Бөлім: «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»



Дата14.09.2022
өлшемі32.37 Kb.
#460704
қалыптастырушы 2



Бөлім: «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»



Оқу мақсаты

5.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
 Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды  Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды

Ойлау дағдыларының деңгейі
Тапсырма

Жоғары деңгей дағдылары

Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз
(60-70 сөз).

Мәтін

Жинақы мәтін

Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.



Дескриптор Білім алушы

5.ӘТН5. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану


Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгісін қойып, төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.
Итаяқ
Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып Балам, мына істеп жатқаның не? деп сұрайды.

  • Бұл – итаяқ дейді бала.

  • Оны не істейсің?

  • Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.

( М.Тоқашбаев)
Дескриптор Білім алушы

    • мәтіндегі тыныс белгісі қойылмаған 3 төл сөзді анықтайды;

    • анықталған сөйлемдердегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды;

    • тыныс белгілердің қойылуын дұрыс нұсқасымен тексереді;

    • анықталған төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет