ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ №1
Тақырыбы: «Психологиялық-педагогикалық зерттеудің теориялық негіздері. Психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық ғылыми білімнің формалары ретінде»
Дайындаған: Темирбаева Алия
Алматы 2022 жыл
Психодиагностикада басқада ғылымдар сияқты өз пәні, әдіс-тәсілдері және негізгі түсініктері анық болуы тиіс. Психодиагностика әдістері көмегімен зерттеу проблемасы ғана емес, одан да негізгі және күрделі проблема, ол тұлғаның психикалық құбылыстарының өзара байланысын, даму заңдылықтарын қарастырады.
Қазіргі заманғы психологиялық - педагогикалық зерттеулердің теориялық мәселелері олардың негізгі заңдылықтарымен тұжырымдамаларын, ұстанымдарын негізге алады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің бағыттары: психодиагностика, психопрофилактика, психокоррекция, психотерапия, психологиялық кеңес беру.
Психодиагностика - тұлғаның психологиялық даралық ерекшеліктерін зерттеп, бағалау барысындағы теориялар мен принциптерін қарастыратын психология ғылымының бір тармағы және психологиялық қызметтің негізгі бағыттарының бірі.
Психодиагностика – тұлғаның жеке басына тән ерекшеліктерді танып білудегі әдіс-тәсілдер мен әдістемелерді қолданудағы практикалық психологияның негізгі формасы.
Психодиагностикалық жалпы психологиялық зерттеулер мен практика арасындағы теориялық негізі психологиялық ғылымының сәйкес салаларына сүйенеді, жалпы және дифференциялды, жас ерекшелік, медициналық психология және т.б. Жеке психологиялық ерекшеліктер зерттеудің нақты тәсілдері және алынған нәтижелерді таңдау және өңдеу тәсілдері психодиагностикалық әдістемелік құралдарына жатады. Сонымен қатар, психодиагностика саласында теориялық және әдістемелік жұмыс бағыты психологиялық практика сұранысына қарай анықталады, осы сұраныстарға орай тәжірибелік психологиялық сфераларына қатысты құралдардың спецификалық кешені жасалды .
Психодиагностиканың көмегімен алынған нәтижелер белгілері салыстырылады. Соған байланысты диагноздың екі типі туралы айтуға болады.
- Біріншіден, қандай да болсын белгінің бар, не жоқтығы негізінде диагноз қойылады. Бұл жағдайда диагностика арқылы сыналушы психологиясының индивидуалды ерекшеліктері туралы мәліметтері қалыпты жағдаймен (дамудың ауытқуышылығын анықтауда) немесе белгіленген критерий мен салыстырылады.
- Екіншіден, қандай да болмасын сапалардың көрінуіне байланысты сыналушы және сыналушылар тобының орнын анықтауға мүмкіндік беретін диагноз. Ол үшін диагностикада алынған мәліметтерді, яғни ішкі зерттеу таңдаулары, белгілі бір көрсеткіштің сыналуышының деңгейіне қарай реттеу, белгілі бір критерий негізінде даму ерекшеліктерінің жоғары, орта және төмен көрсеткіштерін салыстыру жолымен енгізу (мысалы, психологиялық норма бойынша). Психодиагностикалық әдістер сыналушының диагнозын айқындауға (қасиетті мәліметтерді жинақтауда) барынша тез және сенімділікпен тағайындалған. Соңғы жылдарда біздің елімізде психодиагностика мәселелеріне деген қызығушылықтың артуы психологиялық қызметтің дамуымен және жаңа мамандық – практикалық психологтың пайда болуымен байланысты. Психодиагностикалық жұмысты қолданатын практикалық салаларды топтастырсақ:
1. психодиагностика оқу және тәрбие процестерін оптимизациялау мақсатында қарқынды қолданылады. Оның көмегімен оқу-тәрбие мекемелері: балабақшадан, мектептен бастап, әртүрлі оқу-ағарту мекемелері алдында тұрған міндеттерді шешуге болады. Мысалы, баланың мектепке оқуға әзірлігін, үлгермеушілік пен жеке тұлғаның ауытқушылықтың басым себептерін анықтап оқытуды дифференциялау, кәсіби бағдар беру, дарынды балаларды анықтау, жеке тұлғалық қасиеттерді зерттеу және т.б.
2. диагностика арнайы кәсіби кеңес пунктерінде, жұмыспен қамту мекемелерінде, өндіріс орындарында және мамандандырылған оқу орындарында өткізілетін кәсіби таңдау, кәсіби оқу және бағдар бойынша мамандар қызметінің негізін құрайды.
3. психологиялық сынақтар нәтижесін клиникалық кеңес және психотерапевтік жұмыстарда қолданады. Бұл жағдайда психодиагностиканың міндеті кеңес алушының нақты проблемасының туындау себебін іздеу болып табылады (туыстарымен қатынастағы қиыншылықтар, қорқыныш, үрей және мазасыздану мен уайымдар т.б. ) және бұл мәселені шешуге себептер тәсілдер мен әдістерді таңдау .
З.И.Загвязинский қазіргі заманғы психологиялық - педагогикалық зерттеулердің теориялық негіздері және мәселелерін қарастыра отырып, былай тұжырымдайды:
1. Қоғам талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын үздіксіз жаңаруын әлеуметтік жетілдіру; жеке тұлғаны қазіргі қоғам өзгерістеріне бейімдеу, әзірлеу, жетілдіру; әр адамның дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай жасау;
2. Өмірдің заңдылықтарына тұлға қалыптастыруда тәрбие процестерінің тұтастығы; Бұл ортада отбасы мен қоршаған ортаның әсері күшті болғандықтан оның педагогикалық потенциалын анықтап оны қолдану қажеттілігі туындайды.
3. Білім беру кеңістігі мен білім беру жүйесінің тұтастығын қамтамасыз ететін білім мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны және әдістерінің бірлігі, сабақтастығы және перспективалығы.
4. Педагогикалық процестің барлық маңызды қырларының бейнесі, педагогикалық процестің ұйымдастыру жолдары; жеке тұлғалық немесе қоғамдық басқару және өзін-өзі басқару, орындаушылық және инициатившілдік, әрекет пен шығармашылық, нормативтілік пен еркіндік, тұрақтылық пен динамикалықты үйлестіру жолдары шараларды қолдану ;
5. Демократиялық қоғам және оның оқу - тәрбие жүйелерінің басты міндеттері әлеуметтену мен индивидуализациялау бірлігі; тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы мен оның әлеуметтік болмысын міндетті түрде еске алу; адамның мүмкіндіктерін жүзеге асыру, қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі, оны жүзеге асыру; автономдылығы, еркін даму құқығы білім беру мен тәрбиедегі жетістіктің негізі.
6. Жеке тұлғаның дамуы қоршаған ортамен өзара әрекетте жүзеге асады, сонымен бірге оқу мен тәрбие тәсілдері қоғамдық қалыптасқан әрекеттерді орындау мен оларды жаңғыртуға байланысты дамиды.
7. Жеке тұлғаның адамгершілік-эмоционалды дамуындағы қатынастардың рөлі. Басқа адамдарға, адамгершілік құндылықтарға, іс - әрекетке, қатынастардың жаңалығына, мазмұндылығына, эмоционалды әсерленуі;
8. Оқу – тәрбие құрылымдары қызметінің тұтастығы мен кешенділігі педагогикалық міндеттердің көп қырлылығымен, оқу мен тәрбие жеке тұлғаның ішкі сфераларының өзара байланысына және уақыттың шектеулігіне байланысты болады.
9. Педагогикалық процесті ұйымдастыру және оның мазмұнына оптимистік және шығармашылық тұрғыдан келу бірлігі.
Жоғарда келтірілген ережелердің негізінде зерттеудің әдіснамалық және теориялық мәселелері:
- теориялық негізін анықтауда және педагогикалық қызметтің басты проблемаларын шешуде, білім беру мекемесінің даму принциптері мен бағыттарын таңдауда философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық заңдылықтарын анықтау.
- нақты ғылымның психологиялық – педагогикалық зерттеу әдістері мен көзқарастарын іріктеу тәсілдері;
- педагогикалық – психологиялық жүйенің ерекшелігі: білім беру, тәрбиелеу, түзету, профилактика, емдеу – сауықтыру және т.б.;
- психологиялық – педагогикалық жүйелерді құру және олардың дамуын жобалауда әлемдік, аймақтық, жергілікті жердің қызығушылықтары мен жағдайларын салыстыру;
- педагогикалық процестегі шаралар мен үйлесімділікті меңгеру және оған қол жеткізудің практикалық тәсілдері;
-білім кеңістігіндегі әлеуметтену процестерінің өзара байланысы мен салыстырылуы;
- білім беру мекемелерінің ерекше типтерінде тәрбиеленушілердің жеке тұлғасының дамуы, тәрбие жұмысының жетістігі;
- педагогикалық жобалау технологиясы мен әдіснамасы (пән, білім мекемесі, қала, аудан, аймақ және т.б. педагогикалық жүйесі деңгейінде);
- барлық зерттеуді жүзеге асыруда педагогикалық, психологиялық әдіс-тәсілдер түрлері .
Бүгінгі таңда психодиогностикалық негізгі тәсілі психологиялық тестілеу болып табылады. Оның басқа диагностикалық ақпарат алуда қолданылатын әдістерімен салыстырғандағы артықшылығы психологиялық тесттерді жинақтау және қолдану ерекшелігінде сыналушы туралы (психологиялық мәліметтерді) индивидуалды ерекшеліктерді толық білуге болады .
Психодиагностикалық мақсаттар үшін субъект-объект қатынасы шеңберіндегі іс-әрекетті талдау зерттеуші феномендердің процессуальды-динамикалық аспектісінің маңыздылығын С.М.Жақыпов «Психодиагностиканың әдіснамалық және әдістемелік мәселелері» атты еңбегінде түсіндіре келіп, оларды үш деңгейге бөліп қарастырады.
Бірінші жалпы деңгейі - метадеңгейлік жүйе принциптерге сәйкес белгіленуі мүмкін. Мұнда бірлескен іс-әрекет мәселелерін өңдеу және жалпы теориялық-әдістемелік талаптар анықталатын жалпы философиялық және жалпы әдістемелік сипаттағы жұмыстарды жатқызуға болады.
Екінші деңгейі – макродеңгей, ол өзінің қатарына көбінесе әлеуметтік психология мен қолданбалы психология саласында қолданылатын жеке-теориялық және жалпы әдістемелік сипаттағы жұмыстарды қосады. Әлеуметтік психологтардың еңбектері бірлескен іс-әрекеттердің құрылымдық нақты механизміне эксперименттік және теориялық зерттеулердің негізгі талаптарын анықтады. Бұл талдаудың сипаты бірлескен іс-әрекеттің мақсат құру, яғни оның ұйымдастырушылық құрылымы жағынан қарастыру болып табылады.
Үшінші деңгейі – микродеңгей. Коммуникативті мақсаттағы әсер ету үрдісінің бірлескен іс-әрекет жағдайында пайда болатын алғашқы сәттері. Бұл тек бірлескен іс-әрекеттердегі мақсат құру мәселелерінің аспектілерінің бірі. Сол себепті бірлескен іс-әрекеттердегі мақсат құру микроталдауы аз зерттелген, сонымен қатар, оның диагностикалық дамуын жүргізуге мүмкіндік беретін бірлескен іс-әрекеттердегі мақсат құрудың мехинизмі жөніндегі нақты психологиялық болжамдар жасау қажет.
Мақсат құру түрлерінің жіктелуі психологиялық критерий негізінде бірлескен іс-әрекеттердің диагностикасы дамыту деңгейінің диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді. Іс-әрекет қатысушылары ретінде «мақсатты қалпына келтіру» (Тихомиров, 1984) үрдісі жүреді. Бұл өз ретінде индивидтің психологиялық сапасының диагностикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
А. Н. Леонтьевтің айтуы бойынша «ХХІ ғасыр –психология ғасыры».
А. Н. Леонтьев психология ғылымы туралы пікірін мынандай тезистер арқылы тұжырымдайды:
Бірінші тезис бойынша психология әлемінде болып жатқан құбылыстарды түсінген кезде ғана адам туралы ғылым бола алады.
Екінші тезис бойынша психологияның дамуы, жаңа психологиялық білімдердің туындауы болашақта жекелеген салалары бойынша емес, мәселелері бойынша зерттеледі. А. Н. Леонтьевтің болжамы бойынша, жалпы психология мен бала психологиясының, педагогикалық, әлеуметтік және тарихи психологиямен байланысты процестері жүреді.
Үшінші тезис бойынша А. Н. Леонтьев этика мен психологияны жақындастырады. Этика мен психология, аксиология мен психологияның байланысы туралы айтқанда, тұлғаның дамыту мәселесіне, тұлғаның дамуына себепкер білім беруге назар аударады.
А. Н. Леонтьевтің бесінші тезисі психология мектебіне байланысты.
А. Н. Леонтьевтің бес тезисі, А. Г. Асмолов пікірі бойынша, ХХІ ғасыр психологиясының бағдарламасы сияқты.
А. Г. Асмолов тағы бір мәселе – «классикалық емес психологияның өмірімен» байланысын қарастырады. Классикалық емес психология өмірдің құбылыс принципін өзінің соңғы зерттеу пункті, ал зерттеудің өзін құбылыстардың жобалануы ретінде қарастырады. Яғни кез келген зерттеу – ол құрастырушы эксперимент. Сонымен, классикалық емес психология мәдени генетикалық әдіснамаға сүйене отырып, психологияны қоғам тарихын жасаушы ғылым ретінде, қоғам эволюциясының факторы ретінде қарастырады. Яғни, психологияның әлеуметтік статусын өзгертуге 1928 жылы ойластырылған Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьевтің педагогикалық бағдарламалары оқу-білім сияқты әлеуметтік сфераның өзгеруіне, білім арқылы ойлаудың өзгеруіне алып келеді .
Практикалық классикалық емес психология өз мүмкіндіктерін әлеуметтік салада дәлелдеп, психологияның қоғамдық мәртебесінің өзгеруіне ықпал етуде.
Бұл эксперименттің ХХІ ғасырда психологияны қоғамның эволюциялық дамуының конструктивті факторы ретінде қарастыру деген тезис.
Бұл тезисті өмірде қолдану үшін мына мәселелер қойылады:
- білім беру саласының реформалануы;
- білім беруді социогенез механизмі ретінде қарастыру;
- білім беру жүйесінің реформалау стратегиясын, «білім, біліктілік, дағдыдан»-«дамушы білім беруге» көшу;
- Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьевтің ойларын практикалық психологияның әдіснамалық потенциалы ретінде қарау, психологиялық дағдарыстан шығу жағдайы;
- практикалық психологияның қоғамдық статусының өзгеруі әлеуметтік психологияға әсер етеді «Күрделі әлемдегі күрделі балалар» деп аталатын әлеуметтік - мәдени мемлекеттік бағдарламадан – практикалық психологияға және көп нұсқалы дамытушы мағыналы білім беруге өту барысында бағдармаламалар түрлері .туындады. «Шығармашылық - дарындылық», «Әлеуметтік -психологиялық қолдау», «Дамуында ауытқуы балаларды оқыту мен тәрбиелеу», «Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек қызметі» бағдарламалары.
Білім беру мен практикалық психология идеясының арасында мынадай құнды бағдарлар белгіленді. Олар міндетті түрде білім беру реформаларының стратегиясын құрайтын болады: таңдау диагностикасынан даму диагностикасына; білім мен дағды мөлшерін қабылдау бейімделу-пәндік моделінен – ересектер мен өз құрдастарының бірлескен іс-әрекетінен әлемді болжаудың тууына; ақпараттық-когнитивтік педагогикадан- мағыналы, құнды педагогикаға, «сұрақсыз-жауап» формуласы бойынша оқыту технологиясынан – баланың өмір міндеттеріне және таным мотивациясына; баланың «жаттап алған дәрменсіздігінен» - нақты міндеттерді қоюға және жағдайдан тыс белсенділікке өтуге; авторитарлы монолог сияқты сабақтан бірлескен іс-әрекет арқылы орындау сабағына өту; басқарушы әкімшілік бұйрық тілінен – келісімге келу және ұсыныс жасау тіліне; мектептік бағдарланудан балаға бағдарлануға өтуге; және пайдалылық мәдениетінен адамгершілік мәдениетіне өту.
Психологиялық ғылым жүйесіндегі осы өзгерістеріне қарай психологиялық қызметтің бағыттары: психодиагностика, психокоррекция, психотерапия, психопрофилактика, психологиялық кеңес беру саласында түрлі әдіс-тәсілдері дамып, күнделікті өмірде кеңінен қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |