Д. Н. СӘрсекова, Е. М. ҚАспақбаев орманшылық Алматы, 2008


Топырақтың азотпен қанығу көздерi



бет36/86
Дата09.11.2022
өлшемі1.52 Mb.
#464359
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Д. Н. С рсекова, Е. М. Аспа баев орманшылы Алматы, 2008

Топырақтың азотпен қанығу көздерi. Орман топырағын азотпен байытудың негiзгi көздерi ─ органикалық заттардың бүлiнуi (жылына 20-30 кг/га), жауын-шашынның түсуi (жылына 5 кг/га-ға дейiн), атмосфера азотын микроорганизмдердiң сiңiруi (өсiмдiк салмағының 2-3 пайызы), түйнектердiң шiруi (жылына 7-10 кг/га) болып саналады.
Азот органикалық заттардан жарықтың және аллюминий, кремний, мырыш және т.б. тотықтары катализаторлары әсерiнен бөлiнедi.
Ағаш түрлерінің азот пен күл заттарын қажет етуi және талап етушiлiгi. Г.Ф.Морозов ағаш түрлерінің қоректiк элементтерді қажет етуі және талап етушiлiгi деген ұғымдарды бөлiп қарауды ұсынды.
Өсiмдiктердiң азотқа және қоректік күл заттарына қажеттiлiгi – бұл орманның қалыпты тiршiлiк қызметi үшiн керек азот пен күл элементтерiнiң мөлшерi болып табылады.
Талап етушiлiк ─ бұл өсiмдiктердiң топырақтың белгiлi бір құнарлылығын немесе одан қажетті қоректік заттар мөлшерiн алу қабiлетi. Осыған байланысты Г.Ф.Морозов олардың шкаласын жасап ұсынды.
Қажеттiлiк шкаласы: ақ қараған, дала шегiршiнi, шаған, шамшат, емен, қара қандыағаш, шырша, қайың, балқарағай, кәдiмгi қарағай.
Талап етушiлiк шкаласы: дала шегiршiнi, шаған, үйеңкi, шамшат, емен, қара қандыағаш, жөке, көктерек, балқарағай, қайың, ақ қараған, кәдiмгi қарағай.
1.9.4 Орманның топыраққа әсерi. Орманның топыраққа әсерi негiзiнен орман қордасы арқылы көрiнiс табады, олар жапырақ, қылқан, бүршiк, тұқым, бұтақ, қабық қалдықтарынан, қурай бастаған тiрi жер жамылғысын құраған бөлiктерден құралып отырады. Топырақ қордасы өз тарапынан топырақтың су және жылу режиміне әсер етедi.
Орман қордасының немесе қара шiрiгiнiң негiзгi үш түрiн ажыратады:
1) мулль – жалпақ жапырақты ағаш пен бұта қалдықтарының тез шiритiн жұмсақ, борпылдақ қордасы. Азот және күл тәрiздi заттарға бай.
2) модер – қалыңдығы 3-5 см қарашiрiктiң аралық түрi. Жалпақ жапырақты ағаштар немесе аралас қылқанды-жапырақты сүрекдiңдер астында пайда болады. Түрлi дәрежеде шiрiген үш қабаттан тұрады. Реакциясы әлсіз қышқылды, сүрекдiң мен топырақ арасындағы зат алмасу баяу жүредi.
3) мор – қатқыл қорда. Ол негiзiнен қылқан жапырақты алқа ағаштарда оттегi жетіспеушілігінен пайда болады, баяу шiритiн үш қабаттан тұрады.
Әлсіз қышқылды қарашiрiнді құрайтын ағаш түрлері топырақты жақсартатындар (шаған, үйеңкi, қандыағаш, қайың, майқарағай), ал күштi қышқылды, қатқыл қарашiрiнді беретiн ағаш түрлері (майқарағай, шырша, қарағай) топырақты нашарлататындар деп аталады.
Ағаш түрлерін осылай бөлу тым шартты, себебi олардың топыраққа әсерi, негізінен топырақтың өзiне, климатқа және ағаш түрлерінің араласуына байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет