Болатов Шадияр 12а ом Эндемиялық және спорадикалық зоб – аурулардың анықтамалары



Дата02.01.2022
өлшемі17.51 Kb.
#453402
Болатов Шадияр 412 А Ом 3 тапсырма


Болатов Шадияр 412А Ом

1)  Эндемиялық және спорадикалық зоб – аурулардың анықтамалары

1.  Қалқанша бездің функционалды жағдайына байланысты зобтың жіктелуі

2.  Этиологиялық факторлары:

      - эндемиялық зобтың

      - спорадикалық зобтың

3.  Клиникалық көрінісі:

- шағымдары

-  анамнезі

4.  Объективті түрде тексеру (визуалды қарау және пальпация, қалқанша без көлемінің ұлғаю дәрежесін жазып көрсетіңіз, Горнер симптомының сипаттамасы).

5.  Болжамалы диагнозды негіздеу

6.  Эндемиялық және спорадикалық зоб кезіндегі лабораторлық өзгерістер

7.  Эндемиялық және спорадикалық зоб кезінде қолданылатын құрал-аспаптық зерттеу әдістері (осы патологиялар кезіндегі әр зерттеу әдісінің қысқаша мүмкіндіктерін жазыңыз)

8.  Клиникалық диагнозды негіздеу

9.  Емдік: 

- консервативті ем

- оперативті ем (операцияға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер,операциялардың түрлерін атаңыз)



Эндемиялық зобтан ерекшелігі спорадикалық зоб эндемиялық аймақтардан тыс тұратын халық арасында ғана кездеседі. Спорадикалық зоб, көпшілік жағдайда, зобтың төменгі дәрежесі ретінде дамиды.Этиопатогенезі әлі толық зерттелмеген. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның дамуында тиреоидты ынталандыруға қатысатын орталық жүйке жүйесінің және мидың қыртысасты негізі маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, спорадикалық зоб ТТГ-ның эксцессивті гипофизарлыгиперсекрециясынан дамиды, ол гипофиз-тиреоидты тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі. Зобгормон синтезі бұзылуынан және йод жетіспеушілігінен дамитын қалқанша без гормондарының салыстырмалы жетіспеушілігінен дамуы да мүмкін. Ауру дамуында генетикалық фактордың да рөлі бар. Психикалық жүктемелердің зоб дамуындағы рөлі бұрыннан белгілі.Қалқанша бездің зақымдалу сипатына байланысты диффузды, түйінді және көп түйінді зобтарды ажыратады. Морфологиялық коллоидты, паренхиматозды және аралас зобты айырады.

Симптомы. Спорадикалық зобтың клиникалық көрінісі зобтың патоморфологиялық сипатына, көлеміне, орналасуына және функционалды жағдайына байланысты. Зоб консистенциясы әдетте жұмсақ-иілгіш. Спорадикалық зобтың клиникалық тұрғыда эндемиялық зобтан еш айырмашылығы жоқ, бірақ эндемиялық аймақтардан тысдамиды.

Эволюциясы. Зоб прогрессивті өседі, кейін кері фиброзды даму басталады. Бұрынғы зоб қатты, және рентгенологиялық зерттеуде онда кальцификаттар анықталады. Эндемиялық зобтағыдай асқынулар дамуы мүмкін: струмиттер, некроздар, геморрагиялар және ісіктік дегенерация.

Диагностикасы. Спорадикалық зоб диагнозы эндемиялық аймақтан тыс болуымен және орта дәрежелі зоб дамуына байланысты қойылады. Тиреоидты қызметті функционалды және клиникалық зерттеу маңызды. Сонымен қатар, жіңішке инелі аспирационды биопсиямен УДЗ қолданылады.

Емі. Бір ғана зоб (3 см-ге дейін диаметрдегі) немесе коллоидты зобты тиреоидты гормон препараттарымен — І -тироксинмен консервативті емдеу тиімді.

Хирургиялық емі. Оперативті емге көрсеткіш көршілес ағзалардың басылуы, түйіннің малигнизациясына күдіктің болуы, консервативті ем тиімсіздігі болып табылады. Оперативті емнің көлемі түйіннің көлеміне және олардың орналасуына байланысты болады. Түйінді зобта зақымдалған аймақ резекциясы жасалады. Ал көп түйінді зобта бөліктің субтоталды резекциясы жасалады, егер екі бөлікте де орналасса, онда шұғыл түрде гистологиялық зерттеумен субтоталды тиреоидэктомия жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет