Хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің келесі түрлері мен нысандарын көрсетеді:
-
Балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету:
аллергологиялық, гастроэнтерологиялық, гематологиялық, нефрологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, токсикологиялық, сауықтыру, хирургиялық, нейрогирургиялық, травматологиялық және ортопедтік, комбустиологиялық, урологиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық, анестезия-реанимациялық, трансфузиялық клиника, эндоскопиялық, педиатрлық, неонатологиялық, стоматологиялық.
-
Ересек тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету: акушерлік-гинекологиялық.
-
Балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: нейрогирургиялық, травматологиялық.
-
Ересек тұрғындарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету: гинекологиялық.
-
Балаларға мамандандырылған стационарды алмастырушы медициналық көмек көрсету: аллергологиялық, нефрологиялық, неврологиялық, хирургиялық, нейрогирургиялық, травматологиялық және ортопедтік, отоларингологиялық, офтальмологиялық.
6.Ересек тұрғындарға мамандандырылған стационарды алмастырушы медициналық көмек көрсету: акушерлік-гинекологиялық.
7.Балаларға мамандандырылған консультативтік-диагностикалық
медициналық көмек көрсету: аллергологиялық, гастроэнтерологиялық, гематологиялық, нефрологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, неврологиялық, токсикологиялық, сауықтыру, хирургиялық, нейрогирургиялық, травматологиялық және ортопедтік, комбустиологиялық, урологиялық, отоларингологиялық, офтальмологиялық, эндоскопиялық, педиатрлық, сурдологиялық, логопедтік, гинекологиялық, генетикалық.
8. Ересек тұрғындарға мамандандырылған консультативтік-диагностикалық медициналық көмек көрсету: акушерлік-гинекологиялық, генетикалық.
9. Жүкті әйелдерді тексеру: сринингтік УДЗ, ПТР ИФТ, жүкті әйелдер мен нәрестелердің тұқым қуалаушы және туа біткен (генетикалық) патологиялар белгілеріне зерттеулер, көрсетілімдер бойынша жүкті әйелдерге доплерографиямен УДЗ жүргізу.
Медициналық көрсетілетін қызметке инновациялық технологияларды қолдану: рентгендік диагностика, ультрадыбыстық зерттеулер, клиника-диагностикалық. Бактериологиялық және иммунологиялық зерттеулер, медициналық генетикалық зерттеулер, функциональдық (ЭКГ, ФВД, холтерлік монитерлеу, ЭХО-ЭГ,ЭЭГ, бронхоскопиялық) зерттеулер, офтальмологиялық саралау, көз ЭФИ, көз түбін зерттеу, көз түбінің суреттемесі, хирургиялық лазерлі коаугуляциялау, дәрігердің тағайындауы бойынша физио терапиялық емшаралар.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін келесі тұлғалар көрсетеді: 209 дәрігер және 521 орта медициналық қызметкері. Клиникалық қызметке қатысты, барлық медициналық қызметкерлердің сертификаттары бар, дәрігерлер мен орта медициналық 60% -зы біліктілік санатқа ие, соның ішінде 3-і медицина ғылымының кандидаты, 12-сі денсаулық сақтау үздігі, 15-сі ШҚО ДСБ штаттан тыс бас маманандары.
Достарыңызбен бөлісу: |