БҚО, Орал қаласы жергілікті уақытпен 10 сағат 30 минут Ж. Молдағалиев көшесі, №19 үй, №105 кабинет 2015 жылғы 20 ақпан



Дата29.02.2016
өлшемі69.43 Kb.
#34326
Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы хаттама

БҚО, Орал қаласы жергілікті уақытпен 10 сағат 30 минут

Ж.Молдағалиев көшесі, №19 үй, №105 кабинет 2015 жылғы 20 ақпан

1.Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: комиссия төрағасы Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а., комиссия төрағасының орынбасары Мұхамбетов Мұрат Құсманұлы – Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің басшысы, комиссия мүшелері: Сұлтан Айбек Абатұлы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, Құлжанов Данияр Дүкенбайұлы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы, Рысқалиева Галина Сагидоллақызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы Супығалиева Әсел Ахметқызы - Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы әкімшілік-ұйымдастыру бөлімінің бас маман-заңгері әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға берілген өтінімдерді қарады.

2. Әрбір лот бойынша жеке сатып алу үшін теңгемен бөлінген сома:

№1 Лот «Әлеуметтік желідегі жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» - 1 785 714 (Бір миллион жеті жүз сексен бес мың жеті жүз он төрт) теңге, 29 тиын;

№2Лот «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қиын жасөспірімдермен жұмыс жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» - 1 785 714 (Бір миллион жеті жүз сексен бес мың жеті жүз он төрт) теңге, 29 тиын;

№ 3 «Жастар еңбек, құрылыс және педагогикалық жасақтарының жұмысын ұйымдастыру» - 3 571 428 (Үш миллион бес жүз жетпіс бір мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге, 57 тиын;

№ 4 «Облыста жастар ассамблеясын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу» - 1 339 285 (Бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге, 71 тиын;

№ 5 «Өрле, Қазақстан!» жастар ақпараттық үгіт-насихат топтарының қызметін ұйымдастыру» - 2 232 142 (Екі миллион екі жүз отыз екі мың жүз қырық екі) теңге, 86 тиын;

№ 6 «Халықаралық, республикалық және облыс ішіндегі шараларға жастар делегацияларының қатысуын ұйымдастыру» - 2 767 857 (Екі миллион жеті жүз алпыс жеті мың сегіз жүз елу жеті) теңге, 14 тиын;

№ 7 «Жыл үздігі - 2015» жастар сыйлығы» - 1 785 714 (Бір миллион жеті жүз сексен бес мың жеті жүз он төрт) теңге, 29 тиын;

№ 8 «Облыстағы волонтерлер қозғалысын ұйымдастыру және дамыту» - 892 857 (Сегіз жүз тоқсан екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге, 14 тиын;

№ 9 «Отбасы құндылықтарын сақтау бойынша шаралар ұйымдастыру және облыстық «Толағай» сайысын өткізу» - 892 857 (Сегіз жүз тоқсан екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге, 14 тиын;

№ 10 «Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» -892 857 (Сегіз жүз тоқсан екі мың сегіз жүз елу жеті) теңге, 14 тиын;

№ 11 «Жастардың рухани әлеуетін дамыту және діни сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу» - 446 428 (Төрт жүз қырық алты мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге, 57 тиын;

3. Мынадай өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілді:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры,

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік Қоры,

«Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» Корпоративтік Қоры,

«Болашақ жастардікі» Облыстық жастар қоғамдық қоры,

«Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі.

4. Конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткеннен кейін берілуіне байланысты бағалауға және салыстыруға қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттері: болған жоқ.

5. Конкурстық комиссияның отырысына қатысуға конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу үшін соңғы уақыт өткенге дейін оларды берген конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры,

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік Қоры,

«Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» Корпоративтік Қоры,

«Болашақ жастардікі» Облыстық жастар қоғамдық қоры,

«Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі,

«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ашылды және конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезінде барлық қатысушыларға жарияланған мыналарды қамтиды:

«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры:

№1 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 705 540 (бір миллион жеті жүз бес мың бес жүз қырық) теңге;

№4 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 314 650 (бір миллион үш жүз он төрт мың алты жүз елу) теңге;

№8 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 854 770 (сегіз жүз елу төрт жеті жүз жетпіс мың) теңге;



«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік Қоры:

№7 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 780 000 (бір миллион жеті жүз сексен мың) теңге;



«Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» Корпоративтік Қоры;

№2 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 514 700 (бір миллион бес жүз он төрт мың жеті жүз) теңге;



«Болашақ жастардікі» Облыстық жастар қоғамдық қоры:

№1 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 785 400 (бір миллион жеті жүз сексен бес мың төрт жүз) теңге;



«Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі:

№5 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 2 230 000 (екі миллион екі жүз отыз мың) теңге;

№7 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 1 785 000 (бір миллион жеті жүз сексен бес мың) теңге;

№10 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 890 000 (сегіз жүз тоқсан мың) теңге;



«Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі:

№6 лотқа бағалар кестесі мен шығындар сметасы – 2 767 000 (екі миллион жеті жүз алпыс жеті мың) теңге;

6. Мыналардың конкурстық баға ұсыныстары қабылданбады: болған жоқ.

Конкурстық комиссия бағалау және салыстыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

6.1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдері жеңімпаз болып танылсын:

1 лот бойынша – Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры (ҚР, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиева көш., 19 үй, каб.305, 8 7112 519265);

2 лот бойынша – «Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» Корпоративтік Қоры (ҚР, БҚО, Орал қ., Қаратөбе көш., 28 үй, каб.1, 8 707 626 04 07);

4 лот бойынша - Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры (ҚР, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиева көш., 19 үй, каб.305, 8 7112 519265);

5 лот бойынша - «Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі (ҚР, БҚО, Достық-Дружба д., 188, 8 7112 25 08 00);

6 лот бойынша - «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі (ҚР, БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көш., 53 үй, 47 пәт., 8 7112 305277);

7 лот бойынша- Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік Қоры (ҚР, БҚО, Орал қ., Жәңгірхан көш., 51 үй, каб.201, 8 7112 516139);

8 лот бойынша- Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры (ҚР, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиева көш., 19 үй, каб.305, 8 7112 519265);

10 лот бойынша - «Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі (ҚР, БҚО, Достық-Дружба д., 188, 8 7112 25 08 00);



6.2. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсының №3, №9, №11 лоттар бойынша берілген өтінімдер болмағандығынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 124 тармағы 1 тармақшасына сәйкес өтпей қалды деп танылсын.

2. Тапсырыс беруші – «Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі, ҚР, БҚО, Орал қ., Ж.Молдағалиев көшесі, 19-үй, 105-кабинет, 2015 жылғы 6 наурызға дейін қоса алғандағы мерзімде мыналармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын:

1 лот бойынша – Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры,

2 лот бойынша – «Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» Корпоративтік Қоры,

4 лот бойынша - Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры,

5 лот бойынша - «Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі,

6 лот бойынша - «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі,

7 лот бойынша- Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Корпоративтік Қоры ,

8 лот бойынша- Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» Корпоративтік Қоры,

10 лот бойынша - «Батыс Қазақстан облысының жастар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі.

3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы 20 ақпандағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді ерекше тәртіппен мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін http://zhastar-bko.gov.kz/ интернет-ресурсына орналастырсын.   

Осы шешімге дауыс бергендер:

ЖАҚТАУШЫ – 5 (бес) дауыс (Н.Ж.Даумов, М.Қ.Мұхамбетов, А.А.Сұлтан, Д.Д.Құлжанов, Г.Рыскалиева);

ҚАРСЫ – 0 (нөл) дауыс.



_______________________А.Сұлтан'>__________________________Н.Даумов'>Комиссия төрағасы


____________________


Н.Даумов

Комиссия төрағасының орынбасары

_____________________

М.Мұхамбетов

Комиссия мүшелері:










_____________________

А.Сұлтан




_____________________

Г.Рыскалиева




_____________________

Д.Құлжанов

Хатшы:

_____________________


Ә.Супығалиева


20.02.2015


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет