Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу ережесiн бекiту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі49.8 Kb.
#10666
Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрiнiң м.а. 2010 жылғы 21 сәуiрдегi N 01-01-07/66 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6245 болып енгiзiлдi


"Казахстанская правда" от 30 июля 2010 года № 198-199 (26259-26260); "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 31 шiлдедегi № 310-311 (26154); "Казахстанская правда" от 4 августа 2010 года № 202 (26263)


      «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Туризмдi, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаментi (Д.Ү. Қамзебаева) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Ә.Х. Пiрметов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрi Т.А. Ермегияевке жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң


      мiндетiн атқарушы                           Т. Ермегияев

Қазақстан Республикасының 


Туризм және спорт министрiнiң
мiндетiн атқарушының    
2010 жылғы 21 сәуiрдегi  
№ 01-01-07/66 бұйрығымен 
бекiтiлдi          

Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу
ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес әзiрлендi.


      2. Еңбекақысын есептеу үшiн қосымша ақылардың мынадай түрлерi белгiленген:
      1) жоғары сапалы оқу-жаттығу процесiн тiкелей қамтамасыз еткенi үшiн қосымша ақы;
      2) спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерiн дайындағаны үшiн қосымша ақы;
      3) кәсiби (педагогикалық) шеберлiгi үшiн қосымша ақы.
      3. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесiн тiкелей қамтамасыз еткенi үшiн және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерiн дайындағаны үшiн қосымша ақы ұйымның контингентiне алынған спортшылардың өнер көрсетуi қорытындысы бойынша жарыстар хаттамаларының негiзiнде жинақталады.
      Егер спортшы бiр жылдың iшiнде жарыстарда бiрнеше жоғары спорттық нәтижелер көрсетсе, қосымша ақы төлеу ең жоғары көрсеткiштiң бiреуi бойынша пайызбен есептелiп жүргiзiледi.
      4. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесiн тiкелей қамтамасыз еткенi үшiн және спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерiн дайындағаны үшiн қосымша ақы әрбiр қызметкердiң жүктеме көлемiне және тиiстi жылға арналған еңбекақы қорына қарай, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi бекiткен пайыз көрсеткiшiне сәйкес жыл қорытындысы бойынша белгiленедi.
      5. Кәсiби (педагогикалық) шеберлiгi үшiн қосымша ақыны:
      республикалық маңызы бар спорттық ұйымдардың басшыларына және орынбасарларына – дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган;
      мемлекеттiк жаттықтырушыларға, бас жаттықтырушыларға, аға жаттықтырушыларға және спорт түрлерi бойынша жаттықтырушыларға – ұйым басшысының бұйрығымен бекiтiледi.

2. Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесiн тiкелей қамтамасыз еткенi үшiн қосымша ақы төлеу

      6. Алынған нәтиженiң пайызға шаққандағы жалпы мөлшерiн жарыстардың ұсынылған хаттамаларының негiзiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi және спортшының көрсеткiшке қол жеткiзген күнiнен бастап дәл сондай жарыс өткiзгенге дейiнгi кезең iшiнде (1,2 немесе 4 жыл) қолданыста болады.


      7. Қосымша ақыны төлеу мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      басшыға – қосымша ақы сомасынан 100%-ға дейiн;
      басшының орынбасарына – қосымша ақы сомасынан 90%-ға дейiн;
      басшыға (бөлiмше, бөлiм басшысы, команда менеджерi, аға жаттықтырушы, аға әдiскер, әдiскер, нұсқаушы) – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейiн;
      психологқа, тәрбиешiге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейiн;
      хореографқа, аккомпаниаторға – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейiн;
      бухгалтерге – қосымша ақы сомасынан 80%-ға дейiн;
      дәрiгерге, медбикеге, массаж жасаушыға, лаборантқа, ғылыми қызметкерге – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейiн;
      спорт ғимаратының меңгерушiсiне – қосымша ақы сомасынан 70%-ға дейiн;
      зоотехникке, мал дәрiгерiне, лаборантқа, ат бағушыға, сайманшыға, атшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейiн;
      инженерге, операторға, техникке, механикке, мылтықшыға – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейiн;
      асхана меңгерушiсiне, аспазға, асхана жұмысшысына, диета бикешiне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейiн;
      спорт ғимараттарын сыпырушыға, спорттық команданы тасымалдаушы автобус, микроавтобус жүргiзушiсiне – қосымша ақы сомасынан 50%-ға дейiн.

3. Спорттық жарыстардың чемпиондарын және жүлдегерлерiн дайындағаны үшiн қосымша ақы төлеу

      8. Алынған нәтиженiң пайызға шаққандағы жалпы мөлшерi әрбiр жаттықтырушының жүктеме көлемiне және тиiстi жылға арналған еңбек ақы қорына қарай, жыл қорытындысы бойынша спорт ұйымының басшысының бұйрығымен бекiтiледi.


      Қосымша ақы белгiлi бiр спорт түрiнен бөлiмшеге алынған және спорттың басқа түрiнен қатысқан спортшы үшiн төленбейдi.
      9. Қосымша ақы балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнен және балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерiнен спорттық шеберлiгiн жоғарылату үшiн спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарға, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiне және республикалық спорт колледжiне берiлген спортшыларды даярлаған жаттықтырушыларға бiр күнтiзбелiк жыл бойында берiледi.
      10. Қосымша ақы жаттықтырушыларға балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнен және балалар мен жасөспiрiмдердiң мамандандырылған олимпиадалық резерв мектептерiнен берiлген спортшылар үшiн спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң және республикалық спорт колледжiнiң контингентiне алынған күннен бастап бiр жыл аяқталған соң жүргiзiледi.

4. Кәсiби (педагогикалық) шеберлiгi үшiн
қосымша ақы төлеу

      11. Қосымша ақыны төлеу мына мөлшерлерде жүргiзiледi:


      ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 115%-ға дейiн;
      жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 110%-ға дейiн;
      олимпиадалық даярлық орталығының басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 100%-ға дейiн;
      спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейiн;
      Республикалық спорт колледжiнiң басшысына және орынбасарына – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейiн
      олимпиадалық спорт түрлерiнен мемлекеттiк жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейiн;
      олимпиадалық емес спорт түрлерiнен мемлекеттiк жаттықтырушыға – лауазымды жалақыдан 80%-ға дейiн;
      олимпиадалық спорт түрлерiнен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 105%-ға дейiн;
      олимпиадалық емес спорт түрлерiнен бас жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейiн;
      олимпиадалық спорт түрлерiнен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 95%-ға дейiн;
      олимпиадалық емес спорт түрлерiнен аға жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 60%-ға дейiн;
      олимпиадалық спорт түрлерiнен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 90%-ға дейiн;
      олимпиадалық емес спорт түрлерiнен жаттықтырушыға (техникалық спорт түрлерiнен басқа) – лауазымдық жалақыдан 70%-ға дейiн;
      техникалық спорт түрлерiнен жаттықтырушыға – лауазымдық жалақыдан 55%-ға дейiн.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет