Бюджет Аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 179,5 млн теңгені немесе 100,7 пайызды құрады. 2008 жылдың ішінде аудан бюджеті кіріс жағынан 1018,2 млн теңгені құрап, жоспар 100,2 пайызға орындалды, 2007 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі



Дата22.02.2016
өлшемі73.12 Kb.
#1048
2008 жылдың  ішіндегі Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Бюджет
Аудан бюджетіне түскен салықтар мен басқа да төлемдер 179,5 млн. теңгені немесе 100,7 пайызды құрады.
2008 жылдың ішінде аудан бюджеті кіріс жағынан 1018,2 млн.теңгені құрап, жоспар 100,2 пайызға орындалды, 2007 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі 678,5 млн.теңге немесе жоспар 100,5 пайызға орындалған болатын.
Бюджеттің шығыс бөлігі 99,7 пайызға орындалды, ал 2007 жылдың осы кезеңінде – 99,8 пайызды құраған болатын.
Ауданда дебиторлық қарыз жоқ.

Өнеркәсіп
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 5,3 млн. теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 127,9 пайыз болып, бұл салаға келген инвестиция көлемі 57,8 млн. теңге.

Ауыл шаруашылығы
2008 жылдың ішінде ауылшаруашылығының өнімдерінің жалпы түсімі 2804,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 109,9 пайызға артық, халықтың бір адамына жалпы түсім 118,9 мың теңгені құрайды.
2008 жылдың ішінде қойлар мен ешкілер саны 3,8 мың басқа (10,7), жылқылар – 0,6 мың басқа (10,2 пайыз), құстар – 0,1 мың басқа (0,3 пайыз), ірі қара мал бастары 31,2 мың,  ұлғаюы 0,5 мың басты құрады (1,7 пайыз), шошқалар 0,4 мың басқа немесе 83,6 пайызға азайды.
2008 жылдың ішінде аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында мал және құстың еттері тірідей салмақта 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда: ет – 100,0 пайыз, сүт – 101,9 пайыз, жұмыртқа -100,0 пайыз, жүн – 111,1 пайыз.
2009 жылғы 1-ші қаңтарға аудан бойынша 692 шаруа қожалықтары тіркелді.
Шаруашылықтың барлық түрлері бойынша ауыл шаруашылық дақылдарының егістік дақылдыры 34,4 мың гектарды құрады. Олардың ішінде
дәнді-дақылдар 29,8 мың гектар, майлы дақылдыр 3,2 мың гектар, картоп 0,5 мың гектар, көкөніс 0,2 мың гектар. 2008 жылы өсімдік шаруашылығының 
негізгі түрлерін өндіру бойынша дәнді-дақылдар 1706 тоннаға, майлы дақылдар 131 тоннаға, картоп 3698 тоннаға, көкөніс 4590 тоннаға өсті.
Аудан бойынша мал шаруашылығын одан әрі дамыту және асылдандыру мақсатында нақты жұмыстар қолға алынуда. Атап айтқанда аудан көлеміне  1500 қазақтың ақбасты, 60 әуликөл, 250 қара ала асыл тұқымды малдар әкелініп өсірілді. «Лариса» (Федун Л.Ю.) «Лана» (Әділев Т.Е) шаруа қожалықтары 2008 жылдың 18 –ші желтоқсанында асыл тұқымды мал шаруашылығының мәртебесін алды.          
«Айгерім», «Дружба» шаруа қожалықтарының базасында  тұқым шаруашылықтары құрылып, ауыл шарушылығы сортталған, сұрыпталған тұқыммен қамтамасыз етуде.
Осы округте «Интеграл» шаруа қожалығының базасында шаруа қожалықтарының және жеке адамдардың сұраныстарын ескере отырып, машинно-техникалық стансасы жұмыс істеуде, үстеміздегі жылы ауыл тұрғындарына 15,0 млн. теңге көлемінде қызмет көрсетілді.

Шағын бизнес
Салық комитетінің мәліметтері бойынша ауданда 1059 шағын бизнес субъектілері тіркелген, осы саламен айналысатын халықтар саны 1861 адамды құрап, 25 адамға өсті.
Кәсіпкерлік қызметінен жергілікті бюджет кірісі өсіп, 55,8 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,4 пайызға жоғары.
Бүгінгі таңда ауданда 131 дүкендер, 70 дүңгіршектер, 25 қоғамдық тамақтану нысандары, 35 тұрмыстық қызмет көрсету салалары жұмыс істейді.
Аудан аумағында 9 жанар май құю стансалары тіркеліп, 4-і жұмыс істеді, қалғандары өздерінің шаруашылықтарын жанар-жағар май материалдарымен қамтамассыз етеді,  Бесқарағай ауылында жанар май құю стансасының ашылуы күтілуде.

Әлеуметтік бағдарламалар бойынша
2008 жылдың  ішінде бюджеттен бөлінген қаражат 89,1 млн.теңгеге орындалып,  100,0 пайызды құрады.
Жұмысқа орналасуға 441 адам өтініш білдіріп, олардың барлығы жұмыссыз ретінде тіркелді.
Жұмыссыздарға тұрақты, маусымдық жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда көмек көрсету негізімен 2008 жылы 250 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды,  304 адамы жұмысқа орналасты, бұл жылдық
жоспардың орындалуынан – 121,6 пайызы. Жыл басынан бастап ақылы қоғамдық жұмыстарға 395 адам жіберілді, бұл жылдық жоспардың 158 пайыз.
Ағымды жылда жыл басынан 91 жұмыс орыны ашылып, жылдық жоспардың 130,0 пайызын құрады.
Жыл басынан оқуға 33 адам жіберіліп, оның 32-і оқуын аяқтады. Барлық мамандықтар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болуда.   
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін оларды кәсіптік оқытуда және мамандыққа қайта даярлауда көмектер көрсету арқылы «әлжуаз» топтағы жұмыссыздарға қолдау көрсетіліп тұрады. 

Білім беру жүйесі
Білім беру жүйесі бойынша 2008 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 602,2 млн.теңгені құрап, бюджеттің орындалуы 602,2 млн.теңгеге немесе 100,0 пайызға орындалды.
Мектептер білікті кадрлармен іріктелінген, олардың арасында өздерінің білімдерін кеңінен қолданып, еңбек етіп жүрген шеберлері де аз емес.
Беген ауылындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталуда.  
Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға жергілікті бюджеттен 38,2 млн.теңге бөлініп,  100 пайызға игерілді.
Оқулықтарды сатып алу мен жеткізуге 11,3 млн.теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.
«Мемлекеттік білім беру жүйесіне жаңа технологияны енгізу» бағдарламасын орындау мақсатында Большая-Владимировка және Борас мектеп-бақшасына интерактивтік тақталар сатып алынды.
Бөдене, Канонерка, Өндіріс орта мектептерінің физика кабинеттерін оқу- құралдарымен жабдықтауға республикалық бюджеттен 10,5 млн. теңге бөлініп, толық игерілді, Борас орта мектеп-бақшаның физика кабинетін сатып алуға жергілікті бюджеттен 3,3 млн. теңге бөлінді.
Мультимедиялық-лингафонды кабинеттерін сатып алуға республикалық бюджеттен Қоянбай орта мектебіне -  5,5 млн. теңге, Березовка орта мектебіне жергілікті бюджеттен – 5,7 млн. теңге бөлініп, ол қаражаттар толығымен игерілді.
Лесной ауылынан балаларды Семияр мектебіне жеткізу үшін Семияр орта мектебіне 25 орынды автобус сатып алынды, желтоқсан айында Глуховка орта мектебіне автобус сатып алу жоспарланып отыр.
Глуховка, Семеновка, Канонерка орта мектептерінің асханаларына оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге құрал-жабдықтар (тоңазытқыштар, электропештер) сатып алынды.
Баскөл, Долон, Қара-Мырза, Малая-Владимировка, Мостик орта мектептерін және Бұқабай бастауыш мектебінің ескірген қазандықтарын ауыстыру үшін 5,4 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлінді.
5 мектепке -2,9 млн. теңге соммада жаңа жиһаздар сатып алынды.

Денсаулық сақтау
Ауданымызда барлығы 51 ауруханалық төсектік аурухана  бар. Ауруханалық төсектермен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға – 30,1; дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға – 14,8; орта медициналық жұмысшылар – 46,6 құрайды.
2008 жылы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылыстық-жөндеу жұмыстары 18,0 млн. теңге сомада жүргізілді, дәрі-дәрмектерге - 11,4 млн. теңге бөлінді, 2009 жылғы 1–ші қаңтарға игеру – 100,0 пайызды,   тамақтандыруға 5,2 млн.теңге бөлініп, игеру- 100,0 пайызды құрады.
Ауданымызда орталық аурухананың құрылысы аяқталуда, оған республикалық бюджеттен  488,0 млн.теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Құрал-жабдықтарға қосымша 136,0 млн.теңге бөлініп, ақша қаражаттары игерілді.

Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік саласында
Бюджеттің шығыс бөлігі 46,3 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 млн.теңгеге немесе 41,5 пайызға жоғары. 12 ай ішінде бюджеттің орындалуы 45,4 млн.теңгені немесе 97,9 пайызды құрады. Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Ауданда барлығы 14 діни бірлестіктер, оның ішінде 11 мұсылмандық мешіттер, 2 православие шіркеуі, 1 інжілдік христиан баптистер ұйымы жұмыс істейді.
Ұлттық-мәдениет орталықтары, ардагерлер кеңесі, әйелдер және ақсақалдар алқасы тұрақтылықты сақтауда үлкен үлестерін қосуда.
Ауданда халықтарды эстетикалық және патриоттыққа тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда қазіргі уақытта аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 15 ауылдық  филиалдар жұмыс істейді. Ағымдағы жылы Канонерка ауылындағы Мәдениет үйі сатып алынды, 2009 жылы Ново-Николаевка, Канонерка ауылдарындағы Мәдениет үйлеріне жөндеу жүргізу жоспарлануда.                                                                                                                                                  
Жалпы кітаптар қоры - 398500 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі-128250 дана, ол 2007 жылмен салыстырғанда 10129 данаға артты.
Көрнекі және визалдық ақпараттарға үлкен назар аударылады. Президент Жолдауы бойынша билбортарды әзірлеуге және орналастыруға 756 мың теңге жұмсалды.

Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация салсында
Ауданымызда бюджеттік қаражаттар тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жүзеге асыру үшін, 2008 жылы аудандық бюджеттен бір пәтерлі екі тұрғын үй салуға 12,6 млн.теңге бөлінде,  олардың тапсырылуы 2008 жылдың 30 желтоқсанында өткізілді.
Ауданның ұзындығы 418 шақырым болатын автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге, оларды ұстауға 63,4 млн. теңге бөлініп, оның игерілуі 63,3 млн.теңгені немесе 12 айға жоспарланған көлемінен 99,9 пайызды құрады.
Ауданда  «Ауыз су» бағдарламасы  жүзеге асырылуда. 2008 жылы осы бағытқа 42,4 млн.теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен қолдау көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық жабдықтау ұлғайды, орман күзетінің штаты қалпына келтірілді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу мақсатында қосымша ұзақ мерзімді шаралар қабылдауда.
Күнделікті бақылауда құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздік мәселесі алынған. Жыл басында құқық қорғау органдарымен қылмыстар 89,1 пайызға ашылды. Ауданда жасөспірімдердің қылмыстары тұрақтандырылды.
Бұл ауданның құқық тәртібі органдарының, мұғалімдер ұжымдарының, ауылдық округтері әкімдерінің және ауылдардағы қоғамдардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінен.
Сондай-ақ, алдағы уақытта ауданда туризмді дамыту жоспарлануда, ауданда 2010 жылдан бастап «Шошкалы» көлінде емдеу – сауықтыру аймағын ұйымдастыру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 6 шағын бизнес субъектісі тіркелген, олар  туризімнің дамуына өз үлестерін қоспақ, сондай-ақ, олар жер теліміне құжаттарды ресімдеумен айналысуда.
Ауылдық округтері әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға арналған іс-әрекет жоспарлары құрылған, осы жоспарлар бекітіліп, жылдық қорытындылары бойынша олардың орындалуы қаралады.
Ауданның үш жылдық кезеңіне қолданыстағы және қаралып жатқан мемлекеттік бағдарламалар кесіндісінде басымдық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімі әзірленіп, бекітілді, оған 5,0 млрд. теңге қаражаттар қарастырылды.  
2009 жылы жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен Глуховка орта мектебінің қазандығын қайта жаңарту, Семеновка және  Малая -Владимировка орта мектептерінің қазандықтарын қайта жаңартуға жобалау-сметалық құжаттама дайындау, аудандық орталықта орналасқан скверге құрлыстық-монтаждық жұмыстарды жүргізуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау, су тасқыны салдарынан болатын 118 шақырымдағы «Семей-Долон-Бесқарағай-Сосновка-Қоянбай» автомобиль жолдарындағы 2,0 х 2,0 метрлі саңылаудың су өткізетін құбырларына келтірілетін зардаптарды жою және республикалық бюджет есебінен Семияр орта мектебінің құрылысын салу жоспарлануда.
2010-2011 жылдары:
- 2010-2011 жылдары Бесқарағай ауылында Бесқарағай мектеп алдындағы интернат құрылысы;
- 2011 жылы Баскөл ауылында мини-орталықпен Баскөл мектебінің құрылысы;
- 2010 жылы  Глуховка және Сосновка орта мектептерінің бала-бақша топтарының мектеп алаңдарын  қайта жаңарту;
- 2011 жылы Малая-Владимировка және Семеновка орта мектептерінің бала-бақша топтарының мектеп алаңдарын қайта жаңарту;
- 2010-2011 жылдары «Семей-Долон» жер телімі мен Семей-Долон-Бесқарағай-Коянбай автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;
- 2010-2011 жылдары «Семей-Сосновка» жер телімі мен Семей-Долон-Бесқарағай-Коянбай автомобиль жолдарын күрделі жөндеу;
- 2009 жылдан бастап Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылында ауылдық клубтың құрылысы;
- 2010-2011 жылдары бір пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы;
-2011 жылы Семеновка ауылындағы, Семеновка орман шаруашылығындағы су құбырларының құрылысы;
-2011жылы Сосновка және Ново-Николаевка ауылдарындағы су құбырларының құрылысы;
-2009-2010 жылдары Бесқарағай және Беген ауылдарындағы су құбырларын қайта жаңарту.  
Семияр ауылдық округі бойынша 2000 гектар суармалы жерлерді игеру жоспарлануда.
Атқарушы органдардың ауданның экономикасына әсер ететін дағдарыстарды төмендету үшін, ауданның әлеуметтік бағдарламаларының қысқартылуын болдырмау үшін барлық шараларды қолданып, аудан экономикасының дамуын және нығайтуына үлес қосуға шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет