Бөкетов, Қ.
Ана мерейі / Қамзабай Бөкетов // Орталық Қазақстан. -2006. - 7 наурыз (№45). - Тағзым
«Ана» деген сөз - адам баласына өте қымбат əрі қадірлі сөз. «Алып анадан туады» деген қағида бар. Сол аналардың бірі біздің анамыз деп ой-лаймын.
Анамыз Бəлтай (азан Ұмсын) Ағжан, Тоғжан ағайындылардың болыпты.
Балалық көргеннен балдан тəтті екен. Нағашы атамыз жасар кезінде дүниеден Меруертті ол кездегі қайын інісіне қосады. Көп де қайтыс болады. жасына дейін туған тəрбиесінде болады. Осы шақырып қойған есімі (ақын), Байжан есімді алғашқы көрген нəрестесі шағында еркелетіп жақсы деп Бəлтай атанып кеткен Байжан Бəлтайдың екі ерте кетеді. Нағашы əжеміз «əмеңгерлік» ғұрыппен кешікпей атасы мен əжесі Сонымен анамыз он төрт шешесі мен өгей əкесінің тұста əкеміз Арыстан небары жиырма сегіз жаста екен. Ол өз əкесінен он төрт жасында айырылып, үш інісімен, екі қарындасымен қалыпты. Бөкет балаларының ішінде ең үлкені болғандықтан кедейлік пен тұрмыстың барлық ауыртпалығы өз мойнына түсіп, уақытында қалың мал төпеп үйленуге жағдайы келмейді де, «кəрі бозбала» деген атаққа ілінеді. Уақыт өте келе Қазипа" деген қарындасы бойжетіп қалады. Шамасы он төрт-он бес жаста болу керек. Кенжетай əжеміздің ағайын туыстары келіп болашақ жездемізге айттырып, құда түсіп, қалың мал төлейтін болыпты. Ағайындарымыздың барлығы жиналып ақылдасады, əжеміздің де ұйғарымы болуы керек. Сөйтіп, Ақанбарақ ауылына біздің болашақ анамыз Бəлтайды айттырып, құда түскен екен. Əкеміз Қазипадан алатын қалың малын үйге əкелмей, айдап апарып Есіл өзенінен өткізіп тапсырады. Көп кешікпей қалыңдығын алып келеді.
Анамыз келгеннен бастап қайын енесімен тіл табысып, көп жылдар бірге тұрады. Əкеміздің кенже інісі Маутай ағамыз отау болып, бөлек шыққаннан соң ғана бөлініп, кіші келіннің қолына көшеді. Бірақ үлкен келінмен араласып тұруды ұмытпайды. Əжеміз өлгенінше əңгімелеп отыратын. Бұл əлі күнге дейін менің есімде.
- «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деген қазақтың мақалы рас екен. Бəлтайым келген соң үйге «құт» орнай бастады. Қорамызға біртіндеп мал бітіп, тұрмысымыз жақсара бастады,- деп айтып отырушы еді жарықтық əжем. 1951 жылы қаңтар айында тоқсаннан асқан соң о дүниелік болды. Осы уақыт аралығында келіні мен енесінің араларынан ұнамсыз сөз естіп көрген емеспін. Аралары соншалықты тату болып өтті. Əжеміз де, анамыз да он бес жылдай, балалары ержеткенше өмірдің зор ауыртпалығын бірге көріп өтіпті. Жастайларынан шиеттей бір топ балаларымен, жолдастарынан ерте айырылып, сол балаларын асыраймыз, жеткіземіз деп көп бейнет көрген адамдар. Дегенмен екеуі де сол балаларын өсіріп, жеткізді. Əжеміз бес баласымен, шешеміз бес баласымен қалған. Атамыз Бөкет пен əкеміз Арыстан - үй шаруасымен жəне қара жұмыспен шұғылданған адамдар. Екеуінің де қолдары өте шебер болған. Олар етік тігумен қатар зергерлік бұйымдар жасаумен күн көрген екен. Əкеміздің қолынан шыққан көптеген əдемі, əшекейлі бұйымдарды көрдім. Есімде қалғаны қайың ағаштың қабығынан жасалған таяқ, баланың бесігі, үйде сақтаулы тұрушы еді. Шешеміз Қарағандыға көшерде Евней контейнерге салғызбай, басқа да ұсақ-түйек бұйымдарын Орешин деген орыс көршілеріміздің сарайына тастап кетіпті. Солардың ішінде анамыз əкеміздің көзіндей сақтап жүрген азын-аулақ дүниелері қалыпты.
Атамыз Бөкеттің еңбегінен менің есімде қалғаны, əжеміздің сандығында сақтап жүретін əдемі мəсісі еді. Кейінірек оны əжеміз өзі киіп, тоздырды ғой деймін.
Анамыз Бəлтай аласа бойлы, толықша келген, ерекше ақсары, көзі көкшілдеу, мойны қысқа домаланған болатын. Евней əжеміздің баласы бо-лып, қазақтың ертедегі əдет-ғұрпымен немеренің үлкені болған соң (иемденіп алған) анамыздың атын атап, жеңгесі ретінде қалжыңдасып жүруші еді. Сол қалжыңдарының бірінде: «Бізді өзіңе ұқсатып, мойны-мызды қысқа қылып жараттың, галстукті жөндеп салуға келмейді» дейтін. Бір қалжыңға анамыз: «Ертең мен өлгенде менің де жақсылығымды табарсыңдар»,- деп отыратын. Расында, анамыздың жақсылықтары əлі күнге дейін алдымыздан шығып жатыр. Менің əлі күнге дейін таңқалатыным өзі əліпті таяқ деп білмейтін, бірақ құжаттарға қол қойғанда үш дөңгелек қойып, астын сызып қоятын. Өзінің қолын өзі жақсы танитын. Мұны тетелес інім Жартас қызық көріп, күлкі үшін дəл сондай бір құжатқа өзі сияқты үш дөңгелек қойып астын сызып көрсететін. Сонда анамыз: «Жоқ, бұл менің қолым емес»,- деп біліп қоятын. Анамыз өте қажырлы, қайратты, еңбекқұмар жан еді. Бəріміз де сол тəрбиемен өсіп, ержеттік.
Біз өмірімізде талай қиыншылықты, аштықты көрдік десем артық айтпаған болар едім. Анамыздың өнерлігінің арқасында суықта тоңғанымыз жоқ, бізге жылы киімдер тоқып беретін. Қолына Евнейдің еңбекақысы түссе, оған Евнейдің өзіне киім-кешек алып береді. Ал оның киімдерін маған лайықтап, шақтап кигізеді. Менен қалғанын кіші інім Жартасқа кигізеді. Одан кейінгілеріне жамап-жасқап беретін. Көп кемістікті аяқ киімнен көріп жүрдік. Əкеміз кезінде жақсы етікші болған екен. Осы əкемнің етікшілік жабдықтарын анамыз сол уақытта мұқият сақтап қойған екен. Кейінірек анам өзі көрсете отырып, мені сол саймандарды пайдаланып етік, басқа да аяқ киімдерді жамауға үйретті. Содан аяқ киім тігуді де игердім.
Өзіміздің үй-ішінің аяқ киімдерін тігіп болып, ауыл тұрғындарының аяқ киімдерін жамап беретінмін. Кейде жұмыстан соң түнде жаңадан аяқ киім тігіп қосымша еңбекақы табатын кездерім де бар еді.
Евней институтты бітіріп, аспирантурада оқып жүріп газет, журналдарға мақала жазып, кітап аударып қаламақы алып, ақша тауыл, бізге қаражатпен көмектесіп жүрді. Содан 1957 жылы өзім қызметке орналасып, еңбекақыны молырақ алып, одан үйленіп, жолдасымның да еңбекақысы қосылып, тұрмысымыз жақсарып кетті. Бұл кезде менен кейінгі үш ініміз де оқуда болды.
Анамыздың жігерлілігіне, ойшылдығына, оның ойына алған үлкенді-кішілі шаруаны орындамай қоймайтынына мен əлі күнге дейін таң қаламын. Осы тəрбиені біздің бəрімізге үйреткені, еңбегінің сіңгені кейін де көрініп-ақ тұрды.
Əкеміз 1942 жылы желтоқсанның 9-ында қайтыс болды. Ауырып жатып халі төмендеген кезінде өтерін білген ғой. Анамызға екі өтінішін айтыпты.
Біріншісі, «Тəнімді Этінімнің жатқан зиратына жерле»,- депті. (Өзнің əкесін Этінім дейді екен). Екіншісі, «Көзіңнің тірі кезінде балаларды оқып жүрген орыс оқуларынан айырма, оқыт»,-депті.
Анамыз əкеміздің екі өтінішін де бұлжытпай орындады.
Евней жоғары оқуына кетпей тұрып біз орыс қаласынан туған ауылымыз Бағанатыға көшіп бардық. Ауылда бастауыш қазақ мектебі болды. Барлық балаларды жалғыз мұғалім оқытты. Сол жылы Шабдан деген інім осы мектепке барып, оқуды үздік бітірді. Ол кезде мен ауданның бір кішірек мекемесінде қызмет істедім. Демалыс күндері үйге келіп, үй шаруасымен айналысамын.
Жазғытұрым демалысымда апам құймақ пісіріп, бізге тəтті шай береді. Балаларды шайдан соң ойнап келіңдер деп далаға жібереді. Өзі дастарқанды жинады да, қасыма келіп отырды.
«Мені көптен бері мазалап жүрген - балалардың оқуы. Оқуды орыс мек-тебінде оқытуымыз керек, бұл - əкеңнің ақырғы тапсырмасы. Сен осыны ой-лаған жоқсың ба!»-деп сұрады.
«Жоқ, бұл əзірше менің қолымнан келмейді»,- дедім. «Тыңда, мен саған ақыл аитайын. Марьевкадан баспана ізде, биыл сонда көшейік. Балалар қолымызда тұрып оқысын»,- деді. Мен: «Жарайды, апа, іздестіріп көрейін»,-дедім.
Іздегенмен ештеңе таба алмадым. Апама баспана таппағамымды айтқа-нымда ол ренжіген күйде қалды. Сабақ басталар мезгіл де жақындап қалды. Өзіммен бір сыныпта оқыған Ыбырай ағамның үйіне кершілес тұратын орыстың Володя атты баласымен əңгімелесіп жүріп баспана керек екенін айта кеттім. Ол біраз ойланды да: «Биыл біздің отырған үйіміз босайды. Əкем жаңа үй салып бітіріп қалды. Біз сонда көшсек, мына үйді сататын шығар. Мен əке-шешеммен сөйлесіп көрейін». Оған: «Не болса да бізге берсін»,- деп мен жата жабыстым.
Екі-үш күн өткен соң Володя: «Жүр, əке-шешеммен сөйлес»,- деген соң, екеуіміз бірге барып сөйлестік. Əке-шешесі қарсы болмады. Биыл қысқа жауып қояйын деп едік. Жарайды, берейік. Бірақ аздаған жөндейтін жерлері бар. Өзің де жөндеуге көмектес»,- деп келісімге келдік. «Жалақысы қанша?»,- деп сұрап едім. «Жақсы көмектессең ақысын сұрамаймын. Бірақ жаз шыға келе сатамын. Осы есіңде болсын»,- деді. Қуанғаным сонша Ыбырай ағама келіп айттым. Ол ағам: «Қаражаттарың жоқ, ар жағында не
істейсіңдер?»,- деді. Ауылдан келген ағамнан апама сəлемімді айтып жібердім. Екінші күні апам көремін деп келіпті. Кергеннен соң апамның қуанғанын тілмен айтып жеткізу қиын.
Сол жылы желтоқсан айының басында көшіп келдік. Балалар мектепке барды. Қыстап шықтық. Қыста үй суық болып, жаурап шықтық. Көшіп келгеніміз жақсы болды. Апам елге керекті ұсақ-түйек бұйымдарды апта бойы тігіп, жексенбі күні базарға апарып сатып, азын-аулақ ақша, не тамаққа айырбастап келетін. Кей күндері түні бойы ұиықтамай іс тігетін кездері де болды. Карточкамен азын-аулақ тамақ алатын болдық.
Біз ауданның орталығына көшіп келіп орналасқан жылдары үйімізде жалғыз қызыл сиыр болды. Жылда бұзаулаушы еді, сүті мол болатын. Анамыз сиырды сауып, көршінің үйнен сеператорға тартып, қаймағын айы-рып, оны жинап сақтап қоятын. Тағы да қолына түскен тəтті, дəмді, ет, құрт сияқты тағамдарды бізге көрсетпей, тығып жүретін. Бұл жиналғандары бір посылкадай болды-ау деген кезінде маған тапсырма беретін: «Жəшік дайында, Евнейге посылка жіберейік»,- деп.
Менің қолымның шебер болғаны да жақсы болды. Ешкімге жалынбай өзім жасап жүрдім. Алғашқы кезде білмегендіктен біраз бейнетті де көрдік. Өйткені ол сегіз келіден артық болса, ішінен сылдыр дыбыс шықса, не болмаса ақ матамен дұрыс қапталмаса, поштадағылар қабылдамайды. Бірнеше рет апарып, əкеп, қайта бұзып, жинал жүрген кездерім де болды. Кейінірек оны үйреніп алдық. Айына бір рет немесе бір жарым айда бір посылка салып тұратынбыз. Бұл туралы Евней өзінің «Алты хат» деген еңбегінде, қысқаша жазып кеткен.
Мен Евнейге айына екі рет хат жазатынмын. Апам маған «бəрі де жақ-сы, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк» деп жазғызатын.
Кейінгі үш інім де Марьевканың орта мектебінде оқып жүрді. Сабақта-ры жақсы болды. Тентектік жасап мұғалімдерінен ескерту алып көрген жоқ. Кейде өзім барып сынып жетекшілеріне жолығып, жағдайларын біліп тұратынмын. Ұстаздары мақтап жіберсе, үйге масаттанып, қуанып келе-тінмін. Кейде анамыз бізге ренжігенде ащы даусымен бажылдап ұрсып, ұрып та алатын мінезі болушы еді. Бірақ райынан тез қайтып, «айналайын» деп мүсіркеп те қоятын.
Бірде мен жоқта үйге алыстан ағайынымыз келіпті. Мен ол кезде не-бары жиырма жаста едім. Тұрмысымыздың нашар екенін көріп, ақыл ай-тыпты: «Үлкен балаң Евней оқып жатыр, жарайды. Ал мына Қамзабай ер жетіп, үйленетін жасқа келіпті. Қамзабайды үйлендіріп, келін жұмсайтын уақыт жеткен сияқты ғой»,- деп.
«Рахмет, мені аяғаның ғой, бірақ менің ойым басқаша. Евнейді оқуға өзім оның айтқанына көнбей, не қылсаң да барып оқы деп жіберген едім. Тұрмысымыздың осы жағдайынан Қамзабайым оқи алмай қалды. Жеті-ақ класс білім алды. Аманшылық болса, Евней бітіргесін Қамзабайды оқуын жалғастыруға жіберем. Дендері сау болсын. Үйлену деген ешқайда қашпайды»,- деп жауап берді. Ақыры сол мақсатына толық жетті.
Евнейдің аспирантураны бітіретін кезі. Менің жиырма алтыға қараған шағым. 1953 жылы жеңгем Зүбайра Дүйсенқызынан хат келді. Хатында амандықтан соң жазғаны мені өте қуантты. Онда менің оқуыма баруыма рұқсат берген.
Менің кейіннен білгенім мынау. Маған білдіртпей анам Жартасқа айта отырып, Евнейге хат жазғызыпты. Ондағысы: «Евнеи, сен енді оқуыңды бітіресің, енді Қамзабайға аз да болса оқып, мамандық алуына мүмкіншілік болмас па еді!»-депті. Евней аспирантураны бітірген соң, диссертация қор-ғап, оны біткеннен кейін ғана кандидат болатынын қайдан білсін. Зүкеннің сол хатқа берген жауабы екен. Мен жоқта алып Жартасқа оқытыпты. Кешке жұмыстан келсем анам мəз-мейрам көңілді отыр. Қуанып, жаңалығын ай-тып, қуанышын күліп білдірді. Кешкі тамақтан кейін, əбден жайланған соң, көзін бір ашып-жұмып маған: «Енді оқуға баруға дайындал, жұмысыңнан босап шамаң келгенше үйді қысқа дайында, отын, шөп əкеліп, малға дайын-дап кетпесең мына балалар əлі жас қой, қолдарынан келмейді»,- деп ақыл берді. Мен қуанып кеттім. «Əзірше ешкімге білдірмеңдер», - деп бəрімізге тапсырды.
Жаздың жайдары кезі еді. Оқуға кетем деп дайындық үстінде жүріп, түскі тамаққа келсем үйде туысқандар толып отыр. Үлкені Ыбырай ағам, маған ызғарлы дауыспен: «Əй, күшік, тоқта»,- деді. Тоқтап өзіне қарай қал-дым. «Сен оқуға кетем деп жүр дейді, рас па?» Мен: «Рас»,- дедім. «Жоқ, сен ешқайда бармайсың, қартайған шешең мен мына інілеріңді кімге тастап кетесің. Шешеңнің көрген қиыншылықтары жетпей жүр меі Ана пəленше мен түгеншенің қыздары бар, солардан өзің ұнатқан біреуіне үйленесің»,- деп қысқа қайырды. Біраз үндемей маған қарап отырды да; «Ана Евней бітпейтін оқу оқып жатыр, сол бəріңе жетпей ме? Өзіңнен кейінгі інілеріңді оқытасыңдар»,- деді.
Сол сəтте мен үндемей қақиып тұра бердім. Ағамның айтқанынан қайт-пайтын, қайсар мінезін білетінмін. Анам есік алдында шай қайнатып жүріп, бəрін естіп үйге кіріп келді. Əдемі тігілген, тозығы жеткен барқыт қамзолын киген. Еңкейіңкіреп екі қолын артына ұстап отырғандарға, əсіресе қайын інісіне көкшіл көзін тіге: «Əй, Ыбеке, Қамзабай оқуға барам деп талаптанып жүр, ол мақсатын ешқашан есінен шығарған емес, аз уақытын күтіп жүрген. Евнейден хат келді, Қамзабай оқуға барсын, сендерге өзіміз көмектесеміз деген. Сіздердің қамқорлықтарыңызға рахмет, бізді құдай сақтар, бетін қайтармайық. Ертең мұрнынан боғы ағып, көзінен жас тыйылмайтын жағ-дайға келетін болса, обалына біз қаламыз. Сонда осы отырған бізді не деп есіне алады?. Оқуына барсын, барсын»,- деп оны екі қайырып тастады.
Сондағы ағамның ақырғы сөзі: «Жарайды, ойлағандарың болсын, қолдарыңнан топырақ бұйырмайтын болды ғой»,- деп тұрып кетті. Сол жылы анамның қайсарлық мінезінің арқасында мен оқуға кетіп қалдым.
Тамаққа тоймаған үлкенді-кішілі адамның ұрысқақ, төбелесқой бола-тыны белгілі ғой. Кейінгі інілерімнің ортаншысы Шабдан, ағасы Жартас, інісі Еслямбекпен де ұрысып, төбелесе беретін. Жоғарғы əңгімеден бірер жыл бұрын жазғы демалысына келгенде, Шабданның 5-ші класқа баратын жылы Евней менімен болсын деп алып кеткен. Шабдан кеткен соң үйдің іші тыныш тапқан еді. Жартас пен Еслямбек бірі аға, бірі іні ретінде тату болды.
Анамыздың мінезінің қайсарлығы мен жігерлілігінің арқасында Арыстанның бес ұлы бəріміз де анамыздың көзінің тірісінде жоғары білім алдық.
Евней металлург, академик атағына жетті. Мен инженер-электрикпін, Жартас инженер-гидролог, ғылым кандидаты болды. Шабдан - инженер-геофизик. Бұлар бəрі де Алматыдағы политехникалық институтты бітірді. Ең кішіміз Еслямбек - кен инженері. Қарағанды политехникалық инстиутын бітірді. Менен басқасы бірінші кластан бастап оқуды үзбей оқыды. Мен ғана жеті-ақ класты бітіріп, он жылдан кейін барып оқуға түстім. Бəріміз де өмірде өз орнымызды таптық. Техникум бітіріп, сосын барып институттың сырттай бөлімін бітірдім.
Мен қазір жалғызбын, менен басқа төртеуі де қайтыс болды. Анамыз өмірінде өте кішіпейіл, қайырымды, сол тұрмысымыз жұқалтаң жылдардың өзінде үйге қонақ келіп жатса, азын-аулақ шай берсе де масаттанып, қуанып отырушы еді.
Өте үғымтал еді. Бір естігенін өмірінде ұмытпайтын, əсіресе ше-жірелерді есінде жақсы сақтайтын. Ағайындарды бірімен-бірін жақын-дастырып, олардың қандай жақын екенін түсіндіріп, жақын жүріңдер деп тапсырып қоятын. Өзі сондай ауыр жағдайда жүріп, жетім-жесірлерге қолынан келгенше көмектесіп жүретін. Марьевкада тұрғанымызда біздің үйді алыс-жақын туысқандар босатпайтын. Менің қызмет істейтін мекемемде əр түрлі бұйымдар шығаратын цехтар болды. Сол цехтарда бірнеше қыздар, жесір келіншектер қабылданып жұмыс істеп жүретін. Онымен қоймай, қыздарды өзі білетін жігіттермен таныстырып, өз теңдерін тауып қосатын.
Сөйтіп, өзіне жұмыс тауып алып, қолы босамайтын. Сонымен қоса өте діндар болатын. Мен ес білгелі бес уақыт намазын бұлжытпай оқып жүретін. Оразаны мұқият ұстайтын. Таң алдындағы сəресісіне аздап тағам дайындап, тығып қойып, сəресіге тұрып шайын қайнатып іше бастаса, балалары оянып көрпенің астынан көздерін бақырайтып қарап жататын көрінеді. Сонда өзінің аздап дайындаған тамағынан əлгі балаларга бөліп беріп, енді ұйықтаңдар деп зекіп қоятын еді.
1949 жылы жаз айларында облысымыздың бір ауданында жоғары қызметте істеитін немере сіңлісінің күйеуі қайтыс болды. Хабар келген соң өзі жерлеу рəсіміне қатысып келді. Екі айдан соң сіңлісі де о дүниелік болды. Бұдан үш жасар қыз баласы қалған. Ол жеті жасқа дейін біздің үйде болды. Ол оқұға баратын жылы менімен жасты ағасы Мəскеуден оқуын бітіріп келіп, үйленді. Кейін ол қарындасын менімен бірге болсын деп алып кетті. Одан кейін əкемнің кенже інісі Маутай ағамның бəйбішесі қайтыс болып, екі жасар Əсима деген қызы жетім қалып, оны əкесі баға алмайтынын біліп алып келіп, бауырына салып алды. Ержетіп, тұрмыс құрғанша бізде болды.
Жарықтық анамыз туысқандарға жанын үзіп тұратын осындай жан еді. 1947-1948 жылдары, ораза жаз мезгілінің маусым, тамыз айларында болғаны əлі есімде. Соның өзінде жаздың ұзақ күндерінде ораза ұстауын тоқтатпайтын. Кейін 1962 жылы қыстай науқастанып, қатты қиналып шық-
ты. Жазғытұрым ораза келді. Мен: «Өзің ауырасың, ұстамай-ақ қой»,-деп үгіттесем де көнбеді. Менен кейін Евней келіп біраз үгіттеп айтты. Анамыз көзін бір ашып, бір жұмып, салмақты үнімен: «Жарайды»,-деді. «Евней сен де, Қамзабай сен де кəмөниссіңдер (коммунист) ғой, екеуің де өз міндеттеріңнен құтылдыңдар. Мен өз міндетімнен құтылайын»,- деп тоқтады. Евней екеуіміз бір-бірімізге қарадық та, сөз таба алмай үнсіз қалдық. Дегенмен ойындағысын орындады. Бірақ та сол жылы көп кешікпей қайтыс болды.
Жерлесіміз, еліміздің қадірлі азаматы, бірнеше кітаптардың авторы Ғалым Қадірүлы естелігінде: «Əлі есімде, Бəлтай апа ақ жаулығын киіп, ақ шаршысын одан жоғары көтере орап алып, той боларда елден бұрын келіп, қайырлы болсын айтатын. Таза мəсі, əдемі қамзолымен отырғанда, төрдің көркі болатын. Ол кезде Қарағандыда мұндай киім кию деген еш адамда болған жоқ еді. «Əй, сен, қашан үйленесің?»,-деп бойдақ жүргендерімізді тергеуге алатын. Апайдың мінезі ауыр болса да жүзі жұмсақ еді. Сөйлеп кетсе алдына жан салмайтын, шешен, анау-мынауды тəубесіне келгіретін, батыл адам болатын».
Бұл əңгіме етіп отырған уақыты, анамыздың қолы босап, киім-кешегі бүтінделіп, келін жұмсаған кезі ғой.
Бірақ та ол тұрмысы ұзамады. Айналасы төрт-бес жылға жетпеді.
Өкінішке қарай Алла Тағаланың жазуы солай болды.
Достарыңызбен бөлісу: |