Бөж тақырыбы: Фольклордың синкреттілік сипаты Орындаған: Турарбек Мерей Қабылдаған: Адиева Пакизат Мамандық: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Тобы: ФҚӘ-211 Жоспар



Дата15.10.2023
өлшемі32.68 Kb.
#480807
Мерей фольклор


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті.
«Филология факультеті»



БӨЖ
Тақырыбы: Фольклордың синкреттілік сипаты

Орындаған: Турарбек Мерей


Қабылдаған: Адиева Пакизат
Мамандық: Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Тобы: ФҚӘ-211
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Фольклордың сипаты
2.2
ІІІ.Қорытынды бөлім

Кіріспе
Қазақ фольклоры – әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Фольклор – әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Фольклор – адам тіршілігінің өн бойында қолданылып, әр саласында пайдаланылатын дүние. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ тыңдаушылары мен көрермендері болды. Фольклор – ауыз әдебиеті әлі де меңгеріліп болмаған тұңғиық терең байлығымыз». Р.Бердібаевтың ой-пікірі келтірілген «Фольклортану пәніне мән берсек» мақаласында санамалап берілген бұрмалаушылықтарға тоқтала кетсек, 1. фольклортанудың құлашын жаздырмаған қырсықтың бірі – мәдени мұраны таптық көзқарас тұрғысынан қараушылық.
2....тағы бір тосқауыл – фольклортануды жалаң саясаттың қанжығасына байлап жіберушілік. Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Ол – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әртүрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді. Фолькордың синкреттілік сипаты жайында С.Қасқабасов мынадай пікір білдіреді.
Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Ол әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық және сейілдік. (Әлбетте, қажет болғанда идеологиялық міндет те атқарады). Фольклор қызметінің мұншалықты көп болуы, бір жағынан, оның синкреттілігінен туындаса, екінші жағынан, әр жанрдың әр дәуірде әр түрлі міндет атқаруына және фольклорлық шығармалардың орындалу мақсатына байланысты. Утилитарлық және тәрбиелік мақсат көздеген фольклорлық шығармалардың көркемдік сапасы эстетикалық және сейілдік функция атқаратын туындылардың поэтикалық деңгейінен төменірек болады. Егер бірінші топтағы шығармаларда нені айту керек деген мақсат алға қойылса, екінші топқа енетін туындыларда нені және қалай айту керек мәселесі бірінші кезекте тұрады.
Осы уақытқа дейін біз фольклорды тек сөз өнері ғана деп ұғынып келдік. Бұл түсінік фольклордың аясын тарылтады әрі сөз өнерінің эстетикалық эмоциялық қасиетін төмендетеді. Өнер дегеніміз – өмірді, оқиғаны, құбылысты немесе сезімді көркем түрде бейнелеп, қайта жаңғырту. Олай болса, арбау, алғыс, қарғыс, немесе әр түрлі ырымдар мен нанымдар болмысты, я болмаса сезімді көркем түрде бейнелеуді, жаңғыртуды мақсат тұтпайтындықтан сөз өнері бола алмайды. Бұған қоса, өнер болу үшін шығарманың поэтикасы, композициясы, іс-әрекет атқаратын кейіпкерлері, олардың қақтығысы, т.б. қасиеті болуы керек. Осы тұрғыдан келгенде,
ұлттық сөз өнерімізді үш түрге бөлуге болады: фольклор, ауыз әдебиеті (ақын, жыраулар поэзиясы) және жазба әдебиет. Бұлардың үшеуіне де ортақ белгілері болумен бірге әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. 6-7б
1.1 Фольклордың сипаты
Фольклордың үш сипаты бар: а) фольклор – ежелгі дүниетаным және көне
мәдениет, әрі мұра; ә) фольклор – тұрмыстың бір бөлшегі; б) фольклор – сөз өнері.
С.Қасқабасов ағамыз оларды саралап атап шықты. Олардың ең бастылары:
Фольклор мен профессионалдық музыка. Бұл сала бойынша республикамызда біраз жұмыс істелгенін айту керек. Мәселен, халық әндерін өңдеу, солардың негізінде өзіндік музыкалық шығарма жазу, халық әндерін симфониялық музыкада пайдалану т.б.
Фольклор және театр. Қазақстан театры өзінің алғашқы қадамын фольклордан бастағаны белгілі.Сондықтан бұл салада біздің жетістіктеріміз мол. Бірақ театрымыздың тарихына көз салсаң, фольклордан тек эпос жанрын ғана пайдаланыпты. Театр сахнасынан жас өспірімдер үшін қойылған ертегі – спектакльдерді көрмейміз, балет жағынан келсек, «Қалқаман – Мамыр» мен «Қамбар – Назымнан» басқа спектакль жоқ. Cатиралық пьесалар жазуға болады!
Фольклор және кино. Шынын айту керек, осы уақытқа дейін біздің кино өнері халық мұрасын пайдалануға өте аз көңіл бөліп келеді. Мысал үшін, тіпті батырлық жырды былай қойғанда, «Ер Төстік» ертегісін алайықшы. Оны экранға түсіруге болмай ма?
Фольклор және әдебиет. Халық поэзиясын, ертегілері мен жырларын әдеби түрде өңдеу, солар негізінде әдеби шығармалар жазу бізде кең қолданылады және көбісі балаларға арналады. Р.Бердібаевтың айтуында «схоластикалық көзқарас зардабы фольклортану пәнін де айналып өткен жоқ. Қайта ауыз әдебиеті де, оны тексеретін ғылым да көбірек қырсыққа ұшырады. Соның салдарынан фольклортанудың міндеті, өзіндік орны мен мәні, ерекшелігі туралы ғылыми жұртшылық ұғымы тым бұлдыр болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет