«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны Интеллектуалдық ойынның мақсаты



бет1/5
Дата01.03.2024
өлшемі0.63 Mb.
#493415
түріСабақ
  1   2   3   4   5
биология ойын


«Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны
Интеллектуалдық ойынның мақсаты:
Оқушылардың білімдерін жүйелеу оны өмірде қолдана білуге үйрету және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ойлау, есте ұстау қабілеттерін дамыту,ұтымды ой қорыта білуге,шешендікке үйрету, ұйымшылдық пен ынтымақтастықты нығайту.
Интеллектуалдық ойын сабағының жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
а)оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
б)психологиялық дайындық.
Ойынның тақырыбы мен мақсатын таныстыру (слайд арқылы).
2.Негізгі кезең:
Жүргізуші: 
Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы,
Химия,биология ғылымы жайында
«Брейн-ринг» танымдық ойынын бастаймыз! 
Бүгінгі интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер! 
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – дегендей, бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпіз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық:
1. -------------------------------------------------------------------------------------------------------
2.--------------------------------------------------------------------------------------------------------
3.--------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.--------------------------------------------------------------------------------------------------------
5.--------------------------------------------------------------------------------------------------------
Жүргізуші: Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, —ендігі кезек оқушыларда. (Әр топ өз аты және ұранымен таныстырады).
Жүргізуші:
Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?-
Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу барысымен таныс болайық.
Ойынымыз 5 бөлімнен тұрады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет