Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы
БӨЖ - 1
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
(б.з.д. ІІІ ғасыр – б.з. ІІ ғасыры).
Орындаған:Жакупова К.Г., 1 курс
Әлемдік экономика
Тексерген: Сайлан Б.С.
2024 жыл
ЖОСПАР
Ұлы дала аумағындағы көшпелі тұрмыстың ерекшелігі...................................3
Көшпелі және отырықшы мәдениеттерінің өзара байланысы........................3-4
Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасуы.......................................4-5
Көшпелі мәдениетке Тарихшылардың пікірлері мен көзқарастары
(Геродот, Фергюсон,Адам Смит).................................................................................6
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................7
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................................8
Көшпелі тұрмыстың ерекшелігінде Ұлы даланың кез-келген көшпелі қоғамында негізгі мал шаруашылығынан бастап жер өңдеу, қалалар мен қоныстар және т.б. мәдени шаруашылықтың бәрнеше түрлері болды.Жалпы көшпелі шаруашылығы толыққанды қоғамға айналды деуге дәлелдер жеткілікті. Негізінде таза көшпелі қоғам болған емес, ол үнемі жартылай көшпелі және жартылай отырықшы сипатта өтті. Сондықтан да ғылым әдебиеттердегі қолданылып жүрген «көшпелі қоғам» мен «көшпелі мемлекет» деген ұғымдардағы «көшпелі» сөзі шартты мағынаға ие. Дала өркениетінде Қазақстанның кең байтақ жерінде отырықшылық және қала мәдениетінің дамуы ежелден ерекшеленген. Түркі көшпенділер қоғамда қаллар мен қамалдар Сырдария, Талас, Шу, Іле, Ертіс, Есіл ,Жайық өзендерінің аңғарында, көлдердің жағасында , таулардың бөктерінде, сауда жолдардың бойында жайғасқан.Қала мен дала біртұтас экономикалық тұрмыстың өзара байланыстағы салаларына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |