ДЕНІ САУДЫҢ –ЖАНЫ САУ
Г.Ж.Тусекова
Қазақстан Республикасы,Астана қаласы
№13 орта мектеп
Түйін
Іс-тәжиребеде адамның денсаулығы-ол өзінің мақсатына жету алдындағы басты қағида екендігін көрсетеді
Аннотация
Данный опыт подтверждает, что здоровье у человека – высший стимул для достижения цели в жизни.
Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді.. Бірақ бізге әрдайым қалын бұқара үшін біздей адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін, адамдарға бағыттайтын, оларды үлгі өнегелермімен еліктіріп, ілестеріп жүретін ұстаз. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. «Саулық байлық негізі» деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін аурудың алдың алу және болдырмау. Дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту туралы, сонымен дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді темекі мен алкогольды тұтынуды қойып тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет.
Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
Салауатты өмір салтын жастардың бойында қалыптастыру мемлекетіміздің «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің негізі ретінде көрсетілген. Онда ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау жолдары белгіленген.
Біздің мектеп 2008- оқу жылынан бастап денсаулықсақтау технология бойынша жұмыс атқарып келеді. Жылдың басынан өз сыныптарымызға жоспар құрып, сол құрылған жоспар бойынша іс- шаралар өткіземіз. әр сабақтарда денсаулықсақтау элементерін қолданамыз. «Алтын күз» және «Бәйшешек» мектептік туристер слеты салтымызға енді, бұл іс-шаралар таза ауада көктемде және күз айларында өтеді. Бұл шараға 1-11 сынып оқушылары белсене қатысады. Оқушылар бұл жерде өтетін сайыстарды өздері ойлап ұйымдастырады, қайынды жер текке таңдалған жоқ, мұнда жақсы дем алып слетті ұйымдастыруға өте қызықты. Әр сыныптың жетекшілері әдістемелік және ұйымдастыруда оқушыларға көп көмек көрсетеді. Қалалық сайыстарға өз жоболарын дайындап, орындарға ие болып келеді. Оқушылармен сайыстар мен слеттерге қатысады. Республикалық сайыстарда оқушылар өз көрсеткіштерін жақсарту барысында мектепке тренажер «Скалодром» қойылды. Оқушылар мектептегі туризм сабақтарына қызыға қатысады.
Менің 6 «А» сыныбым мектептегі денсаулықсақтау бойынша үшінші жыл тәжірибеге қатысады. Осы уақытқа дейін оқушылардың өздерінің «Бақылау күнделіктері» бар, олар осы күнделіктер бойынша жылда өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік алды. Толығырақ айтсақ оқу жылының басында және аяғында өздерінің бойларын және салмақтарын, денсаулық жағдайларын бақылайды. Оқушыларға түрлі тақырыптар беріліп, олар осы берілген тақырыптар бойынша өздерінің ойларын шығарма, композиция және суреттер арқылы өте қызықты жеткізді. Оқушылар түрлі спорт дайындықтарына белсене қатысады. Қыс бойы сыныппен бассейінге де жиі барып тұрдық, сонын арқасында байқағаным олар түрлі вирустық ауруларға аз шалдықты. Ал осы жылы ең қызықтысы, оқушыларға ол сыныптың «Астана көшелерімен жүріп өтелік » атты жобаға қатысып, «Алтын тұлпар» ат баптау кешеніне барулары болды. Олар өздері қазақ халқының жылқы малымен жақын танысып, жылқы малы өте сезімтал жануар екенін және оны баптау оңай еместігін білді. Қазақтарда жүйрік аттарды тұлпар, сәйгүлік, арғымақ деп атағандарын біліп, қандай тұлпар аттар қазақтың көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттелгендерін білді. Мәселен, Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, ХІХ ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Саңырақтың Құлабестісі, Ақан серінің Құлагері екені.
Қазақ халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағидасын бала санасына енгізе алсақ, болашақта дені сау ұрпақ тәрбиелеп шығамыз.
«Салауатты өмір – салтымыз» , «Денім сау болсын десең...» атты тренинг сабақтар, «ЖҚТБ - ғасыр тажалы» ашық сынып сағаттары, «ЖҚТБ ауруымен қалай күресуге болады?» сабақтар, «Шынықсан, шымыр боласын», «Бақытың да, байлығың - денсаулық» ашық тәрбие сағаттарын, әртүрлі қозғалыс ойындарын ұйымдастыру арқылы оқушы балалардың денсаулықтарын нығайтуға көп көңіл бөлеміз. . Сондай-ақ оқушылардың денсаулық туралы білімдерін жетілдіретін «ЖҚТБ ауруымен күрес» , «Дені саудың - жаны сау» денсаулық күндерін жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Сонымен қатар, ата-аналармен де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жарыстар болып тұрады.. Спорт саласы бойынша да баскетбол, волейбол, футбол, ойындары арасында сыныптар бойынша жарыстар өткізіліледі.
Осы сабақтарда оқушыларға денсаулыққа байланысты көптеген мәліметтер беріледі, денсаулық сақтау ережелері мен аурудың алдын алу бойынша білімдерін дамыту жұмыстары жүргізіп отырамыз.
Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау өсіп келе жатқан жеткіншектерге денсаулық-зор байлық екендігін түсіндіру аса маңызды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі ұзақ мерзімді және баяу процесс, бірақ та бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады.
Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда
Салауатты өмір салты мен өмір сүру үшін төмендегі талапты орындау керек. Адам денсаулығын сақтауда төмендегідей факторлардың маңызы зор.
-
Айқын жасалған күн тәртібінің болуы.
-
Дұрыс тамақтану.
-
Дұрыс тынығу.
-
Дене еңбегімен шұғылдануы.
-
Таза ауада болып, күн көзінде серуенлеу.
-
Табиғат аясында болуы.
-
Зиянды әдеттерден сақтану.
-
Дұрыс қозғалыста болуы.
Біз мектебімізде оқушыларға денсаулық туралы үйрете отырып, жоғарыда айтылғандардың барлығын сабақ процессінде қолданамыз. Мысалы , «Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық!
Өміріміз - өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!
Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!
Достарыңызбен бөлісу: |