Borland c ++ Builder 6 бағдарламасының интерфейсі



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479431
түріБағдарламасы
  1   2   3
1 лекция (2)by


Интерфейс элементтері Барлық осы терезелер суретте көрсетілген Borland C ++ Builder 6 бағдарламасының интерфейсін білдіреді. 1-сурет.
1-сурет Borland C ++ Builder 6 бағдарламасының интерфейсі
C++ Builder -де визуалды, яғни көзбен көріп отырып бағадарламалау технологиясы қолданылады. Тұтынушы өзінің болашақ бағдарламасын безендіріп, өзінің жұмысының нәтижесін бағдарлама іске қосылғанға дейін көре алады.
Қосымшаны жазу үрдісі екі бөліктен тұрады:
1 – тұтынушы өзінің бағдарламасының терезесіне қажетті элементтерді көрсетіп, олардың өлшемін орнатады, қасиеттерін өзгертеді;
2- қосымша жұмыс істеп тұрған кездегі бағдарламаның кодын,элементтердің қасиетін жазады, терезенің пайда болуына қатысты оқиғаның өзгеруін, батырманың басылуын тағы басқаларды жазады. Бағдарламаны іске қосқанда экранда басты терезе пайда болады:

2-сурет Басты терезе
Мұнда мәзір қатары, саймандар тақтасы, түстер палитрасы орналасады. Түстер палитрасында болашақ бағдарламаның көрінетін және көрінбейтін компоненттері, көптеген тақырыптық беттер бар. Көрінбейтін компоненттер тек қосымшаға жоба жасап, оны іске қосқанда ғана көрінеді. Басты терезе интеграцияланған орта жұмыс істеп тұрған кездің барлығында ашық болады. Оны жапқанда C++ Builder жабылып, ондағы барлық терезелер жабылады.
Басты терезедегі мәзір әмірлері мен саймандар тақтасы арқылы C++ Builder бағдарлама өңдеу барысын басқарады. Мұнда пайдалану мақсатына қарай топталған компоненттер орналасқан. Мысалы, Standart тобының элементтері: MainMenu, PopurMenu, Label, Edit, Memo, Button, CheckBox, RadioButton, ListBox тағы басқалары. Экранға сыймаған компоненттер соңғы көрінген топтың жанындағы бағыттауышты басқанда көрінеді.

3- сурет Нысандар инспекторы
Дизайнер терезесінің сол жағында Нысан Инспекторы терезесі орналасқан, ол екі ішкі беттен тұрады. Бірінші ішкі бет - қасиеттер беті нысандар қасиетін өңдеуге қолданылады. Онда үнемі таңдап алынған компоненттің орындауға болатын қасиеттері көрініп тұрады. Сол бағанында тізім, оң бағанында – үнсіз келісім бойынша ағымдағы мәндері көрсетіледі. Екініші беті оқиғаларға түсініктеме беруге арналған, онда таңдап алынған компоненттің мүмкін болатын өңдеушілері. Сол бағанында – аты, оң жағында – сәйкес процедура немесе қасиеттер.
Қасиет деген не? С++ Builder-дегі әрбір нысан, тіпті жұмыс жасап тұрған қосымшаның өзінің белгілі бір қасиеті болады. Бұл қасиеттерді әлі бағдарлама орындалуға жіберілмей тұрғанның өзінде өзгертуге болады. Өзгертілген қасиетке байланысты нәтижені бірден көруге болады.

4-сурет





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет