Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!»



бет1/18
Дата25.01.2024
өлшемі57.64 Kb.
#489839
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тәрбие сағаты. Тақырыбы «Табиғатты аялайық!»


Тақырыбы: «Табиғатты аялайық!» 
Мақсаты: 
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша дайындалған видео фильм
1.Ұйымдастырукезеңі:

Мұғалім өлең оқу: (музыка әуені жүріп тұрады)


Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!


Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне сол анам еді мені тапқан.


Ойласаң табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,
Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі .


Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін.
Екеуіңнің араңдағы байланыс,
Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.

2. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау; 


Мақсатымыз: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің өткізетін «Табиғатты аялайық» атты іс-шарамызға қош келіпсіздер. Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет