Дайндаған: Сайымбаев Қуанышбек



Дата16.05.2023
өлшемі6.49 Mb.
#473731
Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


Қ.Жубанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Тақырып: Кіріспе. Микробиологияның қалыптасуы мен дамуы Қарастырылатын сұрақтар: Микробиология пәні, оның зерттеу әдістері. Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезеңдері. Микробиологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Дайндаған:Сайымбаев Қуанышбек
Тексерген:
Микробиология (грекше «микрос» - кішкене, «логос» - ғылым) — көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым
Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Ұсақ ағзаларды алғаш рет голландиялық Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-270 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, сонымен қолына ілінген заттардың (тоқтау су, теңіз суының тамшысы, бұрыштың тұнбасы және т.б.) барлығын қараған. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жібірген хатында баяндаған.
1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортада тіршілігін жалғастыратынан көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі – бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустардызерттейді.Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азықсүрлемдідаярлауда кеңінен қолданылады. Микроорганизмдерді барлық судан кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған.
Микробиология – микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері – ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдер әсерінен болады.
Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық.
    • Антибиотиктер мен витаминдер түзу
    • Сыра, шараптар, тағамдардың шіруі, бүлінуі, көгеруі
    • Шырынды азық – сүрлемді, этанол, глицерин, ацетон, органикалық қышқылдар дайындау
    • Топырақ құрамын жақсарту
    • Биологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету
    • Гүлденген жер беті эрозиясы шығындарын азайту
    • Нематодтарға қарсы жауыз
    • Қарашіріктің жетілуіне қатысу
    • Микробты антагонист болу

Өнеркәсіптегі маңызы
Микроорганизмдердің жалпы сипаттамасы.Биосферада тірі ағзалар өте көптеп орналасқан. Оның бірі макроәлемді, басқалары -микроәлемді құрайды. Макроәлемге жануарлар, құстар, өсімдіктер, жәндіктер мен басқа да көзге көрінетін организмдер жатады; микроәлемге өсімдік және жануар текті көзге көрінбейтін өте ұсақ тірі организмдер жатады; бұлар негізінен бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар мен вирустар. Жобамен алғанда биосферада бактериялардың саны 1030 -дейін жетеді, ал вирустар мен қарапайымдылардың санын тіпті есепке алу қиын.
Вирустар мен приондар облигатты (міндетгі түрде) жасушаішілік паразиттер болып табылады. Прокариоттар әдетге жасушадан тыс көбейеді, бірақта факультативті жасушаішілік паразиттер де бола алады; тек кейбір бактериялар (риккетсиялар, хламидиялар) облигатты жасушаішілік паразиттер болады. Эукароиоттардың құрылысы прокариоттарға қарағанда анағүрлым күрделі. Бүл туралы жасушаның генетикалык аппаратын құрайтын гендер санына, яғни геном көлемі бойынша дәлелденеді. Эукариотгардың гендік келемі прокариоггарға қарағанда он есе, жүз есе үлкен. Вирустардың геном көлемі – 10-100 гендерден түрса, бактериялар – 1000-5000 гендерден, қарапайымдылар 10000-нан астам гендерден түрады. Микроәлемнің кейбір өкілдерін өлшемі 0,01-0,4 мкм, немесе 10-400 нм (вирустар), 10 мкм-ге дейін және одан жоғары (бактериялар, саңырауқүлақтар, карапайымдылар).

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет