6.1. Клиенттің құқықтары:
6.1.1. Осы шартпен көзделген шарттарда «БТА Online» жүйесінде қызметтердің толық кешенін пайдалану.
6.1.2. Өзінің банктік шоттарында ақшаны өз бетінше қолдану.
6.1.3. Келесі жағдайларда: егер Кілттік тасымалдаушы зақымдалса, егер Клиент Кілттік тасымалдаушыға кіру құпия сөзін ұмытып қалса, Банкке Кілттік тасымалдаушыны алмастыру туралы өтінішпен бару.
6.2. Клиенттің міндеттері:
6.2.1. Банктің «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету бойынша қызметтерін операцияны жасау сәтінде қолданыстағы Банктің тарифтері бойынша төлеу.
6.2.2. Банктік қызметтер құнын қоса алғанда, сұралатын операциялар жүргізу үшін қажетті ақша сомасының банктік шоттарда болуын қамтамасыз ету.
6.2.3. Осы Шарттың 4.2.т. сәйкес Кілттік тасымалдаушыға кіру сөзін ауыстыруды қысқа мерзімдерде жүргізу, есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ай сайын кіру сөзін ауыстыру, сондай-ақ, «Ақпараттық қауіпсіздік ұсыныстарын» сақтау (осы Шарттың 1.1 Қосымшасын қара).
6.2.4. Валюталық операцияларды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген барлық қажетті құжаттарды Банкке беру.
6.2.5. Жеке кодты және Кілттік тасымалдаушыға кіру құпия сөзін үшінші тұлғалардан құпия сақтау.
6.2.6. Кілттік тасымалдаушыны жоғалтқан жағдайда және/немесе Клиентке тиесілі банктік шоттар бойынша санкцияланбаған операциялар жүргізу жағдайлары анықталғанда Кілттік тасымалдаушыны шектеу талабымен тез арада Банкке бару.
6.2.7. Банктік шоттарды шектеу туралы талапты Банкке 3 банктік күн ішінде ұсынылған жазбаша өтінішпен растау.
6.2.8. Электронды құжаттарды ресімдеуде және пайдалануда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және осы Шартпен белгіленген талаптарды басшылыққа алу.
6.2.9. Электронды құжаттардағы мәліметтің құпиялылығын қамтамасыз ету.
6.2.10. Кілттік тасымалдаушының, Электронды төлем құжаттарының мұрағаттарының және қатты дискте орналасқан көшірмелердің сақталуы Клиентке жүктеледі.
6.2.11. Өзінің деректемелерінің: мекенжайының, телефон нөмірлерінің, электронды пошта мекенжайының және т.б. барлық өзгерулері туралы өзгеру күнінен 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде хабарлама арқылы Банкке хабарлау.
6.2.12. Шартты бұзған жағдайда Банкке Кілттік тасымалдаушыны(ларды) қайтару (және) немесе Банкке оның(олардың) құнын(дарын) Шарттың 4.1.т. сәйкес өтеу.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Егер бұл құжаттар бір Тараппен тиісті түрде ресімделген және жеткізілген болса, ал басқа Тараппен тексерілген және қабылданған болса, Электронды құжаттарды пайдалану нәтижесінде, оның ішінде қате Электронды құжаттарды орындауда басқа Тараптың кінәсі болмаған жағдайда басқа Тарап шеккен шығындар үшін Тараптар жауаптылықта болмайды.
7.2. Банк Кілттік тасымалдаушыны(ларды) үшінші тұлғалардың санкцияланбаған пайдалануынан Клиент шеккен шығындар үшін жауаптылықта болмайды.
7.3. Клиент Кілттік тасымалдаушының(лардың) және Кілттік тасымалдаушыға(ларға) кіру құпия сөзінің(дерінің) сақталуы үшін жауаптылықта болады.
7.4. Клиент «БТА Online» жүйесінде Кілттік тасымалдаушыны(ларды) үшінші тұлғалардың санкцияланбаған пайдалануымен жасалған банктік шоттар бойынша операциялар үшін Кілттік тасымалдаушы(лар) Банкпен блокталған кезге дейін жауаптылықта болады.
7.5. Тараптар осы Шарт мазмұны мен одан туындайтын міндеттемелерді жариялағаны үшін жауаптылықта болады. Кез келген Тараптың Кілттік тасымалдаушыға кіру құпия сөзін жариялау немесе Кілттік тасымалдаушыны үшінші тұлғаларға беру нәтижесінде туындаған, жіберілген пайданы қоса алғанда, келтірілген шығын кінәлы Тарапқа жүктеледі.
7.6. Банк Клиент алдында ақшаның сақталуы, Клиенттің тапсырмаларының орындалу дұрыстығы мен уақытылылығы үшін жауаптылықта болады.
7.7. Банк Клиенттің Кілттік тасымалдаушының(лардың), Электронды төлем құжаттарының мұрағаттарының және қатты дискте орналасқан көшірмелерінің сақталуы үшін жауаптылықта болмайды.
7.8. 6.2.1.т., 6.2.2.т. айтылған міндеттемелер Клиентпен орындалмаған жағдайда Банк «БТА Online» жүйесінде одан әрі банктік қызмет көрсетуді тоқтатуға және берешек сомасын Клиенттің банктік шоттарынан тікелей дебеттеу арқылы және/немесе Қазақстан Республикасының территориясында және одан тыс кез келген банктерде (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда) ашылған Клиенттің банктік шоттарына Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген төлем құжаттарын ұсыну арқылы алуға құқылы (осы ереже Клиенттің осы Шарттың шарттары бойынша төлеуге жататын барлық сома шегінде Банкпен мұндай тікелей дебеттеуді жүзеге асыруға келісімі ретінде, ал осы Шарт Клиенттің осы Шарт бойынша міндеттемелер аяқталғанға дейін әрекет ететін, мұндай келісімін растайтын құжат ретінде қаралады (Клиент осымен Банктің осы тармақшада көрсетілген құқықтарын растау және жүзеге асыру үшін Банкке осы Шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну жеткілікті екеніне өз келісімін білдіреді).
8. ФОРС – МАЖОР
8.1. Егер орындамау немесе тиісті түрде емес орындау дүлей күш жағдайларының (форс-мажор) нәтижесі болып табылса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде емес орындағаны үшін жауаптылықтан босатылады.
8.2. Дүлей күш жағдайлары деп Тараптар Шартқа қол қойған соң төтенше сипаттағы күтпеген және бұлтартпас оқиғалардың нәтижесінде туындаған жағдайларды түсінеді. Мынадай: соғыс және әскери әрекеттер, апаттық немесе ресми осындай деп танылған аудандарда болып жатқан өзге апаттар, Қазақстан Республикасы заңи және/немесе атқарушы билік органдарының, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің осы Шарттың мәніне тікелей қатысы бар, қызметке тыйым салатын немесе шектейтін әрекеттері.
8.3. Осы Шарттың 8.2.т. көрсетілген жағдайлардың нәтижесінде Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін еместігі туындаған Тарап басқа Тарапты тез арада хабардар етіп, қарсы Тараптың бірінші талабы бойынша форс-мажорлық жағдайлардың тууын және/немесе тоқтатуын растайтын дәлелдер ұсынуы қажет. Көрсетілген жағдайлардың тууының және ұзақтылығының дәлелі құзырлы органдар берген жазбаша құжаттар болады.
8.4. Осы Шарттың 8.1. – 8.3. тармақтарымен қарастырылған жағдайларда Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі мұндай жағдайлар мен олардың салдарлары әрекет еткен уақытқа сәйкес кейінге шегеріледі.
9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
9.1. Тараптар осы Шартқа байланысты және ол себепті туындаған барлық дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикция соттарында қарастыру келісіміне келді.
-
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Шарт оған екі Тарап та қол қойған сәттен күшіне енеді және Тараптардың келісімі бойынша немесе Тараптардың бірінің бастамасы бойынша оны бұзғанға дейін жарамды. Ал Тарап – осы Шартты бұзу бастамашысы, болжамдалған бұзу күніне кемінде 10 (он) күнтізбелік күн қалғанда жазбаша нысанда басқа Тарапты алдын ала хабардар етуге міндетті.
10.2. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және олардың мөрлерімен бекітілетін осы Шартқа қосымша келісім жасау жолымен жазбаша ресімделеді.
10.3. Шартты бұзу осы Шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерден бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Шарт Тараптар арасындағы барлық өзара есептесулер аяқталған соң бұзылған болып саналады.
10.4. Осы Шарт екі түпнұсқалық данада жасалған, Тараптардың әрбіреуіне бір данадан. Осы Шартқа барлық Қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
10.5. Клиент Банктің осы Шартты жасау кезінде қолданыстағы «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге тарифтерімен танысқан және Банк өз қарауынша қолданыстағы тарифтерді өзгертуге құқылы екендігіне өз келісімін береді.
БАНК:
«БТА Банкі» АҚ
Қазақстан Республикасы, _________ қ., __________ көш., __ үй,
Корреспонденттік шот № _____________,
СТТН ______________,
халықаралық есептесулер үшін ХҚЕ 190501306, ________қ. бойынша есептесулер үшін код ____
___________________________________
қолы, МО
КЛИЕНТ:
__________________________________________________
Қазақстан Республикасы, _________ қ., __________ көш., __ үй,
Банктік шот № _____________ _______________________,
БСН/ЖСН _____________________
___________________________________
қолы, МО
«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету
шартына
№ 1 Қосымша
Электронды сандық қолтаңбаны тану және Кілттік тасымалдаушыларды қабылдау-өткізу туралы акті
_____________ қ. 20_жылғы «__» _______
«БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы, әрі қарай "Банк" деп аталады, 20__ж. «__» _______, № ________ Жарғының / Сенімхаттың негізінде әрекет етуші _______________________________танытуында, бір жағынан, және
_______________________________________, әрі қарай "Клиент" деп аталады, ________________________________ негізінде әрекет етуші, екінші жағынан, әрі қарай бірлесіп «Тараптар» деп аталады, төмендегілер жөнінде осы Актіні жасады:
1. Тараптар «ВТА Online» жүйесінде операциялар жасауда пайдаланылатын, ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес құрылған және электронды сандық қолтаңбамен бекітілген электронды құжаттар қағаз бетіндегі құжаттарға сәйкес келеді және осы Шарт бойынша ұқсас құқықтар мен міндеттер тудырады деп таниды.
2. Тараптар осы Шарт бойынша олар пайдаланатын телекоммуникация жүйесін, мәліметті өңдеу және сақтау жүйесін электронды құжаттарды қабылдауда, беруде, өңдеуде және сақтауда сенімді және тиімді жұмысты қамтамасыз етуге жеткілікті деп таниды.
3. Тараптар осы Шарт бойынша олар пайдаланатын мәліметті сақтау жүйесін үшінші тұлғалардың санкцияланбаған кіруінен қорғау үшін, Қолданушылардың құқықтарын растау үшін және электронды құжаттардың түпнұсқалылығын растау үшін жеткілікті деп таниды.
4. Клиент ол Банктен алған Кілттік тасымалдаушы(лар) жалғыз данада шығарылған деп таниды.
5. Клиент Кілттік тасымалдаушыны пайдаланып электронды сандық қолтаңбаны құрастыру алгоритмі сенімді және электронды құжатты құрастыру тек Қолданушыда Кілтті тасымалдаушы болғанда және Кілттік тасымалдаушыға кіру құпия сөзін білгенде ғана мүмкін деп таниды.
6. Ішінде _____дана Кілттік тасымалдаушылар мен Кілттік тасымалдаушыға құпия сөздер бар, оның ішінде:
-
____ дана, қол қою құқығы бар Қолданушылар үшін,
-
____ дана, оператор функциясын атқаратын Қолданушылар үшін,
мөрленген конверттерді Банк берді, ал Клиент қабылдады.
7. Осы Актіге Тараптардың қол қоюы электронды сандық қолтаңбаны екіжақты тануды білдіреді. Электронды сандық қолтаңба осы Актіге қол қойылған кезден күшіне енеді.
8. Осы Акт 20_ ж. «___» _________ № __ «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
БАНК:
___________________________________
қолы, МО
КЛИЕНТ:
___________________________________
қолы, МО
«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету
шартына
№ 1.1 Қосымша
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұсыныстар
_____________ қ. 20__жылғы «__» _______
_______________________________________, ________________________________ негізінде әрекет етуші, әрі қарай "Клиент" деп аталатын, «БТА-Online» пайдаланушылары үшін «БТА Банкі» Акционерлік Қоғамының Ақпараттық қауіпсіздік ұсыныстарымен танысқандығын растайды, соның ішінде:
1.1 Банк берген кілттік тасымалдағыштың болуы Сіздің атыңыздағы құжатты куәландыруға және оны Банкке орындауға ұсынылатындығын естеріңізден шығармаңыз.
1.2 Банк Электронды сандық қолтаңбасы бар дұрыс толтырылған төлем тапсырмасын орындамағауға құқықсыз.
1.3 Клиент өзінің кілттік тасымалдағыштарының, кіру сөзінің және өз қызметкерлерінің әрекеттерінің құпияда сақталуына өзі толық жауап береді.
1.4 Банк Шартты және Ақпараттық қамтамасыз ету ұсыныстарын басшылыққа алуды ұсынады:
ЭСҚ кілттері:
-
Банк ұсынған кілттік тасымалдаушыларда немесе «БТА-ONLINE» Мобильді сервистер» БҚ сақталуы тиіс, бұл ретте клиент ЭСҚ сақтау құралы ретінде мобильді құрылғы үшін өзі жауап береді.
-
«БТА-ONLINE» жұмыс аяқталған соң компьютерден алынуы.
-
тұрақты қосылған компьютерде Кілттік тасымалдағыштарды Ешуақытта сақтамаңыз, ИТ мамандарды қоса алғанда, үшінші тұлғалардың физикалық кіруін болдырмаңыз.
-
Кілттік тасымалдағыш немесе кіру сөзі құпиялығының бұзылуына кез келген күмәндар туындаған жағдайда, міндетті түрде Банкке хабарласыңыз және «БТА-ONLINE» жүйесіне пайдаланушының кіруін шектеңіз.
-
«БТА-ONLINE» кіруге рұқсаты бар қызметкер жұмыстан шыққан жағдайда, міндетті түрде Банкке хабарласып, жүйеге пайдаланушының кіруін шектеңіз.
«БТА-ONLINE» жүйесі/ «БТА-ONLINE» Мобильді сервистер» БҚ Мобильді құрылғысы (смартфон немес планшет) орнатылған компьютер:
-
Тұрақты жаңартылып тұратын лицензиялы қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі (кем дегенде антивирусты бағдарламалық қамтамасыз етумен).
-
Оған үшінші тұлғалардың кіруіне шектеу болуы.
-
Администратордың құқығы шектелуі.
-
Зиянкес бағдарламалардың болуына күмәндар туындаған жағдайда, Банкке міндетті түрде хабарласыңыз және «БТА-ONLINE» жүйесіне пайдаланушылардың кіруі шектелуі тиіс.
-
Қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесінің БҚ ерекше бұзылыстарын немесе бағдарлама интерфейсіндегі қандай да бір өзгерістерді (басқа банктің логотипі, басқа жазулар, шрифт және осы сияқты) байқасаңыз немесе күндегідей көрсетілмесе (жүйедегі жұмыс тәртібі бұзылса), Банкке хабарласып, осындай өзгерістердің «БТА-ONLINE» жүйесінің жаңаруымен байланысты ма/жоқ па, біліп алыңыз. Егер олай болмаса - «БТА-ONLINE» жүйесіне кіруді шектеңіз.
-
«БТА-ONLINE» мекенжайына назар аударыңыз: ол былай басталады «https://online.bta.kz/portal/ru» (мекенжайдың басындағы «https» символдарға аса назар аударыңыз, бұл қорғалған қосылыстың болуын растайды).
-
Компьютерге қашықтан қосылу мүмкіндігіне тыйым салыңыз. егер «БТА-ONLINE» жұмысы аяқталғаннан кейін кілттік тасымалдағышты ажырату бойынша Банк ұсыныстары орындалмаса, зиянкестер Сіздің компьютеріңізді рұқсатсыз пайдалану үшін қашықтан қосылуды пайдалануы мүмкін, соның ішінде «БТА-ONLINE» жүйесіне кіруді.
-
Интернет желісі «БТА-ONLINE» сервистеріне қосылу үшін ғана пайдалану және қажет жағдайда, операциялық жүйені және антивирустық қорғауды жаңарту қажет.
-
Банк ұсынған кілттік тасымалдағыштан басқа, ақпараттың сыртқы тасымалдағышын қосуды шектеңіз.
Кіру сөзі:
-
"БТА-ONLINE" жүйесіне кіру үшін кіру сөзін өзгертіп отырыңыз (кіру сөзін өзгертудің оңтайлы мерзімі 1 ай), соның ішінде «БТА-ONLINE» Мобильді сервистер» БҚ.
-
Оңай әрі жеңіл кіру сөздерін қолданбаңыз (111111, 12345, abcdefg, qwerty және т.б.), кіру сөзіне өзіңіздің туған күніңізді, телефон нөмірін және оңай білуге болатын басқа да деректерді қоймаңыз.
-
Кіру сөзін жазбаңыз. Егер жазу қажет болса, жазылған кіру сөзін мониторға жабыстырмаңыз, компьютердің жанында немесе үшінші тұлғаларға оңай қол жетімді басқа жерде қалдырмаңыз.
-
Кіру сөзіне көз салу мүмкіндігін болдырмаңыз, оны ешкімге, соның ішінде ІТ-мамандарына хабарламаңыз.
Есте сақтау маңызды:
-
Банк ЭСҚ құпиялы (жабық) кілт сөзіне кіруге және сіздің атыңыздан электронды төлем тапсырмасының астындағы дұрыс ЭСҚ қалыптастыруға құқықсыз, ол Банк берген кілттік тасымалдағышта ғана немесе «БТА-ONLINE» Мобильді сервистер» БҚ дұрыс кіру сөзін тергеннен кейін қалыптастырылады.
-
Банк ЭСҚ құпиялы (жабық) сөзді немесе кілт сөзін жіберуді сұратқан электронды хат жібермейді. Банк Сіздің компьютеріңізге орнату үшін бағдарламаларды электрондық пошта бойынша жібермейді. Интернеттің тегін пошта қызметінен (@mail.ru, @yandex.ru, @rambler.ru, @gmail.com, @yahoo.com және т.б.) жіберілген кез келген электронды мәліметтер Банк жіберген пошта болып табылмайды.
-
Егер Банк ЭСҚ құпиялы (жабық) сөздің немесе кілт сөзінің құпиялығына күмәніңіз болса немесе олардың жария болуына (көшірілуіне) қауіптенсеңіз, онда «БТА-ONLINE» жүйесіне пайдаланушылардың кіруін шектеу қажет.
КЛИЕНТ ТАНЫСТЫ ЖӘНЕ КЕЛІСТІ
___________________________________
қолы, МО
«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету
шартына
№ 2 Қосымша
«БТА Online» жүйесінде
Қолданушыны тіркеуге / өзгертуге
өтініш
Заңды тұлғаның атауы (Шаруа қожалығының, жеке кәсіпкердің)
|
………………………………………………………………………………
|
БСН
|
………………………………………………………………………………
|
Мекенжайы:
|
………………………………………………………………………………
|
танытуында:
|
………………………………………………………………………………
|
негізінде әрекет ететін:
|
………………………………………………………………………………
|
Сұрайды:
-
«БТА Online» жүйесінің реестрінде Қолданушы ретінде келесі жеке тұлғаларды тіркеу:
-
________ (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі);
-
________ (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі);
-
________ (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі);
және «__» ______ 20_ жылғы № __ «БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету Шартына сәйкес «БТА Online» жүйесіне кіруге рұқсат ету.
-
құпия кілттерді және ашық кілт сертификатын қайтадан дайындау
(сертификаттың жарамдылық мерзімінің өтуіне, қолданушының жеке мәліметтерінің өзгеруіне, сертификаттың жойылуына байланысты).
қажеттісінің астын сызыңыз
-
Қолданушының жаңа кілттік тасымалдаушысын тіркеу (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі)
(жоғалтуға, зақымдалуға байланысты).
қажеттісінің астын сызыңыз
-
«БТА Online» жүйесінің реестрінен________ Қолданушыны (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі) жою
-
Қолданушыға (ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен берілген күні, ЖСН, қандай қол қою құқығына ие (бірінші, екінші), атқаратын қызметі) «БТА Online» жүйесіне кіруге тыйым салу
-
Келесі Қолданушыға «БТА Online» жүйесіне кіруге рұқсат ету:
Тегі
|
|
Аты
|
|
Әкесінің аты
|
|
UID қолданушының идентификаторы
|
|
Қызметі
|
|
Азаматтығы
|
|
ЖСН
|
|
Жеке куәлік нөмірі
|
|
Куәліктің берілген күні
|
|
Мобильді телефон нөмірі
|
|
Электронды пошта мекенжайы
|
|
Кілттік тасымалдаушының идентификаторы
|
|
Кілттік тасымалдаушы атына тіркелген
|
|
20___ ж. «…» …………….
|
|
Заңды тұлғаның атауы
|
|
Қызметі
|
|
ТАӘ
|
|
Қолы
|
|
|
мо
|
БАНК:
___________________________________
қолы, МО
КЛИЕНТ:
___________________________________
қолы, МО
«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету
шартына
№ 3 Қосымша
«БТА Online» жүйесінде
шартты тіркеуге / өзгертуге
өтініш
Шарт № ……….
Заңды тұлғаның атауы
|
………………………………………………………………………………
|
ЖСН
|
………………………………………………………………………………
|
Мекенжайы
|
………………………………………………………………………………
|
танытуында
|
………………………………………………………………………………
|
негізінде әрекет ететін
|
………………………………………………………………………………
|
Достарыңызбен бөлісу: |