Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008



бет30/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

1.7.7 Орман және су ағыны. Орман су ағынына елеулi әсерiн тигiзедi, сол арқылы оның уақыт бойынша бiршама қалыпты бөлiнуiне мүмкiндiк жасайды.
Орман аймағындағы бiршама тегiс құмды және құмайт топырақты учаскелерде жер үстi су ағыны ормансыз кеңiстiктерден 2-4 есе, ал орманды дала және далалы жерлерде 6-10 есе аз болады.
Жердiң көлбеулiгi өскен сайын, жер үстi су ағындарын топырақтың iшкi бөліміне ауыстыруда орманның рөлi арта түседi. Орман өскен алқапта жер үстi ағынының азаюы байқалады.
Нөсер жауын кезiнде ағаш пен бұта өсiмдiктерi жоқ тауларда жер үстi су ағыны тасқынға айналады.
Ормансыз немесе аз орманды аудандарда жер үстi ағынын тоқтатуды және реттеуді, топырақты шаюды, жердi жырып кетудi болдырмау және оның ылғалдылығын арттыру мақсатында су реттегiш жыралар маңындағы орман алқаптары өсiрiледi.
Өзен және су қоймалары маңындағы қорғаныш алқа ағаштары жағалауларды бекiтедi, қайырлану мен булану деңгейiн азайтады, өзен аңғарындағы жерлердi жырып кетуден, құм және лай басудан қорғайды және жер үстi ағынын реттейдi.
1.7.8 Орман және жер асты суы деңгейi. Орман жауын-шашынның топыраққа сiңiуiне қолайлы жағдайлар жасайды. Өзен айырықтарында және кедiр-бұдырлы жерлерде ол жер асты суларын жинайды, ал жер асты суы саяз жатқан кезiнде олардың деңгейiн төмендетуi мүмкiн.
Орманның жер асты суы деңгейiне әсерi, сондай-ақ, орман өсiмдiк аймағына, жыл маусымына, сүрекдiңдер пішініне, жасына, өнiмдiлiгiне және басқа себептерге байланысты болады. Бұл себептердiң әр түрлi үйлесуiне қарай жер асты суына орманның әсерi де әрқилы көрiнiс табуы мүмкiн.
Жауын-шашынның көп түсуi және оның аз булануы ормансыз алқапта жер асты суы деңгейiнiң көтерiлуiне, ал аз жауын-шашын болғанда және көп булану кезiнде, оның төмендеуiне әкелiп соғады.
Сұрақтар
1. Өсімдік тіршілігіндегі ылғалдың маңызы неде?
2. Ағаш түрлерінің ылғалды талап етуі мен ылғалдың қажеттiлігі туралы түсінікке анықтама беріңіз.
3. Қылқан немесе жалпақ жапырақты, таза немесе аралас, балауса немесе пісіп жетілген, қалың өскен немесе сирек ормандардың қайсысы қар салмағынан көп зақымдалады?
4. Орман тіршілігінде қатты жауын-шашын (қар, бұршақ ) әсерлері қандай?
5. Жауын-шашын мөлшеріне орманның әсері қандай?
6. Орманда топырақтың беткі қабатынан желегінің ұшына дейін ауа ылғалдылығы қалай өзгереді?
7. а) жердің беткі және топырақтың ішкі ағынына; б) ылғалдың физикалық және физиологиялық булануына; в) топырақтың ылғалдылығы мен жер асты суы деңгейіне орманның әсері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет