АҚҚ-100/70 мм с.б.б. басқа мүшелерде өзгеріссіз. Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ЦП-0,9, лейк.-1,5мың, тр-50 мың. Трепанобиопсия жасағанда – майлы сүйек кемігі көбірек.
Қандай диагноз ең ықтимал?
*жедел лейкоз
*гемолитикалық анемия
*В12-тапшылықты анемия
*теміртапшылықты анемия
*+гипопластикалық анемия
#698
*!Әйелде 55 жаста лимфа түйіндердің және көкбауырдың ұлғаюы анықталды, гемограммада лейкоцитоз лимфоцитозбен.
Жоғарыда аталған өзгерістер қандай ауруға ең тән?
*эритремия
*жедел лейкоз
*лимфогрануломатоз
*созылмалы миелолейкоз
*+созылмалы лимфолейкоз
#699
*!Қандай анемия кезінде гиперхромия және мегалобластты қан түзу болады?
*гемолитикалық
*+В12-тапшылықты
*гипопластикалық
*теміртапшылықты
*сидероахрестикалық
#700
*!Гипопластикалық анемияға миелограмманың қандай көрінісі ең тән?
*3 өсінді гиперплазия
*+сүйек кемігінің бос болуы
*мегакариоцитарлы өсіндінің тежелуі
*сидеробласттар санның азаюы
*мегалобласттық типті қан түзілуі
#701
*!Ер бала, 18 жаста жоғары қызба, геморрагиялық және анемиялық синдром. Гемограммада 40 % бласттар. Қандай диагноз ең ықтимал?
*агранулоцитоз
*+жедел лейкоз
*апластикалық анемия
*созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
#702
*!Фолийтапшылықты анемияға гемограммадағы өзгерістердің ішінде қайсысы ең тән?
*гипохромия
*анизоцитоз
*микроцитоз
*нормохромия
*+гиперхромия
#703
*!Төменде аталған аурулардың ішінде қайсысына бластты криздер болуы ең ықтимал?
*эритремия
*миеломды ауру
*апластикалық анемия
*созылмалы лимфолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
#704
*!Қыз бала 18 жаста гемограммада: панцитопения және жоғары бластоз. Миелопероксидазаға реакциясы «теріс». Қандай диагноз ең ықтимал?
*жедел миелолейкоз
*апластикалық анемия
*+жедел лимфолейкоз
*созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
#705
*!Ер адам, 68 жаста әлсіздікке, тершендікке, 2 жылда 10 кг жүдеуіне шағымданады. Бауыр, көкбауыр және барлық лимфотүйіндер ұлғайған. Қан анализінде: Нв-85г/л, Эр-3,0млн, лейк. – 135,0мың., п-3%, лимф. – 96%, мон.-1%, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы билирубин – 45 мкмоль/л, тікелей – 11 мкмоль/л. Сарысулық темір – 28 мкмоль/л, Кумбс сынамасы оң.
Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
*миелофиброз
*жедел лейкоз
*миеломды ауру
*созылмалы миелолейкоз
*+созылмалы лимфолейкоз
#706
*!«Кіржуу тақтай» типті тырнақтардың өзгеруі қандай анемияға ең тән?
*гемолитикалық
*В12-тапшылықты
*гипопластикалық
*+теміртапшылықты
*сидероахрестикалық
#707
*!Қанның қандай ауруында сүйек рентгенографиялық зерттеуде остеодеструкция ошақтар анықталады?
*эритремияда
*жедел лейкозда
*+миеломды ауруында
*созылмалы миелолейкозда
*созылмалы лимфолейкозда
#708
*!Жедел лейкоз кезінде лейкоздық инфильтраттар қандай мүшелерде ең жиі анықталады?
*бауырда
*өкпеде
*+лимфотүйіндерде
*қалқанша безінде
*ұйқы безінде
#709
*!Ер бала, 19 жаста лимфоаденопатия мен айқын әлсіздікпен келді. Канның анализінде: эр-2,5 х1012/л, Нв-79г/л, лейк.6,1х109/л, бласттар -85%, тромбоциттер – 100 х109 /л. Миелопероксидазаға және липидтерге цитохимиясы – теріс. Шик-реакциясы – гранулалар ретінде оң. Иммунофенотиптеу кезінде: маркерлер CD10+, CD19+, cIg-, sIg-. Ең ықтимал диагноз?
*эритремия
*миеломды ауру
*лимфогранулематоз
*жедел миелобластты лейкоз
*+жедел лимфобластты лейкоз
#710
*!Ер кісі 58 жаста, иық сүйегінің сынықпен емханаға келді. Зерттегенде: ЭТЖ-55 мм/сағ, гиперпротеинемия, миелограммада – плазмоциттер 30%.
Төменде көрсетілген диагноздардың ішінде Ең ықтимал?
*жедел лейкоз
*Верльгоф ауруы
*+миеломды ауру
*созылмалы миелолейкоз
*созылмалы лимфолейкоз
#711
*!Пациент А., 28 жаста, стоматит бойынша 3 апта емделген, бірақ нәтижесі болмаған, әлсіздік пен тершендік одан әрі үдеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 38,0 С, терілік жамылғылар боз, ылғалды. Қызыл иектер гиперплазиясы, ойық-некротикалық стоматит. Жақ асты лимфотүйіндер ұлғайған, ауру сезімсіз. Қанда: эр.-3,0 млн, Нв – 95 г/л, ЦП 0,9, лейк. – 14,5мың, бласттар -32%, таяқша ядролы.-1%, сегм.-39%, лимф.-20%, мон.-8%, тр- - 90 мың, ЭТЖ-24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакциясы - оң түйіршіктер ретінде. 3 күннен кейін бас ауруы, лоқсу, құсу, аяқтардың парезі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
*Жедел монобластты лейкоз
*Жедел миелобластты лейкоз
*+Жедел лимфобластты лейкоз
*Жедел промиелоцитарлы лейкоз
*Жедел дифференцацияланбаған лейкоз
#712
*!Қандай ауруға тән осы гемограмма: гранулоцитарлы лейкоцитоз, базофилді-эозинофилді ассоциация, нейтрофилдерде 10 бірліктен аз сілтілі фосфатазаның төмендеуі?
*жедел лейкоз
*миеломды ауруы
*апластикалық анемия
*созылмалы лимфолейкоз
*+созылмалы миелолейкоз
#713
Достарыңызбен бөлісу: |