БоөЖ. Мектеп географиясын оқыту барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, дүниетанымдық ойларын қалыптастыру



Дата04.11.2023
өлшемі17.66 Kb.
#482366
БОӨЖ 3


БОӨЖ. Мектеп географиясын оқыту барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын, дүниетанымдық ойларын қалыптастыру


Орындаған: Кенбаев Ерасыл


Тексерген : Абулгазиев А. У.
Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн, «құзыреттiлiк» деген ұғымға нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк- жеке тұлғаның кәсiби iс-әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгнiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік- жеке тұлғаның бiлiмiмен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут.б. iскерлiктер жатады.

Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi мына үш аспектiнiпен сипатталады:


- Мәндiк аспект-ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым-қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi ұғыну;
- Проблемалық-практикалық аспект- оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;
- Коммуникативтi аспект- оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.
Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде танымға, ойлауға қатысын, әрекетке, белгiлi бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.
Құзыреттiлiк- оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiребеден қолдана алу. Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.
Сонымен орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құрлылығы төмендегiше анықталады:
1. Құндылықты- бағдарлы құзiреттiлiк- жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы- өз Отанының патриоты болу.
2. Мәдениеттанымдылық құзыреттiлiк- рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көп түрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.
3. Оқу- танымдылық құзыреттiлiгi- оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу-танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк-зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.
4. Коммуникативтi құзыреттiлiк- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.
5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу, ақпараттық технологияны игеру, интерпртациялау.
6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі-отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты т Жалпы білім беру саласында оқушы – ізденуші, зертеуші, басқарушы, ұйымдастырушы, кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға. Сондықтан оқушының мақсаты : өзінің және қоғамның мүддесіне өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілеті және құзыретті , шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Қазіргі өскелең талап бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз талап болып саналады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеден қолдана алу. Проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Мен география сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамытуға тырысамын, оқушылармен қарым–қатынасымды өзара түсінушілікке негіздеймін; - оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш саламын;
- оқушылардың пәнге деген шығармашылық қызығушылығын ойын элементтерін және т.б. еңгізу арқылы арттырамын;
- әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім
- тәрбие берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланамын.
Сабақтарды түрлендіріп, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарды өткіземін. Бұндай сабақтарды өткізуге географияда толық мүмкіндік бар.
Мысалы, саяхат – сабақтарда оқушылардың тынымдық іс – әрекеттерін жоғары ұйымдасқан деңгейге көтеруге болады. Оқушылар белгіленіп берілген табиғат обьектісі бойынша картамен саяхат жасау барысында сол жердің табиғат жағдайына сүйене отырып, саяхат жасаудың жолдары ( жаяу, атпен, қайықпен, салмен, теңіз кемесімен, ұшақпен және т.б.) мен оның ұзақтығын (бір күндік, апталық, айлық және т.б.) анықтайды. Сонымен қатар саяхаттың жүру жолдарының сызбасын жасайды, қажетті құрал –жабдықтардың жиынтығын анықтайды. Саяхаттың күнделігі мен есебін құрастырады. Жұмысты интерактивті тақта жеңілдетеді.алдау жасап, шешім қабылдай білу.
Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен,шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген.Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.
Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады
Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:
жүйелі ойлау;
экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
кәсіпкерлік мәдениет;
өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;
өз қызметін білімді талдау;
кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
жаңа білімді меңгеру;
әр іске жауапкершілікпен қарау.

Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, көрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Өйткен себебі, соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге болады.


Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық университетімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет