Бөж тақырыбы:Құс гигиенасы



бет1/5
Дата10.10.2022
өлшемі2.9 Mb.
#462297
  1   2   3   4   5
құс

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:Құс гигиенасы

Жоспар:

Iкіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Құс шаруашылығында қора жайдың дұрыс салынуының санитариялық-гигиеналық маңызы

2. Құс қораларының микроклиматы

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиет

Еліміздің халықты тағамдық өнімдер мен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалардың орындалуына ауыл шаруашылық құстарын өсірудің маңызы зор.Өйткені құстардың етінің құндылығы ғана емес,оған жұмыртқа және мамық өнімдерінің бағалылығын қоссақ,онымен бірге олардың тез жетіліп,көп өнім беретіндігін ескерсек құстарды өсірудің маңызы белгілі болады.Бірақ құстарды өсіру кезінде олардың сыртқы қоршаған ортаға сезімталдығының жоғары екендігін ескеру қажет.Құстардың аз ғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді орында,гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.

Құс шаруашылығында үш түрлі ұстау жүйелері:

Экстенсивті,интенсивті және аралас немесе жартылай интенсивті


Экстенсивті жүйе-құс фермаларында белгілі мерзімде ет және жұмыртқа өнімдерін алуға бағытталған.Мұндай фермаларда құстарды едендерде ұстап,табиғи жарықтандыруды,ауаны желдетуді,серуендетуді пайдаланады.
Интенсивті жүйе-жыл бойына жоспарлы түрде сапалы,мол өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды клеткаларда және едендерде ұстап технологиялық процестерді механикаландырып арнайы зауыттарда дайындалған жемді пайдаланып,серуенсіз ұстайды
Аралас жүйе-құстарды технологиялық процесстерді автоматтандырылған және механикаландырылған қораларда ұстап,бірақ шектеулі серуендетуді пайдаланып немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті,ал басқа уақытта-интенсивті жүйеде ұсталады.

Құстарды күтіп бағу ерекшеліктеріне қарай,құс фабрикаларында технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен қатар,әліде болса ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай келмитін ескі ғимараттар және құрал-жабдықтар пайдаланып келеді.Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып,сапалы өнім өндіру қиындай түседі.Осыларға байланысты біз құсханалардың микроклиматын,атап айтқанда ауаның температурасы,ылғалдылығы,қозғалысы,желдеткіштер әсеріне көңіл бөлуіміз керек



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет