Cтенокардия


/ ФК — науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады



бет3/6
Дата30.01.2022
өлшемі1.18 Mb.
#454945
1   2   3   4   5   6
Cтенокардия

/ ФК — науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады.

  • / ФК — науқастар үйреншікті физикалық күштемені жақсы көтереді. Ұстамалар үйреншіктіден артық күш салынғанда пайда болады.
  • // ФК — үйреншікті дене белсенділігі сәл шектеледі. Тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде және баспалдақпен 1 қабаттан артық көтерілгенде ұстама пайда болады.
  • /// ФК — үйреншікті дене белсенділігі едәуір шектеледі Орташа жылдамдықта тегіс жермен 100-500 метр жаяу жүргенде баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде ұстама болады.
  • IV ФК — науқастың физикалық белсенділігі күрт шектелген. Үй тұрмысының жеңіл қызметінде немесе орташа жылдамдықта тегіс жермен жаяу жүргенде 100 метрге жетпей ұстамалар болып тұрады. Сонымен қатар күніне бірнеше рет тыныш күйдегі стенокардияның ұстамалары болуы мүмкін.

Спонтанды вазоспастикалық стенокардия. (Принцметалл стенокардиясы).

Ұстамалар дене қызметінен тыс, өзінен өзі кенет, көбінесе түнде пайда болады. Себебі ірі субэпикардиальды артериялардың толық окклюзиясы не күшті спазмы. Спазм эндотелиннің артық бөлінуіне байланысты, көбіне тамырдың атеросклероздық табақшасы орналасқан жері қатты түйіледі. Рі ошақтық ишемия трансмуральдық инфарктқа әкелуі мүмкін.

Тұрақсыз (стабильді емес ) стенокардия.

ЖИА барысының ауырлауын және миокард инфаркты дамуы қаупін тудырады. ЖИА дестабилизациясы атеросклероз табақшасының ұлғаюынан немесе оның арасына қан құйылудан, тромбоздан болады. Ол инфаркт алды жағдай деп те атаса болады. Коронарлық артерияларының атеросклерозының жарылған жерінде тромбтың пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет