«Дананың сөзі ақылдың көзі» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау. Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»



Дата06.02.2024
өлшемі21.5 Kb.
#490947
8 ҚӘ 2БЖБ


«Дананың сөзі - ақылдың көзі» бөлімі бойынша №2 жиынтық бағалау.
Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп»,«Балаларыма өсиет»толғауы.
Оқу мақсаты:
8.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
8.2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;
8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
Бағалау критерийі Білім алушы
шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлтты қмүдде тұрғысынан ашады;
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Ақтамберді жыраудың бір толғауының 2 шумағын жатқа жазып, поэтикалық талдау жасап, автор стилін анықта.
2-тапсырма.
Ор қояндай жүгінтіп,
Аш күзендей бүгілтіп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мінер ме екеміз?!
Сол шұбарға мінген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып, 
Қоңыр салқын төске алып, 
Қол төңкерер ме екеміз?!
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екеміз?!– деген жолдардағы Ақтамберді жыраудың бейнесін талда.


3-тапсырма. «Балаларыма өсиет» толғауының идеясы,өсиеттің келешек ұрпақ үшін қандай маңызы бар екенін ұлттық мүдде тұрғысынан ашып, өз ойыңды 5-6 сөйлем көлемінде жеткіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;

1

Жатқа жазады;

1

Көркемдегіш құрал түрлерін анықтайды;

1

Ұйқас түрін ажыратады;

1

Кешенді талдау жасайды;

1

Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;



2

Берілген өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықтайды;

1

Автор бейнесін талдайды;

1

Өз пікірін жеткізеді;

1

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;

3

Толғаудың идеясы, өсиеттің келешек ұрпақ үшін қандай маңызы бар екенін анықтайды;

1

Ұлттық мүдде тұрғысынан ашады;

1

Өз ойын 5-6 сөйлем көлемінде жеткізеді;

1

Барлығы







10



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет