Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылу тарихы мен жетістіктері «Өткені жоқ жерде, бүгінгісі тайыз, келешегі жоқ»



Дата24.02.2016
өлшемі71.18 Kb.
#16822


Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің құрылу тарихы мен жетістіктері

«Өткені жоқ жерде, бүгінгісі тайыз, келешегі жоқ» - дейді халық даналық сөзінде. Өткенін есепке алмайтын, бүгінгі ісін ертең ұмытып қалатын халықтың ертеңі бұлдыр, тіршілігі неғайбыл. Олай болса өз халқынның өткенін, тар жол тайғақ кешу жолдарын және жалпы тарихын білмей жаңаша даму, алға басу мүмкіндіктері шектеулі келеді, яғни бүгіні мен келешектің іргетасы - өткеніміз, тарихымыз. Тарих та адам тағдыры секілді. Есейеді, ержетеді, ауқымды шаруаға тәуекел етіп, алдына қойған мақсаттарды жүзеге асыруға күш салады. Сондықтан әр аудан, қала, ауылдың – адамзаттық туылған күні сияқты, өз ерекшеліктерімен өрбіп отырған қайталанбас тарихы бар. Бөрлі ауданы көбінесе Ақжайық өзенінің күншығыс жағын бойлап алып жайғасқан ежелгі елді мекендердің қоныс еткен жері. Қазақстан бекеті Миргород, Александровка, Жаңақоныс, Ақсу, Григорьев, Буденнов және Тихонов ауылдары Бөрлі ауданына ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қосылған. Соған дейін олар Теректі ауданының қарамағында болды. Ұлы Жібек жолының кейбір тораптары Бөрлі жерінен өтіп, керуендер жары жалғастырған. Көпестер мен саудагерлер Бөрлі ауылында керуендерін тоқтатып жәрмеңкелер ұйымдастырып, сауда – саттықты өрбіткен. Сол тарихи оқиғалардың куәсі және ауданның орталығы болған Бөрлі ауылының тұңғыш қазық қаққан жылы – 1700 жыл. Уақтысында Бөрлі ауылын қалың орман қоршап, қасқырлардың көбеюіне жағдай тудырған. Арлан – бөрілер керуендерге шабуыл жасап көптеген зиян, қиыншылықтар туғызып отырған. Сол уақиғаларға байланысты елді мекенді Бөрлі деп атап, ол тарихи ошаққа айналған.

Ауданның құрылған жылы - 9 қаңтар 1935 жыл. 1935-36 жылдары 2 МТС (Бөрлі және Қарашығанақ ауылдарында), 2 кеңесшар, 24 ұжымшар құрылып ауылшаруашылығын дамытуға қажырлы еңбек етіп, қызмет еткен. Ауданның негізгі бағыты егін мен мал шаруашалығын өркендетіп дамыту саласында болды. Осы қарқынды бағытта 15 ауылдық кеңестер басшылық етіп жол көрсетті. ХХ – ғасырдың 30-шы жылдарында 12 оқу үйі, жалпы кітап қоры -13605 данаға жеткен 1 кітапхана, 1 клуб ауыл тұрғындарына рухани бағытында, мәдени ошақ ретінде қызмет көрсете білді. 1946 жылы 1 аудандық, 2 ауылдық (Жарсаут) кітапхана жұмыс істеді. 1953 жылы аудан аумағы және жер көлемі -413538 гектарға жетті. Кешікпей тың және тыңайған жерлерді игеру басталып басқа аймақтардан лек-легімен тың игерушілер ағылып келе бастады. Осыған орай мәдени-ағарту мекемелерінің де саны өсіп, сапасы жақсарды.

1970-80 жылдары ауданда 57 үлкенді – кішілі кітап қоры 416638 кітапқа жеткен кітапхана халыққа қызмет етті. 1985 жылға дейін ауданның негізгі бағыты ауылшаруашылық болса, келешекте өнеркәсіппен де айналысуға мүмкіндік туды. Аты өлемге танылған Қарашығанақ газ-мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау кенішінің жұмысы басталды. Халықтар саны 33 ұлт өкілдерінен құрайтын 55 мыңнан аса халық санына жетті. Осыған орай ауданымыздағы кітапханалар жұмыстарының арна-өрістері кеңіп, жауапкершіліктері артты.

Аудандағы бірінші оқу үйі (изба читальная) 1930ж. Бөрлі поселкесінде есігін ашты. Коммунистер мен комсомолдардың бастамасымен осындай оқу – үйлері Александровка, Қарашығанақ, Канай, Жарсуат ауылдарында ашылды.


Аудандағы ең алғашқы кітапхана үйі орналасқан орынжай. Бөрлі кенті 1958ж.



Ауыл кітапханасындағы жас оқырмандар. 1964ж.

Жылдар өтті: ұжымшарлар мен кеңшарларда ауылдық кітапханалар ашылды. Олар ауылдағы нағыз мәдениет ошағына айналды. Қостағы бригадаларға мал фермаларына кітаптар тасу, кітаптарды насихаттау, жеткізіп отыру – сол болды. 1967 жылы Бөрлі ауданында КСРО мәдениет Министрінің 26 кітапханасымен қоса, кәсіподақтар, партиялық кітапханалар, барлық оқу орындарында кітапханалар жұмыс істейді. Қазақстан (Ақсай қаласы) кентінде жылы барлық 36 кітапхананы біріктіріп, орталықтандырылған кітапханалар жүйесін (ОКЖ) құру қажеттілігі туды. Кітапханалар дамуының жаңа кезеңі басталды. Жабдықтау және жаңа әдебиеттерді бөлу бөлімдер құрылды. Аудандық орталықтындырылған кітапханалар жүйесін В.С. Журавлева басқарды.  Аудан кітапханашылары қызмет көрсетудің жақсы әдістерін сақтай отырып, оқырмандарға қызметтің, кітаптарды насихаттаудың, адамдармен қарым-қатынастарды, мәдени-ағарту бағытында көпшілік іс-шараларын өткізудің жаңа түрлерін іздестірді. Олар: оқырмандар конференциясы, пікір таластар, тақырыптық кештер, жазушылармен, еңбек ардагерлері мен дала және ферма қаһармандары қатысқан кездесу кештері.



Аудандық семинарға қатысушы кітапханашылар. 1976ж. (төменде ортада В.И.Павлова)

 Бөрлі ОКЖ-ін басқарған директорлар: Павлова В.И., Журавлева В.С., Белая Л.Ф., Бабич А.А., Асанова Р.А., Е.С.Соловьева, Жумашева Н.А. Ауылдық кітапханалар базасында озық тәжірибелер мектептері құрылды. Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда кітапханашылар: В.А.Харченко (Григорьевка ауылы), Г.А.Михалева (Қарашығанақ ауылы), Н.В.Лебедь (Александровка ауылы) еңбектері үлгілі де, ерекше болды. Успен ауылының кітапханашысы Л.В.Погодаева ерен еңбегіне сай «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Оның еңбегі алғаш тың игерушілер еңбегімен пара-пар болды. Жарсуат ауылдық кітапханасының меңгерушісі М.И.Колесникова ерен еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен КСРО Мәдениет Министрінің «Үздік Еңбегі үшін» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен  марапатталды.

Ол Қазақстан Республикасы кітапханашыларының I-съезінің делегаты болды. Ауданда көптеген кітапханашыларды; еңбек ардагерлері: Е.В.Ерзикованы, Н.А.Даниленконы, М.Я.Кошельді, Б.Қанатованы, Г.Т.Тәжиеваны, Н.И.Кожевникованы, К.С.Макарованы, К.И.Өтегеноваларды оқырмандары, тұрғылықты халықтар өте жақсы білді. Кітапханашылар үлкен қоғамдық жұмыстарға белсене араласты үгіт-пункттерінің меңгерушілері, жергілікті кеңестер депутаттығына сайланды. Әйелдер кеңесінің, ата-аналар комитетінің, сайлау комиссияларының меңгерушілері мен мүшелері болды.

Сол кездегі алдыңғы қатарлы кітапханашылардың есімдері – Макарова К.С., Калинина М.Т., Бокаева Г.А., Колесникова М.И., Журавлева В.С., Каражанова С.С., Тарановская А.В. т.б. болып табылады. Бөрлі ОКЖ – облыстағы жақсы жұмыс істеген кітапханалар жүйесінің бірі, әсіресе, 70-жылдарда жаңа әдеби кітаптармен толықтырылды. Кітапхана тағдыры әрқашанда ел тағдырымен тығыз байланысты. Қиын жылдарда мемлекет тарапынан материалдық көмек көрсетілмеуіне байланысты 1995-1998 жылдарда 20 селолық кітапхана жабылып қалды.

2000 жыл Қазақстанда Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. «СОРОС Қазақстан» қорының грантын жеңіп алу нәтижесінде кітапханалар білімнің әр түрлі саласындағы жаңа басылымдармен толықтырылды. Алғаш рет кітапханашылар кітапқа каталог бойынша тапсырыс беруге мүмкіндік алды. Қазір қоғамдағы кітапханалар бейнесі өзгеруімен қатар, кітапханашыларды тек кітапты сақтаушы және насихаттаушы ғана емес, ақпарат мамандары немесе ақпарат мұхитындағы жаңашылдары деп атайды.  Кітапхана – адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім – адам баласының ортақ қазынасы». Сондықтан да кітапханаға келіп, әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет-журналдарды оқыған адамның мерейі өсіп, рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабардар болады. Аудан кітапханаларының негізгі мақсаты – оқырман қауымды жаңа түскен әдебиеттермен таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, жаңа туындылармен таныстырып отыру, білім көкжиегін кеңейту, оқырманмен жеке жұмыс жүргізу, кітапхана пункттерін ашу, әдебиеттерді күнделікті насихаттау болып табылады.

Кітапханалардың заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханашылардың жаңа технологияларды бір кісідей игеріп кітапхана жұмысында кеңінен қолдануы кітапханалардың бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдейді, беделін көтереді.

Бөрлі ОКЖ-де бүгінгі таңда барлығы 27 кітапхана, 1 мүмкіндігі шектеулі және көзі нашар көретін жандарға қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Оның 5-і қалалық, 22-сі ауылдық кітапхана, сонымен қатар кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі, кітапхана ісін дамыту бөлімі, ақпараттық-библиографиялық бөлімі өз жұмыстарын жүргізуде.

Бөрлі ОКЖ-нің ұжымында директор Дариға Кеңесбайқызы Нұрашованың басшылық етуімен 121 қызметкер аудан халықтарына кітапханалық қызмет көрсетуде. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы 2008 жылдан жақсы деңгейде қамтамасыз етіліп, кітапханалар дер кезінде жаңа әдебиеттермен толықтырылып, жаңа жиһаздармен жасақталып, күрделі, ағымдағы жөндеулерден өткізілуде.

Бөрлі ОКЖ облыстық, аудандық деңгейлерде өткізілген байқауларда жеткен жетістіктері: 2006 жылы Ж.Молдағалиев атындағы  ОҒӘК–ның ұйымдастырылуымен өткізілген «Ауыл энциклопедиясы - Шағын Отан» облыстық байқауына қатысып ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.  2007 жылы А.П.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген Ш.Бөкейдің 160-жылдық мерейтойына орай «Шәңгерейдің шұғылалы жырлары» тақырыбында өткізілген облыстық шығармашылық байқауда Бөрлі ОКЖ-нің әдіскері Мұсаева А.Т. І-дәрежелі дипломмен марапатталды, 2007 жылдың ақпан айында Бөрлі ОКЖ-нің әдістеме-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «2007 жылдың ең үздік кітапханасы» аудандық байқау жарияланып қазан айында қорытындыланды. Ауданымызда Пугачев ауылдық кітапханасы (кітапханашы Львова Н.В)  «2007 жылдың ең үздік кітапханасы» атағына ие болып Ж.Молдағалиев атындағы  ОҒӘК–ның ұйымдастырылуымен өткізілген «Үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауында ІІ-орынға ие болды. 2008 жылы Елорда Астананың 10 жылдық мерейтойына орай ерен еңбегі үшін Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі С.Қ.Мендібаева «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталды. Облыстық деңгейде жарияланған «Кітапханалар тарихының шежіресі» атты байқаудың қорытындысы бойынша Бөрлі ОКЖ ІІІ-орынға ие болып, бағалы сыйлықпен марапатталып, әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі А.Т.Мусаева алғыс хатпен марапатталды. 2009 желтоқсан айында Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы мен Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Ең үздік кітапханашысы - 2009» атты облыстық байқау оздырылды. Қатысушылардың шешендік өнері мен қазіргі заманға сай білім-тәжірибесін анықтау мақсатын көздеген сайысқа аудандық кітапханасының жас маманы Г.Саменова қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен шектесіп жатқан елді- мекеннің кітапханашылармен «Кітапхана – мәдениет диалогының орталығы» атты семинар оздырылды. 

2012 жылы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2012» облыстық байқауына қатысып, ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, Орынбор қаласында өткен халықаралық «Оқырман отбасы – 2012» байқауына оқырман отбасы қатысып, дипломмен марапатталды.

2012 жылдың 20 сәуірінде Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мүмкіндігі шектеулі және көзі нашар көрмейтін жандарға қызмет көрсету секторы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде.

2012 жылы 4 шілдеде Пугачев модельді ауылдық кітапханасы ашылды. 



2013 жылдың 13 мамырында Бөрлі ОКЖ-нің ұйымдастыруымен оздырылып жатырған тұшымды істердің бірі «Оқырман отбасы - 2013» атты жолдамамен келген оқырман отбасылардың аудандық отбасылық жарысы өтті. Аудандық байқауында бірінші орынға ие болған Галиевтер отбасы облысқа жолдама алып, облыстық «Жайық өңірінің оқырман отбасы» байқауына қатысып, 1 орынды иеленді.

 



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет