Дене шынықтыру және спорт туралы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы №490-і қазақстан Республикасының Заңы 2011. 06. 01. берілген



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі409.17 Kb.
#174229
  1   2   3
Дене шынықтыру және спорт туралы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-І Қазақстан Республикасының Заңы (2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

         Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)         1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Арнайы олимпиада – мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы спортшылар арасын­да өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

2) әуесқойлық спорт – азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорт­тың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;

3) бас жаттықтырушы – Қазақстан Рес­­публикасының ұлттық құрама команда­сына басшылық жасауға, спорт түрі бой­ынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даяр­лығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;

4) бұқаралық спорт – дене жатты­ғу­ларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анық­тау мақсатында халық арасында дене шы­нық­тыруды дамытуға ықпал ететін бұқа­ралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;

5) бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбесі – дене шынықтыру-спорт ұйым­дарының оқу-жаттығу жұмысын күнтізбелік жылға жоспарлауы мен өткізуін регла­менттейтін ресми құжат;

6) дәрігерлік-дене шынықтыру дис­пан­сері – дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;

7) дене тәрбиесі – дені сау, дене бі­тімі және рухани жағынан жетілген, мо­ральдық жағынан табанды жеткіншек ұр­пақ­ты қалыптастыруға, адамның денсаулы­ғын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;

8) дене тәрбиесінің құралдары – дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сау­ық­тыру күштері және гигиеналық фак­торлар;

9) дене шынықтыру – мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін да­мыту, оның денсаулығын нығайту мақса­тында қоғам жасайтын және пайдалана­тын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;

10) дене шынықтыру (дене шынық­тыру-спорт) қозғалысы – халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қыз­метіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны;

11) дене шынықтыру және спорт жө­ніндегі уәкілетті орган – дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқару­шы орган;

12) дене шынықтыру және спорт жүй­есі – халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;

13) дене шынықтыру және спорт са­ласындағы аккредиттеу – дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның спорт түрі бойынша республикалық қо­ғамдық бірлестіктің тиісті халықаралық ұй­ымдарда Қазақстан Республикасын біл­діретін құқықтық өкілеттігін ресми тануы;

14 ) дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғима­раттары – азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық іс-шараларын өткізуге арналған объектілер;

15) дене шынықтыру-спорт қоғамы (спорт клубы) – қызметі азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралда­ры­мен сауығуына бағытталған дене шынық­тыру-спорт ұйымының құрамдас бөлігі;

16) дене шынықтыру-спорт ұйымы – дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

17) жаттықтырушы – кәсіби білімі бар және оқу-жаттығу процесі барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін оның жарыс әрекетіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

18) жоғары дәрежедегі спортшы – Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететін спортшы;

19) жоғары жетістіктер спорты – жоғары спорттық нәтижелерге қол жет­кі­зуді, рекордтар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы;

20) кәсіпқойлық спорт – спорттық ойын-сауық іс-шараларының экономи­калық тиімділігін және жоғары ақпараттық-көңіл көтеру құндылығын көздейтін спорттық-кәсіпкерлік қызмет;

21) кешенді ғылыми топ – ғылыми-әдістемелік және медициналық-биоло­гиялық зерттеулер жүргізу, спортшының функционалдық жай-күйін және даяр­лығының техникалық деңгейін айқындау үшін құрылатын білікті мамандар тобы;

22) мемлекеттік жаттықтырушы – Қазақстан Республикасында спорт түріне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшін жауап беретін жаттықтырушы;

23) оқу-жаттығу базасы – құрама командалардың оқу-жаттығу процесін тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;

24) олимпиадалық даярлау орталығы – республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

25) олимпиадалық резерв даярлау орталығы – жергілікті деңгейде құрылып, өңірдің жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының спортшыларын респуб­ликалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметті жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

26) Параолимпиадалық ойындар – тірек-қозғалу аппараты және көру орган­дары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

27) президенттік тестілер – бақылау нормативтері арқылы халықтың дене шы­нықтыру дайындығының жалпы деңгейін айқындайтын жаттығулардың (сынақ­тардың) жиынтығы;

28) салалық көтермелеу жүйесі – дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін са­ланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынта­ландыру нысаны;

29) спорт – жарыс әрекетінің, спорт­шыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір бөлігі;

30) спорт төрешісі – арнайы даяр­лықтан өткен және тиісті біліктілік санатын алған, спорт түрінің және спорттық іс-шараның ережелерін сақтауды қамтамасыз етуге спорттық іс-шараларды ұйымдас­тырушы уәкілеттік берген жеке тұлға;

31) спорт түрі – біліктілік деңгейі, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесі айрықша белгілері болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлігі;

32) спорт түрі бойынша қоғамдық бірлестік – мақсаты бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту, спорт жарыстарын және басқа да спорт іс-шараларын ұй­ым­дастыру мен өткізу болып табылатын, аза­мат­тардың ерікті негізде құрылған бірлестігі;

33) спорттық индустрия – дене шынықтыру-спорт мақсатындағы қызмет көрсетуді, өнімдер өндіруді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъек­­тілердің жиынтығы;

34) спорт қызметі туралы келісім-шарт – жоғары дәрежедегі спортшы немесе жаттықтырушы мен заңды тұлға арасында жасалатын шарт;

35) спорт медицинасы және оңалту орталығы – спортшыны қалпына келтіру, алдын алу және оңалту іс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауіпсіздігін және олардың тиім­ділігін қамтамасыз ететін медициналық ұйым;

36) спорттық сыныптама – жекелеген спорт түрлерінде шеберлік деңгейін, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спорт­шы­лардың, нұсқаушылардың, әдіскерлер­дің және төрешілердің біліктілік деңгейін айқындайтын спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесі;

37) спорттың техникалық және қолданбалы түрлері – спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнайы даярлығын талап ететін дене шынықтырудың бір бөлігі;

38) спортшы – спорт түрімен (түр­лерімен) үнемі айналысатын және спорт жарыстарында өнер көрсететін жеке тұлға;

39) Сурдолимпиадалық ойындар – есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

40) Универсиада – спорттың әр түрі бойынша өткізілетін дүниежүзілік студент­тік қысқы және жазғы спорт жарыстары;

41) ұлттық спорт түрлері – жарыс әрекеті нысанында тарихи қалыптасқан және өзіне тән дене шынықтыру жатты­ғуларын және дене шынықтыру белсен­ділігін ұйымдастырудың өзіндік ережелері мен тәсілдері бар халық ойындарын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;

42) халықаралық спорт жарыстары – кемінде бес мемлекеттің өкілдері қатыса­тын спортшылар (командалар) арасында спорт түрінен өтетін сайыс.

2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат принциптерi

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және:

1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;

2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;

4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;

5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;

6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;

7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;

8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;

10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;

11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;

12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдары

Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

4-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды мемлекеттiк қолдау

1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi.

2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдары сыртқы байланыстарының дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi.

4. Мемлекет халықаралық стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

5-бап. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы

1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.

6-бап. Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:

дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;

спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;

дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;

мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары:

салауатты өмiр салтын насихаттауға;

жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға;

гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi.

3. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi.

7-бап. ҚР 04.07.03 ж. № 471-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР 04.07.03 ж. № 471-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді

8-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, спорт түрлері бойынша қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады.

2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi.

3. Журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкілдерінің спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның ішінде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсіру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жарнамалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметі субъектілерінің арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады.

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2-тарау. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт жүйесі

 

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  8-1-баппен толықтырылды



8-1-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысының субъектілері

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы:

1) олимпиадалық даярлау орталықтарын;

2) олимпиадалық резерв даярлау орталықтарын;

3) жоғары спорт шеберлігі мектептерін;

4) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды;

5) олимпиадалық резервтің спорт мектептерін;

6) олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерін;

7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін;

8) дене шынықтыру-спорт қоғамдарын (спорт клубтарын);

9) балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубтарын;

10) балалар мен жеткіншектер клубтарын;

11) спорт медицинасы және оңалту орталықтарын;

12) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін;

13) допингке қарсы комиссияларды;

14) кешенді ғылыми топтарды;

15) оқу-жаттығу базаларын;

16) қызметі мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі мен спорттық даярлығына бағытталған жеке және заңды тұлғаларды қамтиды.

 

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілді



9-бап. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi, жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа оқу орындарындағы дене тәрбиесi

1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi.

Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады.

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және басқа да оқу орындары оқушыларға дене тәрбиесін беру мақсатында: дене шынықтыру машықтарын қалыптастырады, спортпен айналысуға тартады, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізеді және қоғамдық бірлестіктер мен басқа да заңды тұлғалардың мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылар мен студенттердің қатысуымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуіне жәрдемдеседі.

2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық даярлығына бағытталған басқа да заңды тұлғалар кiредi.

3. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.

 

10-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт



2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Кәсіпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi.

Мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттің қатысу үлесі бар заңды тұлғалар дене шынықтыру-спорт қоғамдарының (спорт клубтарының) қызметіне қатысуға міндетті.

2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады.

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді

11-бап. Тұрғылықты жердегi және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтыру мен спорт

2009.10.07. № 181-IV ҚР Заңымен  1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Тұрғылықты жерде және халықтың жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту:

1) спорттық клубтар мен секциялар жұмысын ұйымдастыруды;

2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;

3) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына жаппай демалатын орындарда халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуына арналған қажетті үй-жайлар бөлуге және спорттық ғимараттар беруге жәрдемдесуді қамтиды.

2. Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады.

2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 181-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру мен спорт

1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады.

2. Жергілiктi атқарушы органдар мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi.

3. Мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдарды үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi.

4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстар өткiзудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға, оның ішінде Параолимпиадалық, Сурдолимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадаға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдардың дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.

13-бап. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы

1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi.

2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды.

3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет