Циклограмма



бет12/26
Дата21.06.2023
өлшемі96.29 Kb.
#475281
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
2 жас маусым

Еңбекке баулу:
Алаңды жинау.
Мақсаты: Сыпырғыштарды дұрыс пайдалануға баулу.
Қимылды ойын: «Ұшақтар»
Мақсаты:
Жол жүру ережелерін сақтауға үйрету;
Жүк көліктері туралы білімдерін бекіту;
Қажетті материалдар: қалақшалар, шелек, сыпырғыштар.

Жолдың жолаушылар жүретін бөлігін бақылау.
Мақсаты:
Балаларды жолдың жолаушылар жүретін бөлігімен таныстыру;
Жол жүру ережесі туралы естерінде сақтау;
Бақылау барысы:
Жолдың жолаушылар жүретін бөлігіне өту және жүріп жатқан көліктерді қарау. Балаларға балабақшаның жол бойында орналасқанын айтып, түсіндіру. Балабақшадан шыққанда өте абай болу керектігін түсіндіру.
Еңбекке баулу:
Құрғақ жапырақтарды бір жерге жинау.
Мақсаты:
Балаларды тырмамен дұрыс жұмыс істеуге үйрету;
Шелектерді белгілі мөлшерге дейін толтыруға үйрету;
Қимылды ойын: «Торғайлар мен автомобильдер»
Мақсаты:
Жол ережелері туралы білімдерін бекіту;
Жолда жүру тәртібін есте сақтауға баулу;
Қажетті материалдар: рөлдер, қалақша, шелек, машиналар.



Аула сыпырушының жұмысын бақылау
Мақсаты:
Аула сыпырушының көктем кезіндегі еңбегі, оның жұмысы туралы балалардың түсінігін толықтыру.
Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Бақылау барысы:
Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа әңгімелесу.
Көркем сөз
Жақсы бала еңбекшіл, 
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады. 
 Еңбекшіл осындай
 Болайықшы, досым-ай.
Еңбекке баулу:
Аула сыпырушыға балабақшаның ауласын сыпыруға көмектесу.
Мақсаты:
-ересек адамдарға қолдан келгенше көмек беруге деген балалардың ынтасын қолдау;
-еңбекке баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет