Булгакова Д. А. Мемлекет жəне қҰҚЫҚ теориясы


 Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата05.08.2024
өлшемі0.85 Mb.
#503108
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Булгакова Мемлекет-және

3. Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары – 
бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның 
органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бө-


луге болады: құқықтық жəне ұйымдастырушылық нысандар. Құ-
қықтық нысандарға мыналар жатады: 
а) құқықшығармашылық – бұл нормативтік актілерді дайындау 
мен шығаруға қатысты қызмет; 
ə) құқыққолданушы – бұл құқық қолдану актілерін шығару 
арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қыз-
мет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы əртүрлі 
мəселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс; 
б) құқыққорғаушы – бұл адам мен азаматтың құқықтары мен 
бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға 
жəне кінəлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға жəне т.б. 
байланысты қызмет. 
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады: 
а) ұйымдастырушылық-реттеуші – бұл белгілі бір құрылымдар-
дың құжаттар жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т.б. 
байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз 
етуге бағытталған ағымдағы жұмысы; 
ə) ұйымдастырушылық-шаруашылық – бұл бухгалтерлік есеп-
пен, статистикамен, қамтамасыз етумен т.б. байланысты жедел-
техникалық жəне шаруашылық жұмыс; 
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық – бұл жаңадан қабыл-
данған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты 
қалыптастырумен жəне т.б. байланысты мемлекеттің əртүрлі 
функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күн-
делікті тəрбие жұмысы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


№ 9 кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет