Cisco Packet Tracer Cisco Systems фирмасымен шығарылатын, Cisco құрылғылары арқылы құрылған желілерді жобалау үшін арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру



Дата04.10.2023
өлшемі449.16 Kb.
#479690
СӨЖ 1


Cisco Packet Tracer – Cisco Systems фирмасымен шығарылатын, Cisco құрылғылары арқылы құрылған желілерді жобалау үшін арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру. Оның көмегімен желінің жұмыс жасауға қабілетті модельдерін жасауға, Cisco операциондық жүйелерімен жұмыс жасап үйренуге, маршрутизаторлар мен коммутаторларды орнатуға, бірнеше тұтынушыларды өзара әрекеттестіруге (бұлтша арқылы) болады. Жалпы алғанда, желінің тіпті өте күрделі үлгілерін жасауға мүмкіндік береді. Өзіне Cisco 1800, 2600, 2800 маршрутизаторлар және 2950, 2960, 3650 коммутаторлар сериясын, DHCP, HTTP, TFTP, FTP серверлерін, жұмыс станцияларын, компьютерлер мен маршрутизаторларға алуан түрлі модульдерін, Wi-Fi құрығыларын, әртүрлі кабельдерін кіргізеді. Cisco Packet Tracer студенттерге желі тәртібімен тәжірибе жасауға және өздерінің «егер, осылай болса» деген сұрақтарына жауап іздеп, табуға мүмкіндік беретін желіні модельдеудің қуатты бағдарламасы болып табылады. Packet Tracer тек қана оқытуда ғана емес, сонымен қатар компьютерлік желінің қарапайым моделдеуі үшін зерттеуде де қолданылатын Cisco маршрутизатордың симуляторы болып табылады. Құрал Cisco Желілік академиясына қатысқан немесе сонда жұмыс істейтін оқытушылар, студенттер және түлектер үшін тегін таратуға берілген. Студенттер өзі немесе басқа студенттермен бірігіп, виртуалды құрылғыны және модельденетін қосылысты қолдану арқылы желі құра, орната және оның ақаулығын жоя алады. Packet Tracer желі және хаттамалар қағидаларын оқыту үшін тиімді, интерактивті ортаны ұсынады. Ең бастысы, Packet Tracer студенттер мен оқытушыларға тәжірибелер, барлау және желі және технология ережелерін түсіндіру үшін өзінің виртуалды «әлем желісін» жасауға көмектеседі. Бұл БҚ сонымен қатар CCNA курсының зертханалық жұмыстарды орындау үшін де жобаланған. Топологияның практикалық тапсырмаларын орындауға қажетті құрылғыларда бірнеше минутта жинауға болады, сондықтан зертханалық жұмысты орындауды бірден бастауға болады. Cisco Packet Tracer кешенді жобаларды құру үшін жеткілікті кең мүмкіндіктері бар өте ыңғайлы құрал болып табылады. Ресми спецификациясына сәйкес берілген бағдарламалық қамтамасыздандырудың CCNA, CCNA Security, CCNP емтихандарын табысты тапсыруға қажетті машықтану іскерлігін алуға қажетті функциялары бар. Cisco Packet Tracer-де мына іс-әрекеттерді жасауға болады: − маршрутизаторлар, коммутаторлар, қатынас нүктелері және т.б. құрылғыларды қолдану арқылы локальді желіні виртуалды құру; − Cisco желілік құрылғысының әр түрлі орнатулардың кең таңдауы; − пәрмендік жолды және т.б. виртуалды бейнелеу. 39 Техникалық сипаттамаларына қарап, бұл бағдарламалық қамтамасыздандыру компьютерге қойылатын талаптары жоғары емес екендігін байқауға болады. Бұл Cisco Packer Tracer-ді CCNA [7] курсының практикалық дағдыларын өңдеу үшін кез келген заманауи компьютерлеерде де қолдануға болады. Cisco Packet Tracer-дің техникалық сипаттамаларына сәйкес бағдарлама мүмкіндіктері және хаттамаларды үйлестіруі: − FTP , SMTP, POP3, HTTP, TFTP, Telnet, SSH, DNS, DHCP, NTP, SNMP, AAA, ISR VOIP, SCCP, ISR сұраныстары мен орнату пәрмендерінің үйлесімі, сұраныстың жылдам менеджері;

Желінің физикалық топологиясы

– Noktec2 компьютерінің орнатулары

Noktec1 компьютерінің орнатулары

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет