Циклограмма



бет6/26
Дата21.06.2023
өлшемі96.29 Kb.
#475281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
2 жас маусым

Еңбеке баулу:
Гүл егетін алаңда жұмыс (тазалау, қопсыту)
Мақсаты: Бірлесе жұмыс істей білу іскерліктерін тиянақтау, гүлдердің өсуі туралы білімдерін қалыптастыру.
Қимылды ойын: «Қай топ тез жиналады?»
Мақсаты:

-Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
-Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақшалар мен шелек.



Жәндіктерді бақылау
Мақсаты:
-«Жәндіктер» сөзінің мағынасы туралы түсініктерін тиянақтау.
-Оларды тіршілік ету ерекшеліктеріне қарай салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады. Бұл не? (Шыбын)
Тор тоқуға шебер – ақ
Бірақ киім тікпейді
Өнері де өнер – ақ
Бірақ ісі бітпейді (Өрмекші)
Құжынаған жұмыскер
Бірлескенде тым іскер (Құмырсқа)
Тәрбиеші сұрақтары:
- Жұмбақ жауаптарының шешуінде айтылғандарды бір сөзбен нелер деп атаймыз? (жәндіктер)
- Тағы қандай жәндіктерді білесіңдер? (көбелек, құрт, т. б)
- Қандай жәндік гүлдерді тозаңдандырады? (аралар)
- Жәндіктер қайда тіршілік етеді? (бақтарда, ағаштарда, су тоғандарында)
- Масалар неге зиянды жәндік деп атайды? (олар әртүрлі ауруларды тасиды)
Еңбекке баулу:
Алаңды қоқыстардан тазалау.
Қимылды ойын: «Аюлар мен аралар»
Мақсаты:
Жүру және жүгіру барысында бір – біріне соқтығыспай еркін жүруге үйрету;
Тәрбиеші тапсырмасын бұлжытпай орындауға үйрету;
Қажетті материалдар: ұсақ ойыншықтар, қалақша, сыпырғыш.

Көлікті бақылау
Мақсаты:
-Сырт бейнесіне қарап көліктерді ажырата алуға үйрету.
Көшелерде жүріп жатқан көліктері бақылау. Көлік жүргізетін адамды жүргізуші деп ал қалғандарын жолаушылар деп айтатынын түсіндіру. Жол жүру уақытында жүргізушімен сөйлесуге, алаңдатуға болмайтынын айту. Егер осы ережелер сақталмаса жол апаты болуы әбден мүмкін екенін түсіндіру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет