Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «21» желтоқсандағы № 442 бұйрығымен бекітілген
Мұнай газ өндіру саласындағы
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар
Кіріспе
1. Осы Мұнай газ өндіру саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары (бұдан әрі - Талаптар) мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын жобалауға, салуға, пайдалануға, жабуға және жоюға қолданылады.
2. Талаптарда қолданылатын қысқартулар қолданылған қысқартуларда көрсетілген.
3. Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын (бұдан әрі – МГК) игеру объектілері үшін технологиялық регламенттер, өндірістік бақылау туралы ереже және апатты жою жоспары (бұдан әрі – АЖЖ) жасалады.
Технологиялық регламент – өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық үрдісті жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейтін, сапа көрсеткіштерімен дайын өнімді алуды қамтамасыз ететін, стандарттардың талаптарына жауап беретін, сондай-ақ жұмыс жүргізуді белгілейтін және өндірістің тиімді техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізетін, кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.
1 - тарау. Жобалау
4. Ұңғымаларды таукен-геологиялық жағдайларда салудан тез өзгерістері жоқ кен орындарын (алаңдарды) бұрғылау кезінде келесі факторлардың жалпы болуы кезінде бірнеше ұңғымаларды бұрғылауға топтық және аймақтық жобаларды жасауға жол беріледі:
1) ұңғыманың пайдаланылуы (іздеу, барлау, пайдалану, арнайы);
2) ұңғыма оқпаны бойынша жобалық тереңдіктер. Жұмыс жобасы бойынша орташа тереңдіктен ± 250 м шегінде ауытқулары бар ұңғыманы қосуға жол беріледі (деңгейжиек учаскесінің ұзындығы 500 м артпағанда еңісті-бағытталған бұрғылау және көлденең учаскелер үшін ± 500);
3) ұңғымалардың құрылымы – обсадты бағаналардың және олардың санының бірдей диаметрі (бағытын есепке алмағанда). Обсадты бағананың ұзындығының жұмыс жобасында көрсетілгеннен ауытқуы ± 250 м аспайды (еңісті – бағытталған бұрғылау және көлденең ұңғымалар үшін ± 500 м);
4) бұрғылау ерітіндісінің тығыздығының ауытқуы жобамен белгіленген шекті мөлшерден 0,02 г/см 3 аспайды, мұнай газ су көрінулерін жою жағдайларынан басқа;
5) ұңғымаларды салу және пайдаланудың таукен-геологиялық жағдайларын;
6) жер қойнауын пайдалану жағдайларын.
5. Жоба келесі мәліметтерді қамтиды:
1) жұмыс ауданының географиялық және климаттық сипаттамаларын;
2) бұрғылаудың таукен-геологиялық жағдайларын;
3) ұңғыманы салуға геологиялық-техникалық нарядты;
4) гидроүзілудің қабатты (тесікті) қысымдарының біріктірілген кестесі, ұңғыманың құрылымының негіздемесі және бұрғылау ерітіндісінің тығыздығы;
5) обсадты бағаналарды есептеу үшін шығыс мәліметтері, есептік формулар және төзімділік қорының коэффициентімен жинақтаудың қорытынды кестелері. Бағаналардың технологиялық жабдықталуының тізімі (шамшырақтар, қапсырмалар, пакер және басқалар);
6) бұрғылау әдісі және тиімді режимдері;
7) қабырғаның тобын, төзімділігін, қалыңдығын және төзімділік қорын, жинақтауларды көрсете отырып, бұрғылау құбырларын және бұрғылау бағанасының астын жинақтау;
8) ұңғыманы шаюдың гидравликалық көрсеткіштері;
9) цементтеу әдісі және гидравликалық көрсеткіштері. Тампонажды материалдың типі, оның тасының және ерітіндісінің қасиеті;
10) цементтеу үрдісін бақылау және тампонажды ерітіндіні ұстау және қатырудан кейінгі бекіту жағдайын бақылау бойынша жұмыстар тізімі;
11) ұңғыманы игеру әдістері, ұңғымада қабаттарды сынау, үлгі алу, ағындарды сәйкестендіру әдістері және геологиялық-геофизикалық зерттеулердің көлемі. Қабаттарды (перформацияларды) екінші рет аршу технологиясы және техникасы;
12) ұңғыма сағасын байлау сызбалары, тастамаға қарсы жабдықтың (бұдан әрі - ТҚЖ) типі мен мөлшері;
13) бұрғылау қондырғысының типін таңдау және оны орналастырудың қабылданған сызбасының негіздемесі, қосымша жинақтаушы механизмдер, агрегаттар, қауіпсіздік құралдары;
14) өндірістік қалдықтарды тазалау және жою, ағынды суларды қайтадан пайдалану, өңделген бұрғылау ерітіндісінің және қождың олардың пайдалану кезінде қоршаған ортаға кері әсерін бейтараптау, табиғи газдарды жою немесе қабатқа инжекция бойынша технологиялық үрдістер және техникалық құралдар.
6. Жоба кен орнын игерудің геологиялық барлау жұмыстары жобасы және технологиялық жоба (сызба) негізінде жасалатын, ұңғыманы салуға жобалауға тапсырыс негізінде жасалады. Жобалауға шығыс мәліметтерінің толықтығы мен шындығын тапсырыс беруші, жобаның сапасын – жасаушы қамтамасыз етеді.
7. Жобалық шешімдерде келесіні қарастырады:
1) қауіпсіз қашықтықтар мен тазалық-қорғаныс аумағын ескере отырып мұнай газ өңдеу объектілерінің орналасуы (1 - қосымша);
2) ұңғыма өнімін жинаудың, дайындаудың және тасымалдаудың қымталған жүйесі, зиянды заттарды және жолай кездесетін газдарды жою;
3) апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, одақтасу, қауіпті және апаттық жағдайлардың алдын алу бойынша қорғаныс және белгі беру құрылғыларының жүйесі;
4) қауіпті өндірістік факторларды анықтау, оларды пайдалану, авариялар, инциденттер кезіндегі персоналға, өмірмен қамтамасыз ету объектілеріне, қоршаған ортаға әсері, олардың қауіпті әсер етуінің алдын алу бойынша шаралар;
5) объектілерді автоматтандыру және телеметриялық бақылау және технологиялық үрдісті бақылау орындарында ақпаратты қабылдауды және тіркеуді қамтамасыз ететін;
6) ауаның ластануын ерте анықтау үшін әуе ортасын автоматты бақылау жүйесінің құралдарымен қамтамасыз ету;
7) бұзылмайтын бақылау және жабдықты, құбыр жолдарын, металл құрылымдарды коррозияға қарсы қорғаныс әдістерін қолдану;
8) технологиялық үрдісті автоматты бақылау жүйесін құру (бұдан әрі – ТҮ АБЖ);
9) объектілерді өрт техникасымен және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету (2 - қосымша);
10) апаттық байланыс пен құлақтандырудың тұрақты өндірістік және автономды жүйесін ұйымдастыру;
11) персоналды жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
12) өндірістік қалдықтарды, жанатын, зиянды және улы заттарды бейтараптандыру және жою;
13) бұзылған және ластанған жерлерді қалпына келтіру және жаңарту жағдайлары, қоршаған ортаны қорғау;
14) ұңғымаларды, объектілері қауіпсіз жабу және жою жағдайлары.
8. Зиянды және жанатын заттарды бөлетін, жарылу өртенуге қауіпті үрдістерімен ғимараттар мен құрылыстар, олардың мүмкін болатын тастамаларының көздері желдің үстем бағыты, жергілікті жер қыртысы, климаттық және сейсмикалық жағдайлар ескеріле отырып жобаланады.
9. Ғимараттардың орналасуы оқшауланған кеңістіктің немесе аумақтардың қалыптасуын болдырмайды. Ғимараттардан негізгі шығыстар жабдықтар мен қондырғыларға қарама қарсы жаққа бағытталған.
10. МГК жасау үшін арналған жабдық климаттық және сейсмикалық жағдайларға және жарылу өртену қауіптілігі талаптарына, көмірсутегілердің, материалдар мен технологиялық үрдістердің сипаттамасына сәйкес таңдалады және беріктігін, қымталуын, коррозиялық төзімділігін, қауіпсіз пайдалануды және апаттық жағдайларды жоюды қамтамасыз етеді.
11. Жарылыс өрт қауіпті аймақтардағы жабдық келесі талаптар сақталған жағдайда орындалады:
1) ережелермен және жобалық шешімдермен белгіленген, саралауға сәйкес жарылысқа қауіпсіз орындалу;
2) МГК, ТҮ АБЖ қауіпті объектісін апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйесіне кіретін, бақылау құралдары мен басқару, одақтасуды бақылау, дабыл белгісі құралдарының дұрыс жағдайы;
3) дайындаушының техникалық құжаттамасының болуы.
12. Техникалық құрылғыларды жеке дайындау кезінде тапсырыс берушімен бекітілген, техникалық тапсырмаға сәйкес жобалық-құрылымдық құжаттама жасалады.
13. Коррозиялық-белсенді заттармен байланыс жағдайларында жұмыс істейтін технологиялық жабдықты жобалау кезінде оларды техникалық жағдайды бақылау үшін құралдармен және құрылғылармен жабдықтау қарастырылады.
14. Өндірістік және тазалық-тұрмыстық объектілер құрылыс және тазалық нормаларына сәйкес, желдетумен, жылытумен, сумен және канализациямен қамтамасыз етіледі.
Қауіпті объектілердегі бөлмелер және өндірістік алаңдар газды, өртті және апаттық дабыл белгісін анықтағышпен, әуе ортасының жағдайын бақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
15. Өндірістік ғимараттар мен қондырғылардың аумағы үшін технологиялық ағындарды, топырақ және жауын-шашын суларын әкету үшін жабық өнеркәсіптік канализация жүйесі жабаланады.
16. Жарылысқа қауіпті аймақтарда пайдалануға арналған жобаланатын жабдық, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика (бұдан әрі – БӨҚжА), жарықтандыру, белгі беру және байланыс құрылғылары жарылысқа қауіпті аймақтың және жарылысқа қауіпті қоспалардың сипаттамасына сәйкес келетін, жарылыстан қорғаныс деңгейімен жарылыстан қорғалып орындалады.
17. Жобада барлық мүмкін болатын режимдерде жарылысқа қауіпті ортаның қалыптасуының алдын алуды, технологиялық жабдықты қауіпсіз тоқтату және іске қосуды қамтамасыз ететін, жарылуға қауіпті технологиялық үрдістердің апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері қарастырылады. Мұнай газ кен орындарының құрылыстары мен объектілерінің сыртқы қондырғыларын жарылу өртену және өртену қауіптілігі бойынша саралау 4 - қосымшада келтірілген.
18. МГК өңдеу объектілері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы 26 қарашадағы № 411 бұйрығымен бекітілген, Статтық электрден қорғаныс бойынша жалпы салалық өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес найзағай мен статтық электрдің әсерінен қорғаныс құрылғыларымен жабдықталады.
Найзағайдың, электр тоғының және статтық электр разрядтарынан қорғау үшін мұнайды дайындау қондырғысының (бұдан әрі - МДҚ) бұрғылау және мұнай кәсіпшілік жабдығы, қосымша құрылғылар және құрылыстар, аппаратура, резервуарлар, газ өткізгіштер, өнім өткізгіштер, құю-төгу құрылғылары, желдету жүйелері жермен жанастыру контурына қосылады.
Жермен жанастырғыштар ретінде технологиялық құбыр жолдарын қолдануға жол берілмейді.
Жеке орнатылған аппараттар және резервуарлар жеке жермен жанастырғыштармен қамтамасыз етіледі немесе жалпы жермен жанастыру контурына қосылады. Бірнеше аппараттарды немесе резервуарлардың бірінен соң бірін біріктіруге жол берілмейді.
Жер асты құбыр жолдары және резервуарлар жобаға сәйкес коррозиядан электрохимиялық қорғаныс құрылғыларымен қамтамасыз етіледі.
Жабдықтар мен құбыр жолдарының қорғаныс бояуы және оқшаулау техникалық куәландыру және сынау жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.
19. Жанатын булар мен газдарды, белсенді және улы сұйықтарды шығару үшін инертті газдарды қолдануды қамтитын жобалық шешімдер технологиялық ортадағы оттегі құрамын бақылау және қауіпті шоғырланулардың пайда болуының алдын алу әдістері мен құралдарын қарастырады.
20. Жобада персоналды:
1) техникалық құрылғылардың қозғалмалы бөліктерінен;
2) жұмыс аймағының жоғарғы шаңдануы мен газдалуынан;
3) техникалық құрылғылардың бетіндегі температураның, қысылтаяң метеорологиялық жағдайлардың әсер етуінен;
4) жұмыс орнындағы шудың жоғарғы деңгейінен және дірілден;
5) улы әсер етуден;
6) биологиялық әсер етуден қорғау бойынша шаралар жасалады.
Қауіпті зиянды өндірістік факторлар болған жағдайда (бұдан әрі - ҚЗӨФ) жұмыс аймақтарында қауіпсіздік белгілері орнатылады, ал зиянды әсерін төмендету үшін қорғаныс құралдары қолданылады.
21. Ұңғымаларды салуға техникалық жобаларда келесілер көрсетіледі:
1) ашық атқыма кезінде сағаны жабу (қымтау) мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сорғы-компрессорлық құбырларының (бұдан әрі - СКҚ) обсадты бағаналарының беріктігі;
2) бұрғылау, жетекші, сорғы-компрессорлық құбырлардың және құбыр бағаналарының элементтерінің коррозиялық жағдайын бақылау және тозуын тексеру әдістері мен кезеңдігі;
3) бағаналы ұштардың типі, оларды сынау және құрастыру әдістері (дәнекер құрамаларды қолданбастан);
4) бейтараптандырғыштар типі, бұрғылау ерітіндісінде күкіртсутегіні бейтараптау әдістері мен технологиясы, ұңғыманы бұрғылаудың барлық үрдісіне осы мақсаттарға реагенттердің шығысы;
5) бұрғылау ерітіндісінде реагент-бейтараптау мен күкіртсутегінің құрамын бақылау әдістері;
6) бұрғылау ерітіндісін реагент-бейтараптаумен қосымша өңдеу жағдайлары;
7) сорғы блогының және бұрғылау ерітіндісін тазалау бөлмелерін қоса алғанда, бұрғылау, мұнара асты кеңістік және бұрғылау бөлмелерінің жұмыс алаңын желдету әдістері және құралдары;
8) ұңғыманы бұрғылау, сынау және игеру кезінде адамдарды және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
9) жұмыс аймағының ауасында күкіртсутегінің құрамын бақылау әдістері мен құралдары;
10) кейіннен жағуға әкетумен, бұрғылау ерітіндісінен газды бөлу технологиясы;
11) апаттық цементтік көпірді орналастыру технологиясы;
12) ингибиторлардың типі, олардың тұтыну көлемі;
13) мұнай газ су көрінулерінің алдын алу және ерте кезден анықтау бойынша шаралар;
14) сұйық өнімдерді бейтараптау және бұдан әрі жоюға дейін жабық ыдыстарда жинау және сақтау тәртібі;
15) құралды көтеру кезінде ұңғыманы толтыруды бақылау әдісі;
16) құралды түсіру кезінде ұңғымадан қысып шығарылған ерітіндіні бақылау әдісі;
17) күкіртсутегінің әсеріне тұрақты және обсадты бағаналарды цементтеу үшін геологиялық-техникалық жағдайларға жауап беретін тығындамалы қоспалар.
22. Күкіртсутегінің әсеріне ұшыраған техникалық құрылғылар технологиялық үрдістердің көрсеткіштері және коррозиялық-белсенді ортаның сипаттамалары ескеріле отырып, таңдалады. Техникалық құрылғыларды қалыпты және сульфидті-коррозиялық шытынауға тұрақты орындалуда қолдану саласы осы Талаптың 5 - қосымшасында көрсетілген.
23. СКШ тұрақты жабдықтың куәлігінде оның көрсетілген ортада қолданылуына ұйым-дайындаушының кепілдігі көрсетіледі.
24. Жабдықты таңдаудың белгіленген критерилерінен дайындаушымен немесе жобамен қарастырылған маңызды емес ауытқулар кезінде коррозия ингибиторын міндетті түрде беру және бақылау сынамаларын (тексерулерін) жүргізу мерзімдерін қысқарта отырып, коррозиялық-белсенді ортада стандартты жабдықты қолдануға жол беріледі.
25. Газдар мен буларды әкету газ жинау жүйесіне немесе шамшырақ қондырғысына қарастырылады.
Көмірсутекті газдары зиянды заттарды тазалау және бейтараптағаннан кейін қолданылады немесе жоюға жатады.
Құрамында күкіртсутегісі немесе өзге зиянды заттары бар газдарды оларды бейтараптамастан немесе шамшырақтың жануын тұрақты ұстап тұрумен жақпастан ауаға шығаруға жол берілмейді.
Газды апаттық жағу кезінде атмасфераның жерге жанасатын қабатында және жер бетінде объектінің өндірістік, тазалық-қорғаныс аймағында зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын бақылау қарастырылады.
26. Кен орнын орналастыру жобасында персоналды эвакуациялау, жұмыс істеушілердің және халықтың ұжымдық қорғаныс құралдары, қоршаған ортаның газдалуын бақылау станциясы үшін, газ қауіпсіздігі пунктерінің, желдің бағытын көрсеткіштердің, бақылау-өткізу пунктерінің орындары мен маршруттары көрсетіледі.
2 - тарау. Объектілердің құрылысы және іске қосу
27. Күкіртсутегі немесе өзге де белсенді улы қоспалары бар кен орындарында салу кезінде өнімдік қабатта, континентальды шельфте осы жағдайларда жұмыс жүргізу ерекшелігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптар ескеріледі. Ұңғымалардың құрылысы техникалық жоба және жер қойнауын пайдалануға лицензия болған кезде ғана басталады.
28. Өндірістік объектілерді, құрылыстар мен желілерді салуға берілген аумақ жобаланады, қауіпсіздік белгілерімен қоршалады (белгіленеді), тазалық-қорғаныс және қорғалатын аймақтың шекараларын ескере отырып және жобалық құжаттаманың құрамдас бөлігі болып табылатын, МГК орналастырудың жағдайлық жоспарына сәйкес тұрғызылады.
Қауіпті өндірістік объектілерді салу аумағын күзету режимі мен әдістері құрылысты жүзеге асыратын ұйыммен, ал пайдалануға енгізілгеннен кейін – объектіні пайдаланатын ұйыммен белгіленеді.
29. Салынып жатқан, ұсынылатын және пайдаланылатын қауіпті өндірістік объектілер (ұңғымалар, мұнайды және газды дайындау қондырғылары, резервуарлар, сорғы және компрессорлы станциялар, терминалдар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасымен және ұйымның өндірістік қызметтерінің орналасу орындарымен, өрт және апаттық қызметтермен бірге тұрақты жол қатынасымен (келетін жерлер, жолдар) қамтамасыз етіледі.
30. Қауіпсіздікті және өндірістік бақылауды қамтамасыз ету үшін құрылыс-құрастыру жұмыстары басталғанға дейін ұйымдастырушылық жағдайлар орындалады:
1) құрылыс бойынша жұмыстар жүргізетін ұйымдарға, мердігерлерге және құрылымдық бөлімшелерге бекітілген және келісілген жобалық құжаттаманы беру;
2) құрылыс ұйымдарының, мердігерлердің және орындаушылардың жарылу өртенуге қауіпті объектілерде жұмыс жүргізуге және мемлекеттік лицензиялауға, техникалық реттеуге және мемлекеттік бақылау органдарында есепке алуға жататын өзге жұмыстарды жүргізу құқығына және рұқсатқа өкілеттіліктерін тексеру;
3) қауіпті объектілерде құрылыс-құрастыру жұмыстары үшін сәйкес өндірістік және техникалық базаның, рұқсат беру құжаттарының және білікті персоналдың болуы;
4) құрылыс жұмыстарын жүргізу туралы ұйымдар мен объектілердің басшыларын, құрылыс аймағында болатын тұрғылықты мекен-жайлардың әкімшілігін, мемлекеттік бақылау органдарын хабарлау.
31. Өндірістік объектілердің персоналы, жұмыс жағдайына және өндірісті салудың қабылданған технологиясына байланысты сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Персонал болатын әрбір өндірістік объект диспетчерлік пунктімен және учаскенің, цехтың, ұйымның басшысымен тұрақты телефон (радиотелефон) байланысымен қамтамасыз етіледі. Персоналдың уақытша болатын объектілердегі жағдайлар жобаларда және технологиялық регламенттерде көрсетіледі.
32. Жұмыс орындарында орындаушылармен өндірістік функцияларды қауіпсіз орындау және жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша қауіпті жағдайларда дер кезінде эвакуациялау қамтамасыз етіледі.
Ашық алаңдарда жұмыстар жүргізу кезінде жұмысшыларды қолайсыз метеорологиялық жағдайлардан қорғау үшін баспаналар орнатылады.
33. ҚЗӨФ әсер етуі мүмкін, қауіпті өндірістік объектінің жұмыс орындарында және аумағында ескерту жазбалары және белгілері орнатылады, жұмыс аймағының ауасын үнемі бақылау жүзеге асырылады.
Жұмыстардың қауіпті учаскелері қоршалады немесе қауіпсіздік белгілерімен және жазбалармен белгіленеді.
34. Құрылыс алаңында қауіпті аймақтардың шекаралары жұмыс басшыларымен анықталады және жұмысты ұйымдастыру жоспарына немесе наряд-рұқсаттамаға сәйкес нұсқаулық жүргізу кезінде орындаушыларға хабарланады.
35. Жұмыс орындары, объектілер, жүретін жолдар және оларға келетін жолдар, өтетін жерлер мен өткелдер қараңғы уақытта жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
Жасанды жарықтандыру белгіленген нормативтерге сәйкес орындалады. Жарықтандыру деңгейін өлшеулер объектіні пайдалануға беру алдында, бөлмелерді, жарықтандыру жүйелерін қайта құрғаннан кейін және жыл сайын жұмыс орындарында жүргізіледі.
36. Тез тұтанатын және жарылуға қауіпті заттары бар материалдарды қолдану және қоймалау орнынан 50 м кем қашықтықта және өрт сөндіру құралдары болмаған жағдайда от жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
37. Газдалу және рұқсат етілген нормалардан асатын, ҚЗӨФ әсер ету қауіптілігі бар орындарда, сонымен қатар оқшауланған бөлмелерде, жабық ыдыстарда, құдықтарда, орларда және шурфтарда жұмыс жүргізуді бастағанға дейін әуе ортасына талдау жүргізіледі және наряд-рұқсаттама рәсімделеді. Газдалу анықталған жағдайда осы орында жұмыс жүргізу тоқтатылады және жұмыс істеушілермен дем алу органдарын жеке қорғау құралдары қолданылған жағдайда және газ талдағыштармен жұмыс аймағының және тазалық-қорғаныс аймағының жанасып жатқан ауасында газдардың шекті рұқсат етілген концентрациясын (бұдан әрі - ШРК) және шекті рұқсат етілген зиянды концентрациясын (бұдан әрі - ШРЗК) бақылау кезінде, газдалуды нормативтік мөлшерге дейін жойғаннан кейін қайта жаңартылады.
38. Объектілер үшін (өңдейтін ұңғымалар, мұнайды жинау және дайындау қондырғылары, резервуарлы парктер) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарының 2-бөліміне сәйкес алаңдар, төсемдер, басқыштар қолданылады.
39. Мұнай газ өңдеу объектілерінің әлеуетті қауіпті орындарына (ашық ыдыстар, трансмиссиялар) барлық жағынан жолды жабатын, өтетін жермен қоршаулар орнатылады.
40. Құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аумақты қалпына келтіру, жаңарту және орналастыру жүргізіледі.
41. МГК игеру объектілерін пайдалануға қабылдау кезінде келесі тексеріледі:
1) келісілген және бекітілген жобалық, техникалық және пайдалану құжаттамасының, технологиялық регламенттің болуы;
2) әрекеттегі нормативтік құжаттарға сәйкес іске қосу және құрылыс құжаттамасының болуы;
3) апатты жою жоспарының (бұдан әрі - АЖЖ) болуы;
4) «Өндірістік бақылау туралы» ереженің болуы;
5) объекті персоналының біліктілігінің сәйкестігі;
6) жобалық және пайдалану құжаттамасының өнеркәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, жер қойнауын қорғау талаптарына сәйкестігі;
7) бұрғылау мұнай газ кәсіпшілік жабдығының, техникалық құралдардың, құбыр жолдарының, резервуарлардың, технологиялық үрдістерді бақылау және қауіпсіздік жүйелерін, ТҮ АБЖ, апаттық және өрт қорғанысының жүйелеріне сынақ жүргізу және жобалық шешімдерге, нормативтік құжаттарға, техникалық және пайдалану құжаттамасына сәйкестігі;
8) объектінің және объект персоналының инциденттерді, аварияларды жоюға дайындығы;
9) объектінің және персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, газдалуды бақылау, өрт техникасымен және дабыл белгісімен жинақталуы, селитебті аймақта персоналды және халықты эвакуациялау;
10) байланыс құралдарының болуы және жағдайы;
11) объектіні қорғау және күзетуді ұйымдастыру;
12) объектіні материалдық-техникалық, соның ішінде апаттық-құтқару қызметімен, өрт қызметімен, медициналық қызметімен және объектінің мақсаты мен сипаттамасын ескере отырып басқалармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
42. Құрылысы аяқталған МГК игеру объектілерін, бұрғылау қондырғыларын пайдалануға қабылдау және іске қосу нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.
Іске қосу-реттеу жұмыстары және жабдықты жанатын және қауіпті заттарды қолданумен сынау, жарылу өртену қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін технологиялық регламенттер жасалады.
3 - тарау. Жабдықты пайдалану
43. Персонал болатын бөлмелерде келесілер ілінеді:
1) БӨҚжА, қорғаныс, бекіту реттегіш құрылғыларын көрсете отырып, жабдықтар мен құбыр жолдарының орналасуының технологиялық сызбасы (мнемосызба), газдалу мен әуе ортасын талдауды бақылау құралдары мен анықтағыштарын орналастыру сызбасы;
2) апаттық қоймалардың, газ қауіпсіздігі орындары мен аймақтарының, өрт құралдарының, жұмысшыларды қорғау құралдарының, адамдардың және көлік қозғалысының негізгі және қосымша маршруттары, апаттық және қауіпті жағдай кезіндегі желдің үстем бағыты және мүмкін болатын газдалу аймағы, байланыс және құлақтандыру құралдарының орналасуы көрсетіле отырып, объектінің сызбасы;
3) апаттық-құтқару қызметінің (бұдан әрі - АҚҚ), өрт күзеті мен медициналық тазалық бөлімінің басшылары мен мамандарының телефон нөмірлері көрсетіле отырып, құлақтандыру сызбасы;
4) АЖЖ жедел бөлімі.
44. Қауіпті объектіде қолданылатын жабдық үшін әзірлеушімен немесе жобалық ұйыммен рұқсат етілген (кепілдендірілген) пайдалану мерзімі (қор), ал жабдықтың құрамдас бөлігі болып табылмайтын құбыр жолдары мен арматура үшін – жобалық, техникалық және пайдалану құжаттамасында көрсетіле отырып, есептік пайдалану мерзімі белгіленеді.
45. Құрастыру, іске қосу, техникалық куәландыру немесе пайдалану кезінде жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қолданылады.
Бұдан әрі жұмыстар және пайдалануға анықталған сәйкес еместіктер жойылғаннан кейін жұмыс жетекшісінің нұсқауы бойынша жол беріледі.
46. Жабдықты (аппараттарды, құбыр жолдарының учаскелерін) іске қосу немесе тоқтату технологиялық жүйеде жарылуға қауіпті қоспалардың қалыптасуының, гидрат қалыптасуының немесе сұйықтардың қатуының алдын алу бойынша (инертті газбен, бумен үрлеу, үрлеу тиімділігін бақылау) қауіпсіздік шаралары мен талаптарын орындаумен жүзеге асырылады.
47. Қысыммен жұмыс істейтін техникалық құрылғы, құбыр жолдары дәнекерді және өзге сәйкес әдістерді қолданумен құрастырудан немесе жөндеуден кейін, акт жасай отырып, беріктік пен қымталуға сыналады. Сынау кезеңдігі мен шарттары олардың техникалық жағдайы, коррозиялық және температуралық үрдісі, дайындаушының пайдалану құжаттамасының, нормативтік техникалық құжаттардың, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 189 бұйрығымен бекітілген, Қысыммен жұмыс істейтін сауыттардың құрылымы және олардың қауіпсіз пайдалану талаптары ескеріле отырып, жобамен, технологиялық регламентпен белгіленеді.
Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштермен, бекіту арматурасымен және қорғаныс құрылғыларымен, ішін қарайтын люктермен, босатуға арналған сорғыту желісімен және газдар мен буларды әкетуге арналған желімен жабдықталады.
48. МГК игеру объектілерін пайдалану келесілер болғанда жүзеге асырылады:
1) өндірістік бақылауды қамтамасыз ететін тұлғалар;
2) техникалық құралды пайдалануға, қызмет көрсетуге және жөндеуге сәйкес біліктілігі, денсаулық жағдайы және өндірістік дайындығы бар персоналды жіберу және жинақтау;
3) объектіде ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, тізім бойынша нормативтік-техникалық құжаттаманың;
4) жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;
5) өрт жабдығы және құралы болғанда.
49. Ауаға қауіпті және зиянды булардың, газдардың және шаңның бөлінуі мүмкін бөлмелерде, өндірістік алаңдарда, тазалық-қорғаныс аймағында тұрақты және қозғалмалы газ талдағыштарды қолдану арқылы әуе ортасын бақылау жүзеге асырылады.
Әуе ортасының жағдайы туралы мәліметтер жұмыс орында тазалық-қорғаныс аймағында бекітіледі және журналда тіркеле отырып, диспетчерлік пунктіге беріледі.
Апаттық дабыл құралдарының жұмысқа қабілеттілігі және әуе ортасының жағдайын бақылау технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.
Жұмыс аймағы ауасының газдалуы кезінде объектінің қызмет көрсетуші персоналын және өзге қондырғыларды мүмкін болатын қауіптілік туралы дереу құлақтандыру жүргізіледі, газдалған учаске белгіленеді немесе қоршалады және АЖЖ сәйкес газдалу ошағын жою бойынша шаралар қолданылады.
50. Апатқа қарсы және өртке қарсы қорғанысты бақылау жүйелері МГК өңдеуді басқару пунктімен, резервті энергиясымен қамтамасыз етумен және байланыспен қамтамасыз етіледі.
Басқару пунктерінде технологиялық көрсеткіштерді, жабдықтың техникалық жағдайын және әуе ортасының газдалғандығын бақылауға және тіркеуге мүмкіндік беретін құралдар орнатылады.
Апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс, газ талдағыш құралдары істен шыққан кезде жарылуға дейінгі және шекті рұқсат етілген концентрацияны анықтау үшін олардың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады, ал жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс жетекшісінің тұрақты бақылауымен, АЖЖ сәйкес, қондырғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін әрекеттер орындалады.
51. БӨҚжА, одақтау және белгі беру құралдарын түгендеу және тексеру МГК өңдеудің әрбір объектісі үшін, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте және жоспарлы-алдын ала жөндеу кестесі бойынша метрологиялық қызметпен жүргізіледі.
52. Манометрлер жұмыс қысымын өлшеу шегі шкаланың үштен екісінде болатындай шартпен таңдалады. Манометрлер циферблатында шекті рұқсат етілген жұмыс қысымын көрсеткіш орнатылады. Алаң деңгейінен 2-ден 5 м-ге дейінгі биіктікте орнатылған манометр оны бақылау үшін 160 мм-ден кем емес диаметрде болуы мүмкін. Манометрлер жұмыс аймағының өрт жарылыс қауіпсіздік жағдайларына сәйкес жұмыс және апаттық жарықтандырумен қамтамасыз етіледі.
53. БӨҚжА пневматикалық жүйесі үшін технологиялық үрдісті қамтамасыз ету үшін дайындаушының техникалық құжаттамасында көрсетілген уақыт көлемінде жұмыс істеу үшін қысылған ауаның апаттық қорын қамтамасыз ететін ауаны құрғатқыш, ресивер қарастырылады.
54. Диспетчерлік пунктіні басқару қалқандарында орналасқан БӨҚжА технологиялық сызбаға сәйкес келетін, анықталатын көрсеткіштерді көрсете отырып белгіленеді.
55. Өндірістік бөлмелерді, аппараттарды, жабдықтарды, құбырларды, арматураны, қорғаныс құралдарын және БӨҚжА қыздыру және жылыту бойынша шаралар ауаның кері температурасы және қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде қауіпсіз пайдалануды қарастырады.
56. Мұнай өнімдерін құю және ағызу үшін жабдықты, қондырғыларды, резервуар парктерін, құбырларды, эстакадаларды (терминал) пайдалану кезінде өнімнің және басқа құрамдас бөлшектерінің қатуының алдын алу бойынша шаралар орындалады.
Жабдықтар мен құбырларда жылумен оқшаулау тексеріледі. Анықталған бұзушылық жағдайлары жойылады.
Технологиялық құбырлар, арматура, кері және қорғаныс қақпақтары дайындаушының жобасында және құжаттамада көрсетілген, пайдалану жағдайына және температуралық режимге сәйкес оқшауланады.
Төмен температуралар кезінде жабдықты, құбырларды, арматураны іске қосу алдында олардың техникалық жағдайына және учаскелердің қатуының және ішкі жағында, басқару оргындарының және БӨҚжА мұзды тығындардың жоқ екендігіне тексеру жүргізіледі.
Элементтері мен учаскелері қатқан аппараттарды және құбырларды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Қатып қалған жер анықталған жағдайда жабдық пен құбырда бүлінудің бар-жоғына сыртынан қарау және жылыту үшін жалпы жүйеден ажырату жүргізіледі.
Жеке жабдықты немесе құбырдың учаскесін өшіру мүмкін болмаған және авария қауіптілігі болған жағдайда ол тоқтатылады және қатуды жою бойынша шаралар қолданылады.
Жылыту әрекеті және тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі.
Мұз тығынын қыздыру қатып қалған учаскенің соңынан бастап, бумен немесе ыстық сумен жүргізіледі. Қатқан құбырларды, аппараттарды ысырма ашық болғанда және ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
58. Бекіту арматурасын, кері және қорғаныс қақпақтарын ашу үшін ілмектерді, ломдарды және құбырларды пайдалануға жол берілмейді.
59. Аппараттарды, ыдыстарды, құбырларды, су құбырларын және бу құбырларын өшіргеннен кейін технологиялық регламентке сәйкес, бумен, инертті газбен үрлеу арқылы құрғату жүйесіне сұйықты құю жүргізіледі.
60. Жүйелері және жылыту жабдығы технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша акт жасалады.
61. Мұнайдың үлкен тұтқырлығымен, құрамында парафиннің, қара майдың және асфальттың көп мөлшері бар қондырғыларды пайдалану кезінде келесі қарастырылады:
1) құбырларда, технологиялық аппараттарда, ыдыстарда және резервуарларда мұнай температурасын және тұтқырлығын жобамен (регламентпен) белгіленген мөлшерден төмен емес қалыпта ұстау;
2) жабдықты, аппараттарды, ыдыстарды, резервуарларды және құбырларды жылу серігімен жылыту және жылуды қорғау;
3) мұнайды ағызу және технологиялық үрдістердің үздіксіздігі.
62. Технологиялық үрдіс және ағызу аяқталғаннан кейін жоғары жабысқақты жабдық және құбырлар немесе парафинді мұнай технологиялық регламентке сәйкес, аз тұтқыр қатпайтын мұнай өнімімен шайылады.
63. Жабдықты, аппараттарды, резервуарларды, құбырларды және өзге құрылыстарды коррозиядан қорғау құрылғылары дайындаушының техникалық құжаттамасына, өнерәсіптік, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдаланады.
64. Жабдықты, құбырларды пайдалану және коррозияның мүмкін болатын әсері кезінде тозуды бақылау үшін көзбен шолу және бұзылмайтын бақылау әдістері қолданылады, нәтижелері бойынша тексеру актісін рәсімдеумен және журналда тіркей отырып, техникалық жағдайы, қауіпті жағдайлардың пайда болу қаупі анықталады.
Жұмыс аймағының ауасының газдалуы анықталған жағдайда дереу объектінің және басқа қондырғылардың қызмет көрсетуші персоналын мүмкін болатын қауіп туралы құлақтандыру жүргізіледі, газдалған учаске белгіленеді немесе қоршалады және АЖЖ сәйкес газдалу көзін жою бойынша шаралар қолданылады.
Апатқа қарсы және өртке қарсы қорғаныс жүйелері, газ талдағыштар істен шыққан кезде жарылыс қауіптіге дейінгі және шекті рұқсат етілген концентрацияны анықтау үшін олардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша шаралар қолданылады, ал жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмыс басшысының тұрақты бақылауымен, АЖЖ сәйкес, қондырғының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін әрекеттер орындалады.
Қысыммен жұмыс істейтін сауыттар манометрлермен, деңгейін көрсеткіштермен, бекіту арматурасымен және қорғаныс құрылғыларымен, ішін қарауға арналған люктермен, босату үшін сорғыту желісімен және газдар мен буларды әкету үшін желімен жабдықталады.
65. Бөлмедегісі 45 0С асатын және сыртқы қондырғылардағы 60 0С асатын температурамен жабдықтың, құбырлардың, шығаратын коллекторлардың беткейі персонал болатын жерінен қоршалады немесе оқшауланады.
66. Жабдықты, жинақтаушы бұйымдарды, арматураны және құбыр жүйелерін беріктікке және қымталуға сынау дайындалғаннан кейін, іске қосу алдында, жөндеуден, жетілдіруден және қайта құрудан кейін жүргізіледі:
1) сынау жағдайлары, тығыздау қысымы және қымталу санаттары технологиялық регламентте көрсетіледі.
Пайдалануға актіде көрсетілетін, беріктік пен қымталуға сынаудың оң нәтижелері кезінде жол беріледі;
2) сынамалар жүргізу алдында Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары, қауіпті аймақ, жұмыс орындаушылары, тығыздау есебі, қауіпсіздік коэффициенті, жұмыстар жүргізуге құжаттамаларды көрсете отырып, жұмысты ұйымдастыру жоспары жасалады. Қауіпті аймақтың шекаралары 5 - қосымшаның талаптарын ескере отырып анықталады;
3) бұрғылау қондырғысының қысатын құбыры және манифольд 20 МПа дейінгі жұмыс қысымы кезінде 1,5 қауіпсіздік коэффициентімен және 21-56 МПа қысым кезінде 1,4 коэффициентімен есептеледі;
4) сағалық мұнай газ кәсіпшілік және тастамаға қарсы жабдықты тығыздау ұңғымаға орнатуға дейін жиналған күйде, куәлікте, стандарттарда және регламентте көрсетілген сынақ қысымына жүргізіледі.
Ұсынылатын қауіпсіздік коэффициенттері 20 МПа дейінгі жұмыс қысымы кезінде 1,5; 20-56 Мпа қысымы кезінде 1,4; 56-65 МПа қысым кезінде 1,3; 65-тен артық МПа қысым кезінде 1,25 құрайды және жағдайлары мен пайдалануға байланысты.
Сағада құрастырғаннан кейін тығыздау жобаға, ұңғыманы қымталуға сынау бойынша нұсқаулыққа және обсадты бағаналардың есебіне сәйкес шекті қысымға жүргізіледі;
5) кәсіпшілік құбырлар үшін қауіпсіздік коэффициенттері 1,1-1,5 құрайды және әрбір объект үшін жобамен анықталады.
67. Бұрғылау қондырғыларының білік жүйесін, ұңғыманы жөндеу бойынша агрегаттарды, жүк көтергіш машиналарын және механизмдерін құралдандыру, жүк асатын арқандарды дайындау үшін сертификат немесе сынау туралы көшірме болған жағдайда, жабдықты дайындаушының құжаттамасына сәйкес білікті арқандар қолданылады.
Арқандарды біріктіру бұрымы немесе металл тығын сына бекітпемен; арқанның 6 диаметрінен кем есем қашықтықта үш бұрындалы қысқыштармен жүзеге асырылады.
Арқанның жағдайы жұмыс кезінде үнемі және ай сайын ауысымды тапсырған кезде, журналға тіркеу арқылы бақыланады.
Бұрғылау және көтеру қондырғылары үшін дер кезінде созу және ауыстыру үшін нұсқаулыққа сәйкес тілікті арқанның тозуына есеп жүргізіледі.
Арқан келесі жағдайларда істен шыққан және ауыстыруға жатады деп саналады:
тарамдарының біреуі үзілген, қысылған немесе арқанда бір немесе бірнеше тараммен сымды қысу (таралу) бар;
арқанның ортасы немесе тарамы басылған;
арқанда толқындылық, орам тәрізді, арқан диаметрінің жергілікті үлкеюі немесе азаюы бойынша ақау бар;
диаметрі 20 мм дейінгі оралған жердегі үзілген сымдарының саны 5 % көп, 20 мм жоғары диаметрлі арқанда 10 % артық құрайды;
арқанда оралған, иілген, үзілген жерлер бар;
бетінен тозу, коррозия нәтижесінде арқан диаметрі 7 % және одан да көп азайды;
тозу, коррозия нәтижесінде арқанның сырты сымдарының диаметрінің 40 % және одан да көп азаюы;
арқанда жоғарғы температураның әсер етуі (күйген түс, қабыршақ) немесе қысқа электр тұйықталу (электр доғасынан балқу) әсер ету белгілері бар.
Арқанды тарту кезінде білікті блокты көтеру алдында шығыр барабанында 3 – 4 орам болады.
Жүк көтергіш жұмыстары, созуларды, ілмектерді, сақтандыру құрылғыларын дайындау кезінде жалғанған арқандарды қолдануға жол берілмейді.
Арқандарды кесу үшін арнайы құралдар және қорғайтын көзілдіріктер қолданылады. Электр дәнекерін және газ жалынды кесуді қолдануға жол берілмейді.
68. Ескерту және апаттық дабыл белгісі үнемі қосылған күйде болады.
69. Технологиялық персоналға технологиялық регламентпен белгіленген тәртіпте, жеке құралдарды және автоматтандыру құралдарын апаттық жарытуды жүргізуге жол беріледі. Ажырату кезінде объектінің жарылыс өртену қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар орындалады.
70. Жабдықты, бақылау жүйелерін, жабдықтарды, құбырларды, байланыс және құлақтандыру құралдарын апатқа қарсы және өртке қарсы автоматты қорғанысын бақылау жүйелерін қалпына келтіру, жөндеу және сынау бойынша жұмыстар ұшқынды болдырмайды. Осындай жұмыстарды жүргізуге газды дайындау қондырғыларын жарылу өртенуге қауіпті аймақтарда пайдалану кезінде наряд-рұқсаттама рәсімделеді.
71. Технологиялық жабдық (айналдыру және сорғы жабдығы, ыдыстар) бақылау, үрдістерді реттеу құралдарымен, одақтасу жүйесімен, үлгі алуға арналған құрылғылармен, коррозия ингибиторларын енгізу үшін штуцерлермен жабдықталады.
Технологиялық жабдықтың жұмысын бақылау технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
72. Күкірсутегі бар сұйыққа арналған ыдыс (резервуар), бұрғылау қондырғысының айналма жүйесінің ыдыстары жоғарғы шекті деңгейін білдіретін белгі бергішпен, сұйық деңгейінің қашықтықтан өлшеу үшін құрылғымен және төменгі үлгі алумен жабдықталады.
73. Мұнай, газ және конденсатты өңдеу, жинау, дайындау және тасымалдау жүйелерінің технологиялық жабдығын және құбырларды, пайдалану және лифтілі бағаналарды, күкіртсутегінің әсер етуі жағдайында пайдаланылатын ұңғыма ішіндегі және басқа жабдықты коррозиядан қорғау үшін коррозия ингибиторлары, арнайы жабындылар және өнімнің коррозиялық белсенділігін азайтудың технологиялық әдістері қолданылады.
74. Бұрын күкірт сутегімен қатынаста болған тастамаға қарсы жабдықтың манифольды, бұрғылау құбырлары, лифтілі құбырлар, құбыр жолдары оларды қайтадан қолдану алдында коррозия өнімдерінің қалдықтарынан тазартылады, ақау анықтауға, тығыздауға ұшырайды.
75. Күкірт сутегінің әсер ету жағдайларында пайдаланылатын жабдықты, оның желілерін және бөлшектерін жөндеу оларды бейтараптау, жуудан (буландыру) кейін жүргізіледі.
76. Обсадты және лифтілі бағаналардың құбырларының кернеудегі сульфидті шытынауға төзімділігіне кепілдік беретін, сапасына сәйкестігі сертификатпен куәландырылады. Құбыр үлгілерін химиялық құрамы және болаттың басқа көрсеткіштері бойынша тексеру зертханалық жағдайларда арнайы әдістеме бойынша жүргізіледі.
77. Обсадты, сорғы-компрессорлық, бұрғылау, жетекші құбырларды және құбыр бағаналарының элементтерін сақтау, тасымалдау, пайдалануға дайындау нормативтік құжаттамаға және жеткізушілердің ұсыныстарына сәйкес жүргізіледі.
78. Жер үстіндегі жабдықтың және құбырдың қабырғаларының қалыңдығының өзгеруін бақылау арнайы құралдармен жүргізіледі.
Бақылау орындары мен кезеңдігі технологиялық регламентпен анықталады.
79. Жабдықтың және құбырлардың коррозиялық жағдайын бақылау көзбен шолудан басқа келесідей жүзеге асырылады:
1) бақылау үлгілерін орналастырумен;
2) коррозия жылдамдығын көрсететін тетіктер бойынша;
3) коррозияны бақылау желілері бойынша;
4) сутекті зондтар бойынша;
5) ультрадыбысты және магнитті қалыңдық өлшегішпен.
Жабдықтың және құбырлардың әрбір түрі үшін коррозияны бақылау әдістері, кезеңдігі және орны жоба нұсқаулықтарына сәйкес, технологиялық регламентпен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |