Цифрлық білім беру ресурстары (цбр)



бет1/2
Дата16.05.2023
өлшемі29.83 Kb.
#473736
түріСабақ
  1   2
Цифрлы білім беру ресурстары (цбр)


7: Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану.

  1. Цифрлық ресурс. Цифрлық ресурс түрлері.

  2. Мультимедиялық қосымшаларды әзірлеу құрал -саймандары.

  3. WORDWALL сабақ дайындау



Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – электрондық оқыту жүйесінің негізгі бір құрамды бөлігі. Олар – оқу үдерісін ұйымдастыруға қажетті сандық формада көрсетілген фотосуреттер, көркем үзінділер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуальды нақтылық пен интерактивті модельдеудің объектілері, картографиялық материалдар, дыбыс жазбалары, таңбалық объектілер мен іскерлік графика, мәтіндік құжаттар мен басқа да оқу матриалдары.
Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері:
Біріншіден. ЦБР-ды пайдаланудың ең танымал түрі, ол – электрондық құралды жаңа материалды
түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер,
дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс.
Екіншіден. оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған ЦБР-дағы үлкен мүмкіндіктерді
пайдалану әдісін атауға болады. Мұндай әрекет үй тапсырмасын, сынақ және т.б. даярлауда орындалуы
мүмкін. АКПО құрамына кіретін ЦБР материалдарына жобалау қызметінде де сұраныс бар. Бұл жағдайда оқу
комплексінің барлық материалдары: анимация, бейне, дыбыстық сүйемелдеу, интерактивті компоненттер,
суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және қарапайым мәтіндер де пайдалы болуы мүмкін.
Үшіншіден. ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастыруға қолдану
әдісін атауға болады. Мұндағы бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі жайлы.
Төртіншіден. мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша
топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл сақталған ресурстардың қорын жасап, оларды бір жүйеге
келтіріп, оқушыға да, мұғалімге де тақырып бойынша қажетті ресурсты жылдам іздестіруге көмектеседі.
Сөйтіп, білім беру мекемесінде қарастырылатын проблема бойынша сақтаулы тұрған ЦБР, қағазда
тасымалданатын ресурстар және Internet желісіндегі сайттарға сілтемелер жайлы берілгендер банкі де
құрылуы мүмкін.
Бесіншіден. ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде және көптеген курстарда
қарастырылатын әртүрлі топтық іс-әрекеттерде қолдану әдісін атауға болады. Бұл жерде, негізінен,
лабораториялық жұмысты жүргізудің имитаторы болып табылатын интерактивті ЦБР жайлы сөз болады.
Алтыншыдан. жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті
ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады. Бұл жағдайда объектінің, құбылыстың
немесе үдерістің нақты жағдайға максимальды жақын моделі құрылып, оның жүрісі параметрлерді
өзгерте отырып жан-жақты зерттеледі.
Жетіншіден. оқушыларға мұғалімнің қатысуынсыз өздеріне ығайлы уақытта, өз темпінде теориялық
материалдармен танысуға, лабораториялық жұмыстар мен тестік тапсырмаларды орындауға мүмкіндік
беретін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру әдісін айтуға болады. Бұл әдіс уақытша жұмысқа жарамсыз
оқушылар үшін, үйде оқитын немесе жолсапарда жүрген балаларға өте тиімді.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе
отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті ағылшын тілінен аударғанда inter – аралық, action – әрекет.
1.Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;
2.Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
3.Өздерін – өздеріне бағалату;
4.Іс – әрекет барысында білім алу;
37. Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлік білім беру ресурстарын дайындау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет