Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы «25» шілдедегі
№ 132 бұйрығымен
бекітілген
Болатты балқыту өндірісіндегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
1. Жалпы талаптар
1. Осы өнеркәсіптік қауіпсіздік Талаптар болатты балқыту цехтарын жобалау, салу, қайта салу, пайдалану, оларға жабдықтарды жобалау және әзірлеу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылады.
2. Болатты балқыту цехтарын (пештерін, конверторлар мен басқа да жабдықтарды) жобалау, салу және қайта салу Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын құрылыс нормалары мен талаптарына, технологиялық жобалау нормаларына, Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына және осы Талапқа сәйкес жүзеге асырылады.
Болатты балқыту цехтарының құрылысын салу мен қайта салуға келісілген жобаны белгіленген тәртіпте бекітпей рұқсат етілмейді.
3. Жаңадан және қайта салынған болатты балқыту цехтарын (пештерін, конвертерлерін) пайдалануға қабылдауды ҚР ҚНжәнеЕ 1.03-06-2002 сәйкес жүргізіледі.
4. Жобалау ұйымының немесе әзірлеуші зауыттың келісімінсіз болатты балқыту цехтарының болатты балқыту агрегаттары мен негізгі жабдықтарының құрылымына өзгерістер енгізуге, сондай-ақ пештерді, конверторларды қалауды ұлғайтуға рұқсат етілмейді.
5. Болатты балқыту өндірісінде белгіленген тәртіпте өңделеді және бекітіледі:
1) технологиялық регламент;
2) өндірістік бақылау жөніндегі ереже;
3) апатты жою жоспары.
2. Жалпы талаптары
6. Болатты балқыту пештеріне, конверторларға, миксерлерге, болатты құю және шойынды тасымалдау шөміштеріне, басқа агрегаттар мен жабдықтарға негізгі техникалық деректері жазылған паспорттар толтырылады.
Агрегаттарды (жабдықтарды) пайдалану кезінде агрегаттарда (жабдықтарда) болған өзгерістер, жүргізілген түбегейлі жөндеу жұмыстары, болған апаттар және инцинденттер мен олардың салдарларын жою бойынша қолданылған шаралар туралы барлық деректерді паспорттарға енгізеді.
7. Тікелей агрегаттар немесе қызмет көрсететін персоналдар болатын жерлерде нақты орналасқан орны мен жанғыш газдардың, мазуттың, оттектің, ауаның, будың, судың және басқа агрегаттар мен құбырлардың технологиялық байланысы көрсетілген сызбалары ілінеді.
Тиек құрылғылары нөмірленеді, сызбадағы тиек құрылғының нөмірі мен басқа да белгілері негізгі өндірістегі нөмірлер мен белгілерге сәйкес келеді.
8. Болатты балқыту агрегаттарының салқындату жүйесінен судың ағуы пайда болған кезде агрегаттарды пайдалануға жол берілмейді.
9. Конверторлар мен болатты балқыту пештерінің жұмыс істеу алаңдарында, басқа да балқытылған металдың немесе шлактың түсуі мүмкін жерлерде ылғалдың болуына жол берілмейді.
10. Металл мен шлак құйылған шөміштерді көтеру осы процесті қамтамасыз ететін тұлғаның, кранның шетмойынды дұрыс ілгенін тексергеннен кейін ғана оның белгісі бойынша жүргізіледі.
11. Араластыру және құю материалдарын жеткізуде қолданылатын арқандардың және крандардың жүкті тарту құралдарының, ыдыстардың (контейнерлердің, күрекшелердің, қауғалардың, бункерлердің, қораптардың және сол сияқтылардың) жай-күйін Жүк көтергіш крандардың құрылысы және қауіпсіз пайдаланылу талаптарына сәйкес жүргізіледі.
12. Беріліс арбашықтары тежеуіштермен, соңында сөндіргіштері бар және арбашықтың жылжуымен бір уақытта қосылатын дыбысты дабылмен жабдықталады. Беріліс арбашықтарының қозғалғыш дөңгелектері рельстердің бастиектеріне дейін 10 мм жетпейтін сақтандырғыш қалқандармен жабдықталады. Беріліс арбашықтарының өту жолдары ақаусыз және тұйық тіректер болады.
Арбашықтың платформасына шығу үшін баспалдақтар жасалынады.
Арбашықтардың қозғалысы кезінде жақсы естілетін белгі беріледі.
13. Арбашықтың электрқозғалтқышын қоректендіру үшін кернеумен жұмыс істейтін қосылған ток өткізгіш (троллеи) цех едені деңгейінен төмен орналасқан кезде токты ажыратқыш оқтаушы үшін санылаудың ені 60 мм, ал оны металл таспамен жапқан кезде 150 мм артық болмайды. Токты ажыратқыштың оқтаушысы электрден оқшауланған болады.
Егер токты жеткізу үшін икемді кабель қолданылса, ол жалпақ қалың резеңке шлангімен бекітіледі. Арбашық қозғалған кезде кабель ілінеді және арнайы құрылғыға оралады.
14. Шлангілерді штуцерлерге қосу және ажырату тек жабық тиекті арматура болған кезде жүргізіледі. Шлангілер штуцерлерге олардың жұлынуына жол бермейтін арнайы қыспақтармен берік бекітіледі. Шлангілерді бекіту үшін сымдар мен қолдан жасалған қыспақтарды қолдануға жол берілмейді.
15. Жабдықтарға қызмет көрсету кезінде қолданылатын құралдар мен саймандар атқарылатын жұмысқа сәйкес келеді және ақаусыз болады. Жұмыс орындарында құралдар мен саймандар арнайы орындарда немесе арнайы құрал-сайманға арналған шкафтарда сақталады.
16. Қауіпсіздікті блоктау, дабыл беру және агрегаттар мен жабдықтарды апатқа қарсы қорғау жүйесінің жай-күйін тексерудің кезеңділігі мен нәтижелерін ресімдеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
17. Газ құбырларын, газ жабдықтары мен газ апараттарын орнату, әзірлеу және пайдалану газ шығу қауіпі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талаптарға сәйкес келеді.
18. Жұмыс істеп тұрған болатты балқыту цехтарында құрылыстық-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастауға дейін құрылысшылардың және цех персоналының жұмыс жүргізулерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылған жұмыстарды ұйымдастыру жобасы әзірленеді. Жұмысты ұйымдастыру жобасы ұйымның техникалық басшысы және құрылыстық-монтаждау ұйымының техникалық басшысымен бекітіледі.
19. Болатты балқыту цехтарының ғимараттары мен құрылыстары өртке қарсы жабдықтармен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі. Осы құралдардың саны өрт сөндірудің алғашқы құралдарының нормаларына сәйкес келеді.
Өрт сөндіру құралдары мен өртке қарсы жабдықтар өрттен қорғау қызметімен келісілген оңай алынатын орындарға қойылады.
20. Машиналар мен механизмдер жұмыс істеп тұрған кезде қозғалып тұрған бөліктерін қолмен майлауға жол берілмейді.
Машиналар мен механизмдерге қызмет көрсету кезінде қолданылатын майлау және сүрту материалдары жабық металл жәшіктерде белгіленген орындарда сақталады.
3. Болатты балқыту цехтарының аумағы
21. Болатты балқыту цехтары жүкті тасымалдау ағынының бағытын бұзбайтындай, қарсы келе жатқан және қиылысатын жүк ағынын құрамайтындай болып орналасады.
22. Сұйық шойынды болатты балқыту цехтарына тасымалдайтын темір жолдар тәуелсіз болады.
23. Құрылыстардың және темір жолдардың жылжымалы құрамының сыртқы шектік көлемі МСТ 9238 сәйкес (рельсті теміржол 1520-1524 мм) болады. Арнайы жылжымалы құрамның, темір жолдардың ғимараттарға, құрылыстар мен қоймаларға жақындығы арнайы сыртқы шектік көлемге сәйкес болады.
Сыртқы шектік көлем нормативте қарастырылған кендікке сәйкес келтіруге болмаған жағдайда жұмыс істеп тұрған цехтарда сыртқы шектік көлемнің сақталмағандығы туралы ескертетін сәйкес (түстік, дыбыстық немесе түстік-дыбыстық) дабыл орнатылады. Осы жерде темір жол шүлдігінен сыртқа шығатын есіктері бар ғимараттың қабырғасына дейінгі шекті қашықтықты ғимарат қабырғасына параллель ғимараттан шығу жолдары мен темір жолдардың арасында орналасқан қоршау тосқауылдарды орнатқан кезде кемінде 3,1 м етуге рұқсат етіледі.
24. Адамдардың жаппай темір жолдары арқылы өтетін жерлерде өту көпірлері немесе тоннелдер қарастырылады.
Басқа өту жолдары рельстің бастиектерімен бір деңгейде салынған төсеніштермен жабдықталады және тиісті белгілермен қоршалады.
Адамдардың темір жолдары арқылы белгіленбеген орындардан өтулеріне жол берілмейді.
Болатты балқыту цехтарының барлық бөлімшелерінде цех пен ұйым аумағы бойынша жаяу кісі қозғалысының үлгісі ілінеді.
25. Жаңадан және қайтадан салынып жатқан болатты балқыту цехтарындағы цехтардың бойында автокөліктердің өту жолдары мен тротуарлар қарастырылады.
26. Болатты балқыту цехтарының аумағында шұңқырлардың, орлар мен ойлардың болуына жол берілмейді. Жөндеу немесе құрылыс жұмыстары кезінде пайда болған уақытша шұңқырлар мен орлар биіктігі кемінде 1,0 м қоршауылдармен, түнгі уақытта жарықпен жабдықталынады.
Цехтардың аумағын металдармен, қоқыстармен және өндірістік қалдықтармен үйуге және ластауға жол берілмейді.
27. Коммуникациялық тоннелдер ҚНжәнеЕ 2.09.03 талаптарына сәйкес және үйлестірілген соратын желдеткіші, тұрақты электр жарығы мен құрғатқыш құрылғысы болады.
4. Ғимараттар мен құрылыстар
28. Болатты балқыту цехтарындағы жалын, сұйық металл мен шлак шашырайтын немесе ыстық әсер ететін арқалықтар мен тіректер жылудан оқшауланады. Жылудан оқшаулау әдісі жобамен анықталады.
29. Болатты балқыту цехтарындағы бөлмелердің желдеткіш құрылғылары температураны, ылғалдылықты және ауаны айдау жылдамдығын, сондай-ақ жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың МСТ 12.1.005 талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
30. Барлық ашылатын екі жақты терезелік және фонарлық жақтаулар оларды ашуға және қажетті қалыпта орнатуға оңай басқарылатын және пайдалануда тұрақты құралдармен жабдықталады.
31. Барлық әйнектелген беттер күйе мен шаңнан тазаланады. Оларды (алаңдар, аспалы бесіктер, балкондар мен тағы басқалар.) тазалау және жөндеу үшін аталған жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін арнайы құрылғылар мен құралдар қолданылады.
32. Пештердің, конверторлардың, сұйық металлды пештен тыс өндеудің және құюдың жұмыс жүргізу алаңдарының едендері тегіс және тайғанақтамайтын мықты төзімді материалдардан жасалады.
33. Жұмыс алаңдарындағы темір жол рельстері арасындағы кеңістік рельстер бастиектерінің биіктік деңгейіне дейін төзімді тайғанақтамайтын материалдардан салынады. Арақашықтықты металл плиталармен қалау кезінде соңғы қабаты бұдырлы болады.
34. Болатты балқыту цехтарының ғимаратындағы едендердің су жиналатын учаскесі оның ағуына жағдай жасайтын құрылғылармен жабдықталады.
35. Құю аралығы ғимаратының сыртқы қабырғасы бойындағы, ал егер шектес қосалқы аралық ғимарат ішінде болған кезде арбашықтарда орнатылған құймақалыптарға болатты кұю жүргізілетін цехтарда апаттық алаңдар жасалынады. Қабырғаның сыртқы жағынан жасалынған алаңға шығу есіктері әрбір кемінде 36 мерт қашықтықта орнатылады. Алаңдардан жерге дейін көлбеу баспалдақтары орнатылады. Баспалдақтар арасындағы қашықтық кемінде 100 м болады.
36. Шихталық және құю аралықтары бар электрлік болатты балқыту пештерінің пештік аралығының жұмыс алаңын байланыстыру үшін кемінде үш пешке бір баспалдақ жасалынады.
37. Құю алаңдарындағы құю аралықтардың қабырғасында шығу есіктерін орнатуға жол берілмейді.
38. Еденнен 0,6 м биіктікте орналасқан алаңдар, өту көпірлері, баспалдақтар, өту жолдары, люктер, орлар, шұңқыршалар мен болатты үзіліссіз құю қондырғысының тұндырғыштары төменгі жағынан тегіс қаптамамен қапталады.
39. Алаң төсемдерінен құрылымдарға, алаң үстіне құрастырылған жабдықтар мен құбырларға дейінгі қашықтық кемінде 1,8 м болады.
Алаң төсемдерінен құрылымдарға, алаң үстіне құрастырылған жабдықтар мен құбырларға дейінгі қашықтық кемінде 2,0 м болады.
40. Болатты балқыту цехтары ғимараттарының кіру есіктері жұмыс орындарына қауіпсіз өтуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік бөлмелерде жұмыс орындар мен оған өту жолдары таза және жабдықтармен, құймалармен, дайын өнімдермен және өндірістік қалдықтармен үйілмейді. Қырылған қалдықтар, сынған кірпіштер мен қоқыстар дер кезінде сыртқа шығарылады.
41. Болатты балқыту ғимараттарындағы темір жол құрамдары жылжитын тесіктер қақпалармен жабдықталады. Басты ғимараттардағы қақпаларды ауа немесе ауа-жылу шымылдықтармен жабдықтау Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 192 бұйрығымен бекітілген Металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындар мен ұйымдарына арналған жалпы қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Қақпалардың ашылу мен жабылуы механикаландырылады.
Қақпалардың ашылу және жабылу механизмі кіру (шығу) дабылымен жабдықталады.
42. Ғимараттардың шатыры шаңнан, мұз бен қардан тазаланады. Жаңа болатты балқыту цехтарын жобалау кезінде шатырлардың құрылымы мұздардың және ернеулерге сүңгілердің қатуы мен әдетте, өндірістік ғимараттардың шатырын шаңнан, сондай-ақ ғимарат ішіндегі шаң мен қоқысты механикалық түрде тазалау құралдары қарастырылады.
43. Болатты балқыту цехтарының түтін және сору желдеткіш құбырларын пайдалану мен оларға қызмет көрсету индустрия және сауда Министрлігі Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің 2004 жылғы 6 мамырдағы № 251 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау ережесінің» (ҚР ҚБҚ 1.04.15-2004) және ҚНжәнеЕ 2.09.03 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Шатырдың құрылымы мұздардың және ернеулерге сүңгілердің қатуын болдырмауы немесе оларды қауіпсіз түрде түсу құрылғысы болады.
44. Болатты балқыту цехтарының ғимараттары мен құрылыстары Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігі Құрылыс істері жөніндегі Комитетінің 2005 жылғы 21 маусымдағы № 175 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғауды жобалау және орнату» жөніндегі нұсқаудың талаптарына сәйкес найзағайдан қорғалынады.
45. Темір жол құрылымдарын болатты балқыту цехтарының ғимараттарына жылжыту цех бойынша бұйрықпен тағайындалған жауапты тұлғаның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
46. Болатты балқытудың әрбір цехында басшылар және мамандар қатарынан ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану мен техникалық жай-күйіне жауап беретін тұлға тағайындалады. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау Қазақстан Республикасы индустрия және сауда Министрлігі құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 5 ақпандағы № 42 бұйрығымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін техникалық қадағалау» ережелерінің (ҚР ҚБҚ 1.04-15-2004) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
5. Шихталық аулалар
47. Болатты балқыту цехтарының шихталық аулалары жабық болуы қажет. Шихталық аулалар шатырының жай-күйі шихталық материалдарына судың және қардың түсуін болдырмайды.
48. Шихталық ауланың ғимаратында жұмыс істеушілерге арналған кемінде 1 м еркін және бойлай өтетін өту жолы болады.
49. Материалдарды шихталық аулаларда бункерлерде, шұңқырларда, қамбаларда және өздігінен төгілетін күрекшелерде сақтайды.
Сусымалы материалдардың жиналуын болдырмау үшін аспалы бункерлер құлату қондырғыларымен жабдықталады.
Бункерлердің, қамбалардың, шұңқырлардың қабырғалары олардың бұзылуынан сақтайтын материалдармен қапталады.
Адамдардың қамбалар мен шұңқырларға құлауының алдын алу үшін олар барлық жақтан биіктігі кемінде 0,8 м қоршаумен қоршалынады. Шихталық материалдарды жеткізу үшін думпкарларды пайдалану кезінде темір жол бетіндегі қамбалар мен шұңқырларды қоршайды.
Бункерлердің үстінен салынған темір жолдар мықты төсеніш заттармен жабдықталады.
Жұмыс істейтін шихталық аулаларда қамбалар немесе шұңқырлар болмаған жағдайда магниттік материал теміржол жағынан қоршалған арнайы дайындалған алаңдарға салынады. Бастырмалардың пайда болуына жол берілмейді. Қатардың биіктігі оның жүк көтергіш органның биікке көтерілген қалпына дейін кемінде 2 м болады.
50. Шихталық аулаларға металлоломды түсіру ашық вагондарда, ал сусымалы материалдар өздігінен төгілетін вагондарда жүргізіледі. Вагондарға салынатын металл шихта вагон сыртына шықпайды.
51. Мұз болып қатқан материалдарды шихталық аулаларға түсіруге жол берілмейді.
52. Жүкті түсіруге берілетін жылжымалы құрамдар тоқтату белгілерімен қоршау және соңғы вагондардың доңғалақтарының астына тежеуіш табандар қойылады.
Жүк түсіру жұмыстары аяқталғаннан кейін шихталық ауланың темір жолдары дереу босатылады. Шихталық аулалар бункерлерінің үстінде вагондарды тазалауға жол берілмейді.
Бункерлік эстакададағы жұмыс орындарының жағдайы, бункерлердің ақаусыздығы мен онда бөгде заттардың болмауы, сондай-ақ жолдардың ақаусыздығы мен тазалығы әр ауысым кезінде тексеріледі.
53. Жылжымалы құрамның шығыңқы бөлігімен шихталық аула ғимаратының бағаналары, еденнің үстіне орнатылған контейнерлер, қораптар, мульдалар, өздігінен төгетін күрекшелер мен шихталық аулаларда жиналатын материалдар арасындағы қашықтық кемінде 0,7 м болады.
54. Шихталық материалдарды вагондардан түсіру механикаландырылады. Өздігінен төгілетін вагондардың есіктері мен люктерінің ашылуы арнайы құрылғыларды қолдану арқылы жүргізіледі.
Шихталық материалдарды вагондардан түсіру мен оларды күрекшелерге, мульдаларға, қораптарға тиеу және тағы басқа барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
55. Металдық шихталарды көлемді мульдаларда, қауға шелектерде, қораптарда және сол сияқты тиеуге дайындалған шихталық аулаларда беріледі. Шихталық аулаларда материалдарды бөлшектеуге жол берілмейді.
56. Болатты балқыту цехтарына түсетін барлық металлолом жарылу қауіптілігіне және құрамында тез тұтанатын заттардың болмауына пиротехникалық бақылаудан өтеді. Бұл жұмыстар МСТ 2787 сәйкес жүргізіледі.
57. Жұмысшылардың шихталық материалдарды грейферлік немесе магниттік крандармен мульдаларға, күрекшелерге, қораптарға, қауға шелектерге және сол сияқтыларға тиеу аймағында болуына жол берілмейді.
Материалдарды тиеу кезінде грейферді немесе магнитті ұзындығы кемінде 3 м ілгектердің, қадалардың көмегімен бағыттауға рұқсат етіледі. Ломдарды мульдаларды, қораптарды жөндеу және сол сияқты қолмен жасау жұмыстары тек кран орнынан жылжығаннан кейін рұқсат етіледі.
Үйінді қауғалардың толтыруылуын бақылайтын тұлғалар қауіпсіз жерде тұрады.
58. Қуыс (баллондар, қораптар мен сол сияқты) заттар мульдаға, күрекшелерге, қораптарға, қауғаларға, контейнерлерге тиеу алдында бөлшектерге бөлінеді.
59. Металл шихтаны мульдаға, күрекшелерге, қораптарға, қауғаларға тиеу аяқталған кезде ломның ұштары шығып немесе оның шеттерінен салбырап тұрмайды. Тиеу аяқталғаннан кейін мульдалардың құлыптары тазаланады және тексеріледі.
60. Мульданың, күрекшелердің, қораптардың, қауғалардың табандарындағы судың ағу үшін сирек тесіктер жасалынады.
61. Болатты балқыту цехтарының шихталық аулаларында мульдаларды орнату үшін мықты және тұрақты стеллаждар жасалады.
Мульдаларды ілгектері бар шынжырларды қолдану арқылы крандармен тасымалдау кезінде стеллаждардың ені мульдалардың ұзындығынан кем болмайды. Егер мульдаларды ауыстыру механикалық ұстағыштары бар крандармен жүргізілсе стеллаждардың ені мульдалардың рамаларды ұстау шарттарымен анықталады.
Мульдаларды стеллаждарға орнату қиякесіктерсіз және қисаюсыз жүргізіледі.
62. Цехқа түсетін сусымалы шихталық материалдардың фракциалық құрамы белгіленген тәртіпте бекітілген технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес болады.
63. Жабық бөлмелердегі шаңы шығатын материалдарды шамадан тыс тиеу орындары аспирациялық қондырғыларға қосылған қаптармен нығыздалып жабылады.
64. Таспалық конвейерлер таспаның жылдамдығын шектіден (тайғанақтау) 75 % дейін төмендеткен кезде конвейер жетегінің ажырауын қамтамасыз ететін қорғау құралдарымен жабдықталады.
65. Жаңадан және қайта салынып жатқан болатты балқыту цехтарында конвейрлер астындағы қоқсықтарды тазалау механикаландырылады. Төгілгендерді қолмен жинау тек конвейерлер сөндірілгеннен кейін рұқсат етіледі.
66. Конвейерді жұмысқа қосу алдында конвейердің бойымен естілетін, автоматты түрде ескертетін дыбысты белгі беріледі.
67. Жылжымалы жүк түсіру арбашықтары мен жылжымалы реверсивті конвейерлердің ток беретін кабелдері механикалық зақымданудан қорғалынады.
68. Аспирациялық жүйенің тозаң жиналатын бункерлеріндегі шаңдар арнайы жабдықталған машиналарға сорылады.
69. Конвейерлер арқылы өту үшін тұрақты кішкене көпірлер орнатылады. Өндірістік бөлмелерде кішкене көпірлер конвейерлер бойымен кемінде әр 30 м, ал галереяларда кемінде әр 100 м сайын орнатылады.
Бұл талаптар жылжымалы арбашықтар орнатылған конвейерлерге қолданылмайды.
70. Электродтарды вагондардан түсіру мен тасымалдау арнайы құралдарды қолдану арқылы жүргізіледі.
Электродтарды сақтау үшін стеллаждар жасалынады.
71. Электрод соққысын уату механикаландырылады. Электродтарды токарлық станоктарда өңдеу кезінде шаңдарды соратын аспирациялық жүйе қарастырылады.
72. Уатқыш және ұнтақтау қондырғылары оқшауланған бөлмелерде орнатылады. Бұл қондырғыларды шихталық аралықта орнатуға жол берілмейді.
73. Уатқыш және ұнтақтайтын агрегаттарға материалдарды салу механикаландырылады.
Іске қосатын құрылғылар уатқыш және ұнтақтағыш агрегаттарды іске қосуды жүзеге асыратын тұлғаға көрінетіндей болып орнатылады.
74. Уатқыш және ұнтақтағыш агрегаттар МСТ 12.1.005 талаптарына сәйкес жұмыс аймағы ауасындағы тозаңның болу құрамын қамтамасыз ететін шаң соратын аспирациялық жүйемен жабдықталады.
75. Шихталық аулаларда жылдың суық мезгілдерінде жұмысшылар жылыну үшін жылытылатын бөлмелер қарастырылады.
6. Миксерлік бөлімше
76. Миксерді бұрау механизмінің екі электрқозғалтқышы, соның ішінде біреуі қосалқы электрлік тежеуіші болады. Электрқозғалтқыштарды қоректендіру кемінде екі жеке ток көздерінен жүзеге асырылады.
77. Электр қуаты кенеттен берілмей қалған жағдайда бастапқы қалыпқа өздігінен келтіруді қамтамасыз етпейтін құрылғылы миксер бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік беретін механизммен жабдықталады.
78. Миксерге құятын терезесінің, төгетін тұмсығының үстіне аспирациялық жаппаларды орнату мен құру миксерге шойынды құю, миксерден шойынды төгу мен шлакты араластыру кезінде графит пен газдарды ұстап қалуды қамтамасыз етеді.
Графиттерді ұстап қалу үшін аспирациялық қондырғылардың арнайы құрылғылары болады.
Газдар мен графитті жоятын аспирациялық жүйе жұмыс істемейтін кезде миксерге шойынды құюға, миксерден шойынды төгуге және шлакты араластыруға жол берілмейді.
79. Миксердің құятын терезесі мен төгетін тұмсық тесігінің футерленген қақпағы болады. Қақпақтың ашылуы мен жабылуы механикаландырылады.
80. Миксерді басқару бекеті миксердің төгу тұмсығынан алыс, миксерден шойынды төгу операциясын көруді қамтамасыз ететін жерде орналасады. Басқару бекетін миксердің төгу тұмсығына қарсы орнатуға жол берілмейді.
81. Басқару бекетінің бөлмесі жанбайтын материалдан салынады және үйлестірілген желдеткіші болады.
Басқару бекетінің есігі миксердің төгу тұмсығы жағынан салынбайды.
Бекеттің миксердің төгу тұмсығына қарай шығатын терезесі ыстықтан қорғайтын әйнекпен әйнектелінеді.
82. Орналастырылған миксер астына, миксерлік бөлімшенің еден деңгейінде, бөлменің сол деңгейінен төмен, қызмет көрсететін персонал үнемі болатын жерлерде тұрақты қызмет көрсетуді талап ететін жабдықтарды орналастыруға рұқсат етілмейді.
83. Миксерлік бөлімшенің және миксердің жұмыс алаңдарының едендері кедір-бұдырлық төзімді материалдардан жасалынады.
84. Миксерлердің жұмыс алаңында кемінде екі шығу есігі болады.
Миксерге шойынды құюды басқарылатын алаң құю терезесінен биік және шойынның құйылу ағысын көруді қамтамасыз ететін жерде орналасады. Жұмысшыны шойынның шашырауынан және ыстықтың берілуінен қорғау үшін жанбайтын материалдан кабина жасалынады.
Миксерлерге қызмет көрсету алаңдарының, кішкене көпірлер мен баспалдақтардың ені кемінде 1 м болады.
85. Шойынның миксерден ожауға құйылуын бақылау үшін басқару бекетінің алдынан жұмыс алаңының еденінде сүйенішпен қоршалған және мықты тормен жабылған байқау тесігі болады.
86. Миксерді кокстық, табиғи газбен немесе мазутпен жылытады. Домналық газды ерекше жағдайларда ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Газ құбырларын олардың айналатын бөлшектерін айналмайтын бөлшектерімен біріктіру орындарында құру ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
87. Миксерге шойынды жиегінен есептегенде 250 мм аспайтын деңгейге дейін толтырылған ожаумен құюға рұқсат етіледі.
Ожаулардың тұмсықтары қырудан тазаланылады және толтырылады.
88. Шлакты миксерлер мен ожаулардан араластырып төгу механикаландырылады. Шлактар шлак құйылатын ожауларға құйылып, уақытылы миксерлік бөлімшеден шығарылады.
89. Шойын құйылған ожауды көмкеру үшін оны ілгекпен ілу миксердің құю терезесі деңгейінде немесе шлакты аралдастыру алаңында жүргізіледі. Көмкеру үшін ілгекке ілінген кезде ожауды көтеруге рұқсат етілмейді.
90. Миксерді басқарушы мен миксерлік кранның машинисті арасында байланыс орнатылады.
91. Шойынды миксерге құю терезенің ортасында қалыпты ағынмен шекті биіктікте жүргізіледі. Шойынның құйылатындығы туралы дыбысты белгі беріледі.
92. Қатқан қыртысы бар ожаулардан шойынды миксерге құюға рұқсат етілмейді.
Қатқан қыртысты оттегімен тесу немесе күйдіру алаңнан алыс арнайы қалқанмен қоршалған және жұмысшыны шойынның шашырауы мен ыстықтың берілуінен сақтайтын қондырғылармен жабдықталған жерлерде жүргізіледі. Қатқан қыртысты тесу немесе күйдіру жөніндегі жұмыс тәртібі технологиялық регламентте қарастырылады.
93. Шойынды миксерден миксерлік ожауға құюдың алдында ожаудың құю тұмсығына дұрыс орнатылғандығы, құю тұмсығы мен миксердің мойыны тексеріледі.
Құю тұмсығының астына ожаудың дұрыс орнатылғандығы туралы миксерді басқару бекетіне дыбысты немесе түсті белгі беріледі.
94. Шойынның құйылатындығы туралы дыбысты белгі беріледі. Белгі беру құрылғысы миксерді қосу механизмін іске қосу құрылғысымен қосылады.
95. Шойынды миксерге құю және шойынды миксерден ожауға құю кезінде жұмыс істейтін адамдардың миксер астында жүруіне рұқсат етілмейді.
96. Жөндеуден өткен ожауға шойынды құю оларды толық кептіргеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
97. Шойынды ожаудың жиегінен есептегенде 250 мм асатын деңгейден артық толтыруға рұқсат етілмейді.
98. Шойынды сынауға алуды миксердің құю тұмсығынан немесе толтырылған ожаудан алады. Сынауға алатын құрылғы құрғақ болады.
99. Миксерді басқару мен шойынды таситын электрлендірілген арбашықтарды басқару жөніндегі жұмыстарды бір кезде орындау кезінде миксерді басқару пультінде конверторлардың жұмыс алаңын, шойынды таситын арбашықтар мен миксердің құю терезесін жоғарыдан бақылауға мүмкіндік беретін теледидар арқылы бақылау қондырғысы болады.
100. Миксер футеровкасының жай-күйі мен ақаусыздығы ауысым сайын миксерде жұмыс істейтін тұлға тексереді және тексеру қорытындыларын журналға жазады.
Миксердің терезесі мен қабын қатқандар мен қырылғандардан тазаланады.
101. Миксерлік бөлімшедегі құрылғылар мен жабдықтар графиттен үнемі тазаланады.
102. Миксерлік бөлімшедегі ожауларды жөндеуге, миксерлік бөлімшеде «тазаланбаған» және қатқан қыртысты ожауды қолдануға рұқсат етілмейді.
103. Футерлік жұмыстар ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоба бойынша жүргізіледі. Футерлік жұмыстарды орындағаннан кейін миксерді кептіру мен қыздыру технологиялық регламент бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |