Бөлім «Терапия»Тесттер. Квинке ісігі аллергиялық реакциясы көрінеді



Дата01.07.2016
өлшемі201.1 Kb.
#171230
Бөлім «Терапия»Тесттер.


  1. Квинке ісігі аллергиялық реакциясы көрінеді:

  1. «көбелек» тәрізді бетте гиперемияның пайда болуымен

  2. бетте, мойында, кілегейлі қабаттарда тез өрістейтін ісінудің пайда болуымен

  3. теріде дақтың, күлдіреуіктің пайда болуымен

  4. теріде қасыған іздердің пайда болуымен

  5. аяқ-қолдардың ісінуімен, тахикардияның пайда болуымен




  1. Жедел коронарлық синдромымен науқасқа дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетуде Сіздің әрекетіңіз:

  1. қараңғы бөлмеге жатқызыңыз, басына суақ басып

  2. эпигастрий аймағына жылытқыш қойыңыз

  3. науқасты қысып тұрған киімнен босатыңыз, аспирин , нитроглицерин беріңіз

  4. басына жылытқыш,аяғына суық басыңыз

  5. кеуде торына суық басыңыз




  1. Гипертониялық кризде бақыланады:

  1. систолалық АҚ 180 мм сын.бағ. дейін көтерілуі

  2. диастолалық АҚ 90 мм сын.бағ. дейін көтерілуі

  3. бас айналу, жүрек айну, олигоурия

  4. кардиальді жане церебральды симптомдармен АҚ кезкелген жоғарылауымен үйлесуі

  5. систолалық қысымның 200 мм сын.бағ. дейін көтерілуі




  1. Гипертониялық кризде алғашқы көмек көрсетуде бірінші кезекте қолдануыңыз керек:

  1. нитроглицерин тіл астына

  2. кордипин, корвитол, эналаприл тіл астына

  3. гемитон көк тамырға

  4. элениум, реланиум ішке

  5. изокет көк тамырға




  1. Гипертониялық кризді басу үшін қолдануға ұсыныс берілмейтін препаратты атаңыз:

  1. обзидан

  2. корвитол

  3. эпинефрин

  4. анаприлин

  5. энам




  1. Гипертониялық кризді басуды бастағаннан кейін алғашқы бір сағатта АҚ төмендету қанша % болу керек:

  1. 15-20% бастапқы кезеңнен бастап

  2. 5-10% бастапқы кезеңнен бастап

  3. 40-50% бастапқы кезеңнен бастап

  4. 50% дан жоғары бастапқы кезеңнен бастап

  5. Қалыптыға дейін




  1. Кеудеде қысып ,басатын ауырсынудың 10 мин бойы жалғасуы ненің белгісі болып табылады:

  1. гипертониялық криздің

  2. кардиогенді шоктың

  3. қабырға аралық невралгияның

  4. стенокардияның

  5. құрғақ плевриттің




  1. Стенокардияны басу үшін қолданасыз:

  1. валиум

  2. изоптин

  3. нитроминт

  4. лидокаин

  5. сальбутамол




  1. Миокард инфарктісінің абдоминальді түрінде анықталады:

  1. тақта тәрізді іш, жоғарғы қызба

  2. шап аймағындағы ауырсыну төменгі аралыққа иррадиациясымен

  3. эпигастрий аймағында ауырсыну, диспепсия

  4. АҚ төмендеуі, бас айналу

  5. оң жақ қабырға астының ауырсынуы




  1. Тамырлар тонусының төмендеуі нәтижесінде АҚ төмендеуі аталады:

  1. гиповолемиялық шок

  2. коллапс

  3. естен тану

  4. гипертониялық криз

  5. өкпе ісінуі




  1. Миокард инфарктісі кезінде науқаста АҚ төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізденуі, тері түсінің мәрмәрлануы жане бозаруы байқалса, мына жағдай жәйлы ойлауға болады:

  1. қолқа аневризмасы

  2. жыбыр аритмиясы

  3. кардиогенді шок

  4. ишемиялық инсульт

  5. геморрагиялық инсульт




  1. Бронх демікпесі ұстамасында тәуелді медбикелік араласуда қолданылады:

  1. обзидан, атенолол

  2. сальбутамол, беродуал

  3. дексаметазон

  4. фуросемид, аспаркам

  5. промедол, омнопон




  1. Егер бөлмеде дем шығаруы қиындаған, дистанциялық сырылы, жөтелі, қорқыныш сезімі бар науқас болса, сіз болжайсыз:

  1. экссудативті плевритті

  2. бронхиальді демікпе ұстамасын

  3. өкпенің ісінуін

  4. миокард инфарктісін

  5. анафилактикалық шокты




  1. Эпигастрий аймағына суық басу, ашығу, аминокапрон қышқылы немесе этамзилат қолданылады:

  1. асқазаннан қан кетуде

  2. өкпеден қан кетуде

  3. жедел панкреатитте

  4. асқазан тесілуінде

  5. жараның тесілуінде




  1. Жедел панкреатитте көмек көрсету кезінде қолданылады:

  1. нитроглицерин, но-шпа

  2. ампициллин, метронидазол

  3. церукал, алмагель

  4. де-нол, маалокс

  5. суық басу, аштық, креон




  1. Бел аймағына жылу басу, спазмолитиктерді мына жағдайда қолданамыз:

  1. жатырдан тыс жүктілік

  2. бүйрек шаншуы

  3. энтероколит

  4. өттегі ауырсыну

  5. гепатит




  1. Анафилактикалық шок кезінде мыналарды қолдану тиімдірек:

  1. эуфиллин, интал

  2. изокет, сальбутамол

  3. эпинефрин, преднизолон

  4. супрастин, димедрол

  5. дигоксин, верошпирон




  1. Ашығу сезімі, тершеңдік, бас айналу, естен тану, қалтырау белгілерінің жиынтығы мына жағдайға тән:

  1. анафилактикалық шок

  2. гипергликемиялық кома

  3. гипогликемиялық кома

  4. кардиогенді шок

  5. эпилепсия




  1. Инсулин мөлшерінің жеткіліксіздігі, көмірсуларды артық пайдалану әкеліп соқтырады:

  1. гипогликемиялық комаға

  2. естен тану

  3. ишемиялық инсультке

  4. эпилептикалық статусқа

  5. гипергликемиялық жағдайға




  1. Кенеттен құлау, естен тану, сезімталдықтың жойылуы, дененің жарты бөлігінің салдануы белгілері болжауға мүмкіндік береді:

  1. геморрагиялық инсультті

  2. миокард инфарктісін

  3. эпилепсияны

  4. истерияны

  5. гипогликемиялық команы




  1. Аура кезеңі, тоникалық жане клоникалық құрысулар тән:

  1. инсультке

  2. коллапсқа

  3. гипогликемиялық комаға

  4. эпилепсияға

  5. гиперегликемиялық комаға




  1. Науқасқа амоксициллин иньекциясы жасалу барысында, кенеттен естен тану, АҚ төмендеуі, қалтырау, зәр шағарудың ықтиярсыз болу белгілері пайда болды, бұл нені білдіреді:

  1. коллапсты

  2. гипертоникалық кризді

  3. гипогликемиялық жағдайды

  4. анафилактикалық шокты

  5. гипергликемиялық команы




  1. Мына жағдайдың алдын алу үшін, кейбір гипотензиялық препараттарды енгізгеннен кейін науқасты 2 сағат жатқызу қажет:

  1. АҚ жоғарылауын

  2. естен тану мен коллапстың дамуын

  3. тыныс алудың тоқтауын

  4. тұншығудың пайда болуын

  5. команың дамуын




  1. Сіз науқастан асқазаннан қан кетуді күдіктенесіз, егер:

  1. жөтелген кезде көпіршікті қан кету

  2. тат басқан қақырықпен жөтел

  3. нәжісі ал қызыл түсті қан араласқан болса

  4. қарамай түсті нәжіс,кофе қоюы тәрізді құсық болса

  5. зәрінің түсі ет жуындысы түстес болса




  1. Қант диабетімен ауыратын науқас инсулин иньекциясын алғанннан кейін, аз тамақ ішіп ауыр физикалық жұмыс атқарды, науқаста қандай кома дамуы мүмкін:

  1. гипергликемиялық

  2. гипогликемиялық

  3. бүйректік

  4. уремиялық

  5. наркотикалық




  1. Гипогликемиялық комадан науқасты алып шығуға болады:

  1. тәтті шай беру

  2. жақсылап тамақтандыру

  3. глюкозаны көктамырға егу

  4. көктамырға инсулин егу

  5. тері астына инсулин егу




  1. Бронхиальді демікпе ұстамасы кезінде дарігердің келуіне дейінгі комплекстік емдік шараға кіреді:

  1. оксигенотерапия, небулайзер арқылы ингаляция

  2. құрғақ қан кетіру, веноздық жгутты көктамырдың шеткі аймағына салу

  3. оксигенотерапия оттегімен, дымқыл спиртпен

  4. жастықсыз төсекке жатқызу,жылы сусын ішкізу

  5. науқасты жылыту ( жабу, грелкамен қоршау)




  1. Инсулинотерапияның асқынуларының бірі:

  1. анурия

  2. полиартрит

  3. дисфагия

  4. тенезмы

  5. гипогликемия




  1. Бүйректің концентрациялық және шығару функциясының бұзылуын анықтайтын әдісті таңда:

  1. тәуліктік диурезді өлшеу

  2. іш аймағын әр тексеруде өлшеу

  3. дем алудың жиілігін санау

  4. екі қолдыңда АҚ қадағалап отыру

  5. Зимницкий бойынша зәр анализі




  1. Өт шаншуының клиникалық белгілерінің бірі болып табылады:

  1. оң жақ қабырға астының тұйық ауырсынуы, ащы дәм, сарғаю,бауырдың үлкеюі,асцит

  2. қабырға асты ауырсынуы, жүрек айну

  3. қысып ауру, жүрек айну, құсу

  4. оң жақ қабырға астының ұстама тәрізді ауырсынуы, оң жақ жауырын ,бұғанаға иррадиация беруі, жүрек айну, құсу

  5. бел аймағында ұстама тәрізді ауырсыну, іш асты иррадиациялануы, дизурия, гематурия.


  1. Асқазаннан қан кету кезінде қолданылатын гемостатикалық препарат, бұл:

  1. фибринолизин, гепарин, аспирин

  2. аминокапрон қышқылы, дицинон

  3. стрептолизин, преднизолон

  4. трасилол, контрикал, гордокс

  5. аминофиллин, эпинефрин




  1. Эпигастрий аймығында қанжар сұққандай ауырсыну, суык тер, терінің бозаруы мына ауруға тән:

  1. жара ауруының өршуіне

  2. өткір панкреатитке

  3. асқазанның перфорациясына

  4. жараның обырға айналуына

  5. асқазаннан қан кетуіне




  1. Өтпелі асқазан жарасында көмек көрсете отырып:

  1. эпигастральді аймаққа жылытқыш қою, наркотикалық анальгетиктер

  2. суық, аштық, ферменттер

  3. асқазанды шаю, көп мөлшерде суық су

  4. эпигастральді аймаққа суық, аштық, хирургтың консультациясы

  5. суық, аштық, антиферменттік препараттар




  1. Гипергликемиялық команың бастапқы даму сатыларында науқасты мазалайды:

  1. өте қатты қарын ашуы, тершендіктің жоғарылауы, эйфория, дененің дірілі, әлсіздік

  2. полидипсия, полиурия, тершендік, семіздік

  3. ашушандық, жылағыштық, аритмия, дене салмағының төмендеуі

  4. қалжырататын шөлдеу, ауыздың құрғауы, іштін ауруы, жүрек айну, құсу

  5. қалтырау, артрит, аяқта бөртпелер




  1. Гипогликемиялық кома үшін тән:

  1. бозару теріде, шамадан тыс тершендік, қалтырау

  2. бет гиперемиясы , терінің құрғауы, Куссмауль тынысы

  3. көз алмасының бұлшықеттерінің тонусының төмендеуі, бүктемелі тіл, ауыздан ацетон иісі

  4. терінің кебуі, боз, ақшыл түсті, ауыздан зәр иісінің шығуы

  5. терінің құрғауы, іш өту, тері қышуы, қызба




  1. Гипогликемиялық команы басу үшін сіз науқасқа егесіз?

  1. 25% магнезии ерітіндісі науқас есін жиғанша

  2. 0,1% адреналин ерітіндісі 0,5 мл т/а

  3. 10 бірлік инсулин к/т немесе т/а

  4. инсулин әр 2-3 сағат сайын 4-6 бірліктен науқас есін жиғанша

  5. глюкоза 40% к/т науқас есін жиғанша




  1. Анафилактикалық шок кезінде болатын симптомдарды анықтаңыз:

  1. артериалды қысымның күрт жоғарылауы, бүкіл денеде діріл, ашушаңдық

  2. қатты жөтел, дауыстың қырылы

  3. дем алудың және дем шығарудың қиындауы, стридорозды тыныс алу

  4. демікпе, қызба, жөтел қақырықты, кеуде торында ауырсыну

  5. естің бұзылуы, терінің мәрмәрлануы, артериалдық қысымның төмендеуі




  1. Талма кезіндегі көмек:

  1. жартылай отырғызу, басқа мұздық қою, балтыр бұлшықетіне жылытқыш қою

  2. жатқызу, тілдің астына нитроглицерин салу, жүрек тұсына жылытқыш қою, ыстық қол ванналары

  3. аяқ бөлігін көтеріп жатқызу, таза ауамен қамтамасыз ету, мүсәтір ерітіндісін иіскету

  4. бас пен тұлға бөлігін жоғары көтерип жартылай отырғызу,оттегі беру, қан ағызу 300мл

  5. строфантин егу, лазикс, веналық жгуттар салу




  1. Төмендегі белгілердің қайсысы науқаста анықталған жағдайда бронх демікпесі ұстамасына күдіктенесіз?

  1. тұншықтыру, тыныс алу кезіндегі тұншығу, жөтелмен бірге созылмалы қан аралас қақырық, мазасыздық

  2. тұншығу,бет гиперемиясы, Куссмауль тынысы, құсу

  3. тұншығу, тыныс алу кезінде тұншығу, бет гиперемиясы, қозу

  4. дем шығарудың қиындауымен ентігу, дистанционды сырылдар

  5. тұншығу, көкірек қуысында өткір ауырсыну, жөтел, қантүкіру, тұлғаның жоғарғы бөлігінде цианоз, мойын веналарының ісінуі




  1. Бронхиальді демікпе ұстамасын басу үшін енгізу керек:

  1. глюкокортикоидтар, антигистаминдер, зәрайдаушылар

  2. бронхолитиктер, адреномиметиктер, глюкокортикоидтар

  3. гипотензивті, зәрайдаушы, седативті

  4. анальгетиктер, спазмолитиктер

  5. антибиотиктер, жөтелге қарсы, қақырық түсіруші




  1. Гипертониялық криз кезінде науқаста байқалады:

  1. тұрақты және ұзаққа созылған артериалық қысымының жоғарлауы, шүйде аймағында тұйық ауырсыну, жиірек таңертеңгілік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі

  2. артериалық қысымның кенеттен бірден, бас ауыруымен және кардиальді ауырсынулардың қосарласуымен артериалық қысымның кез келген бастапқы деңгейден жоғарылауы

  3. артериалық қысымның төмендеуі, басайналу, әлсіздік, терлегіштік, тері жамылғысының бозаруы

  4. жүрек тұсындағы жағымсыз сезім, әлсіздік, суық тер, аштық сезім

  5. бас ауырсыну, сандырақ, дене қызуының жоғарлауы




  1. Егер сіз мына препараттардың бірін қолдансаңыз гипертониалық кризы бар науқасқа көмектесесіз:

  1. беротек, алупент, сальбутамол ингаляторларын

  2. преднизолон, мезатон, адреналин

  3. полиглюкин, допамин, преднизолон

  4. энам, бисопролол, кордипин

  5. нитроглицерин, морфин, лазикс




  1. Есте сақтау керек, кейбір гипертензивтік препаратттар енгізген кезде науқастар 2 сағат жату керек, мынаны болдырмас үшін:

  1. одан әрі артериалды қысымның жоғарылауын

  2. ортостатикалық коллапс дамуын

  3. демнің тоқтауын

  4. тұншығудың пайда болуын

  5. шоктың дамуын




  1. Миокард инфарктісіне тән:

  1. төс астында уақытша ауырсыну,қысу

  2. жүректің жоғарғы бөлігінде шаншып ауырсыну

  3. бірнеше сағат бойы төс артында күйдіріп ауырсыну

  4. әрдайым жүрек тұсында сыздап ауырсыну

  5. сол кеуде бөлігінде шаншып ауру, жөтел, қозғалған кезінде өршитін қызба, тұншығу




  1. Миокард инфарктісі кезінде жедел көмекте қолдануға ұсынылады:

  1. 30% этил спиртін к/т, нитроглицерин, лазикс

  2. нитроглицерин, морфин, гепарин, аспирин

  3. магния сульфат, гемитон

  4. адреналин, тікелей емес жүрекке массаж

  5. клопидогрель, баралгин




  1. Физикалық жұмыс есебінен немесе стресс кезінде кеуде тұсын қысатын,басатын белгілер тән:

  1. тыныштық стенокардиясына

  2. тұрақсыз стенокардиясына

  3. тұрақты стенокардиясына

  4. кардиогендік шокқа

  5. күштемелі стенокардиясына




  1. Түссіз,шыны тәрізді қиын бөлінетін қақырық тән:

  1. бронхиальді демікпеге

  2. пневмонияға

  3. жіті бронхитке

  4. өкпе абсцессіне

  5. плевритке




  1. Өкпедегі қан кету кезіндегі қақырық

  1. "кофе тұнбасы"тәріздес

  2. алқызыл көпіршіктенген

  3. тот түстес

  4. қызғылт көпіршіктенген

  5. кілегейлі қан аралас




  1. Құрсақ қуысын УДЗ да дайындау :

  1. тексеру алдында таңертең кешке тазартқыш клизма жасау

  2. ішті тазарту

  3. ішекті тазарту

  4. 3 күн бойы газды тударатын ас қабылдамау, эспумизан 1 таблеткадан 3 рет күніне

  5. тексеріс алдында көп мөлшерде су қабылдау




  1. ОКC кезінде ST сегментінің көтерілуі патогенетикалық терапия артықшылығы:

  1. адекватты ауруды басу

  2. седативті терапия

  3. тромболизис

  4. антиагрегантті терапия

  5. оксигенотерапия




  1. Протеинурия бұл:

  1. зәрде цилиндрдің аздығы

  2. зәрде лейкоциттің жеткіліксіздігі

  3. зәрде эпителий жасушалардың көп болуы

  4. зәрмен ақуыздың шығуы

  5. зәрмен қан ағуы




  1. Өткір коронарлы синдром кезінде науқасты госпитализациялау керек:

  1. аурудың алғашқы тәуліктерінде

  2. мүмкіндік болса науқас пен оның туыстарын

  3. симптом дамыған алғашқы сағаттарда

  4. диагноз қояр алдында 3 тәулік бұрын

  5. асқынулар байқалған кезде




  1. Бактериалды егуге зәрді жинайды:

  1. таңғы зәрдің жартысын алады

  2. таңғы зәрді катетрмен стерильді ыдысқа алады

  3. таңғы зәрді лабораторияға жылы күйінде жеткізу

  4. бір тәулік зәрді бір ыдысқа

  5. су ішкеннен кейін кез келген уақытта




  1. Гемостатикалық эффектісі айқын көрінетін қан компонентін көрсетіңіз:

  1. лейкоцитарлық масса

  2. альбумин

  3. глобулин

  4. тромбоцитарлық масса

  5. плазма




  1. Артериалды қысымды көтеру үшін қолданады?

  1. сальбутамол

  2. гентамицин

  3. допамин

  4. лизиноприл

  5. аминалон




  1. Науқаста бронхиальды демікпе ұстамасы кезінде медбикенің тәуелсіз араласуына кірмейді:

  1. жоғары қалыпқа қоюға

  2. таза ауамен қамтамасыз етуге

  3. қысып тұрған киімдерін шешуге

  4. дәрігер келгенше аминофиллин егуге

  5. бронхолитикалык ингаляция қолдануға




  1. Қант диабеті кезінде зәрде болады:

  1. белок

  2. лейкоциты

  3. эритроциты

  4. глюкоза

  5. тұздардың көп мөлшері




  1. Миокардтың жедел инфарктісі кезіндегі ЭКГ беогілері?

  1. интервалдың ұзаруы PQ

  2. кезектентыс комплекс QRS

  3. патологиялық тісше Q

  4. f-толқынның пайда болуы

  5. бәрі ретімен




  1. Қантқа зәр жинау ережесі:

  1. бір тәулік ішінде жинау,барлық зәрді лабораторияға апару

  2. бір тәулік ішінде жинау,барлық зәрден 1 литр лабораторияға апару

  3. лабораторияға 10 сағатта жиналған зәрді апару

  4. бір тәулік ішінде жинау,барлық зәрден 200 мл лабораторияға апару

  5. лабораторияға 3 сағатта жиналған зәрді апару




  1. Науқасты нәжістегі жасырын қан анализіне дайындау:

  1. тексеру алдында жеңіл кешкі ас,таңертен тазарту клизмасы

  2. тексеріс алдында түнде таңертең тазарту клизмасы

  3. тексеріс алдында үш күн бұрын тамақ пен көкөністі қолданбау

  4. тексеріс алдында іш айдайтын препараттар қолдану

  5. тексеруге дейін үш күн тіс жумау




  1. Зәрдің түсі ет жуындысы тәріздес ненің көп болуынан болады?

  1. бактерияның

  2. эритроциттің

  3. лейкоциттің

  4. цилинддің

  5. тұздардың




  1. Науқас П диагнозы: ЖИАалғаш пайда болған стенокордия кезінде бас ауру, құлақта шудың болуы,бас айналу, жүрек айнуға шағымдары болады.Тексеру кезінде: пульс 100 рет минутына.АҚ 85/55мм.с.б осындай жағдай қай препаратты қолданған кезде болады:

  1. корвалол

  2. новопассит

  3. ацетилсалицил қышқылы

  4. нитроглицерин

  5. кеторол



  1. Зәр анализін Нечипоренко бойынша нені анықтау үшін жүргізіледі:

  1. лейкоциттерді

  2. ақуызды

  3. диастаздарды

  4. глюкозаны

  5. зәрдің тығыздылығы




  1. Жедел пиелонефрит кезінде зәрдің жалпы анализінде анықталады:

  1. лейкоцитурия

  2. гематурия

  3. цилиндрурия

  4. зәрдегі тұз мөлшерінің артуы

  5. глюкозурия




  1. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін стенокардия ауырсынуы басылады:

  1. 20 мин кейін

  2. 2-5 мин кейін

  3. 1 сағат кейін

  4. 15 мин кейін

  5. 1 сек кейін




  1. Ұстамалы тұншығу, тыныс шығару кезіндегі ысқырықты сырыл, қолдарын сүйенген ортопноэ жағдайында. Қандай ауру жайлы ойлауға болады:

  1. жедел бронхит

  2. пневмония

  3. бронхиальді демікпе

  4. туберкулез

  5. плеврит




  1. Гипергликимиялық комада зәрде анықталады:

  1. билирубин

  2. ацетон

  3. гемоглобин

  4. ақуыз

  5. эритроциттер




  1. Гипергликемиялық кома кезіндегі дәрігерге дейінгі жедел көмек:

  1. инсулинді көктамырға енгізу

  2. асқазанды жуу

  3. 40% 60 мл глюкоза ертіндісін көк тамырға енгізу.

  4. тазалау клизманы істеу

  5. диуретикті енгізу.




  1. Түсті көрсеткіш бұл:

  1. формалы элементтер мен плазма арасындағы арақатынасы

  2. эритроциттер формаларының өзгерісі

  3. эритроциттер диаметрінің өзгерісі

  4. тромбоциттердің мөлшері

  5. эритроциттердің гемоглобинмен қанығу сатысы




  1. Микроцитоз –бұл:

  1. эритроцит диаметрінің ұлғаюы

  2. эритроцит диаметрінің кішіреюі

  3. эритроциттер формаларынын өзгерісі

  4. лейкоцит мөлшерінің азаюы

  5. эритроциттер мөлшерінің азаюы




  1. «Тат басқан» қақырық байқалады:

  1. бронхиальді демікпе

  2. жедел бронхит

  3. бөліктік пневмония;

  4. ошақты пневмония

  5. құрғақ плевритте




  1. Жедел эпигастрий аймағында «қанжар сұққандай» ауырсыну , «тақтай тәрізді» іш байқалады:

  1. асқазан-ішектен қан кетуде

  2. жара перфорациясында

  3. созылмалы панкреатитте

  4. бауыр циррозында

  5. созылмалы гастриттің өршуінде




  1. Бүйректік шаншу кезінде қолданылатын препаратты атаңыз:

  1. квамател

  2. лидокаин

  3. но-шпа

  4. гисталонг

  5. нозепам




  1. Жедел аллергиялық ауруларда қолданылатын антигистамиялық препарат:

  1. кетонал

  2. кларитин

  3. нимесулид

  4. метоклопрамид

  5. каптоприл




  1. Зәрді Зимницкий бойынша жинайды:

  1. 10 сағат аралығында

  2. тәулік ішінде бір ыдысқа

  3. 3 сағат аралығында

  4. бір тәулік ішінде әр 3 сағат сайын

  5. таңғы зәрдің ортанғы бөлігін.




  1. Өкпе-жүрек реанимациясы кезіндегі белсенді торакальді помпа мен ресусситация қатынасын ата:

  1. 15:1

  2. 1:5

  3. 2:15

  4. 30:2

  5. 20:2




  1. Миокард инфарктісі кезінде тромбоздың алдын алу үшін қолданады:

  1. фибринолизинді

  2. реополиглюкинді

  3. аминофиллинді

  4. пентаминді

  5. плавиксті




  1. Бронхиальді демікпе кезінде атропинді енгізу қажет:

  1. аллергияға қарсы

  2. жүректі тоқтатуды алдын-алу

  3. АҚ жоғарлауы

  4. бронхорреи мен саливацияны жою

  5. АҚ төмендеуі




  1. Гломерулонефрит кезіндегі зәр анализіне тән емес өзгерістер:

  1. протеинурия, цилиндрурия

  2. гематурия, протеинурия

  3. цилиндрурия, гематурия

  4. лейкоцитурия, бактериурия

  5. лейкоцитурия, гематурия




  1. Өкпе ісіну кезіндегі ылғалды оттегімен ингаляция жасау қажет:

  1. 60°С жылытылған, сумен

  2. 70% спиртпен

  3. физиологиялық ерітіндімен

  4. суық сумен

  5. 2,4% эуфиллинмен




  1. Миокард инфарктісі кезіндегі алғашқы көмекке кіреді, мынадан басқасы:

  1. көктамырға морфин

  2. көктамырға гепарин

  3. аспирин per os

  4. бұлшық етке реланиум

  5. тіл астына нитроглицерин




  1. Гломерулонефрит кезіндегі зәр анализіне тән өзгерістер

  1. лейкоцитурия, бактериурия

  2. гематурия, протеинурия;

  3. глюкозурия, бактериурия

  4. цилинндрурия, бактериурия

  5. лейкоцитурия, гематурия




  1. Жедел панкреатитте омепразол, гастроцепин, ранитидин, квамател осы препараттардың әсері әкеледі:

  1. антихеликобактерлік

  2. ферментативтік

  3. антацидтік

  4. тұз қышқыл өнімінің төмендеуіне

  5. цитопротективтік




  1. Жедел панкреатитті емдеу кезінде міндетті түрде қабылдау:

  1. холосас, холензим

  2. фестала, плестал

  3. пенициллин, гентамицин

  4. омепразол, квамател, ранитидин

  5. морфин, омнопон




  1. Егер қант диабетімен ауыратын науқас есінен танған,тынысы жиі, қалтырау, тері жамылғылары ылғалды жағдайда қажет:

  1. нитроглицерин 0,5 мг тіл астына

  2. көктамырға 40 % глюкоза ерітіндісін 40-60 мл баяу енгізу

  3. көктамырға 5 % глюкоза ерітіндісін 200 мл тамшылап енгізу

  4. дене салмағынын әр 1 кг инсулинді 0,5 ЕД көктамырға

  5. аминофиллин көктамырға, мезатон тері астына.




  1. Егер науқаста ентігу күшейген, цианоз, сальбутамолды қолданғанан соң нәтижесі жоқ, аускультация кезінде- тыныс алу шуылдары естілмейді,сіз ойлайсыз:

  1. орташа ауырлық дәрежедегі БД ұстамасы

  2. өкпелік қан кету

  3. крупозды пневмония
  4. жіті жүрек жеткіліксіздігі

  5. демікпелік статус





  1. Өт-тас ауруында ауырсыну иррадиациясы беріледі:

  1. шат аймағына

  2. кіндікке

  3. иррадиациясыз
  4. оң жақ иыққа


  5. белге




  1. Гипотензивті заттарды бірден тоқтату неге алып келеді:
  1. ортостатикалық коллапсқа

  2. гипотонияға
  3. гипертониялық кризге

  4. миокард инфарктісіне

  5. кардиогеннді шокқа




  1. Гипертониялық кризді емдеу кезінде қолданылатын β-адреноблокаторлар:

  1. нифедипин, коринфар

  2. гипотиазид, фуросемид
  3. метапролол, бисопролол

  4. каптоприл, эналаприл

  5. клофелин, допегит



  1. Нитроглицерин қолданылмайды, егер АҚ :

  1. төмен 100 / 60 мм сб.

  2. жоғары 140/ 80 мм сб.

  3. төмен 130/ 70 мм сб.

  4. төмен 120 / 70 мм сб.

  5. барлық аталғандар




  1. Глазго Шкаласы бағалау үшін қолданылады

  1. шоктың ауыртпалық денгейін

  2. қозғалыс бұзылыстарын

  3. жаңа туғандардың жағадайын
  4. естің бұзылу көрсеткіші


  5. тыныс алу жетіспеушілігінің дәрежесі




  1. Инсульттің дәл мінезін анықтауға мүмкіндік береді:

  1. тропонинді тест
  2. компьютерлік томография


  3. неврологиялық дәрежесін зерттеу

  4. ЭКГ

  5. ЭЭГ




  1. Гипоглекемияның симптомдары:
  1. діріл, тершеңдік, аштық сезімі


  2. шөлдеу, ауыздың құрғауы

  3. жүрек айнуы,құсу

  4. аштық сезімі, құсу

  5. аталғандардың бәрі




  1. Өкпелік қан кету кету үшін тез арада енгізу керек

  1. тавегил, эуфиллин, лазикс

  2. строфантин, лазикс, нитроглицерин

  3. преднизолон, эуфиллин, фуросемид
  4. аминокапронды қышқыл, дицинон


  5. нитроглицерин, теотард, кордиамин




  1. Тұншығу ұстамасы, кеуде торындағы ауырсыну, айқын цианоз, мынаның айқын белгілері болады?

  1. кардиогенді шок

  2. өкпелік артерияның тромбоэмболиясы

  3. жыбыр (мерцательная) аритмиясы

  4. бронхиалды астма

  5. клиникалық өлім




  1. Өкпе артериясының тромбоэмболиясының қауіп факторлары болып табылады:

  1. төсек режимі

  2. жүрек қақпақшаларының ақаулары

  3. аталғандардың факторлардың барлығы

  4. оперативті араласу

  5. аяқ – қол иммобилизациясы




  1. Қандай белгілер шоктың алғашқы сатыларын комадан ажыратуға көмектеседі?

  1. артериялық қысымның төмендеуі

  2. дене температурасының төмендеуі

  3. еріксіз зәрдің бөлінуі

  4. естің болмауы

  5. рефлекстердің төмендеуі




  1. Кардиогенді себептерге байланысты естен тануда келесі келтірілген жағдайлардың қайсысын қолдану керек:

  1. кардиогенді емес естен тануға қарағанда, бұл жағдайда латенттілік жоғары

  2. келтірілген патология бойынша науқас ауруханаға ары қарай тексерілу үшін жеткізілу керек

  3. көбіне миокард ишемиясының асқынуы болып келеді

  4. ол негізінде қайталамалы

  5. ол жастарда жеңіл өтеді




  1. Гипертоникалық ауруға барлығы жатады мынадан басқасы:

  1. ойық жара ауруы;

  2. тұқым қуалаушылық;

  3. тұзды шектен тыс қолдану;

  4. артық салмақ;

  5. физикалық белсендіктің төмендеуі, созылмалы күйзеліс;




  1. Геморрагиялық инсультке қандай себептер әкеледі?

  1. бас ми тамырының аневризмасы;

  2. артериялық гипотензия;

  3. өкпе ісіктері;

  4. менингит;

  5. радикулит;


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет