Өтетін аудан активінің ЖҮргізілу тәртібі



Дата12.07.2016
өлшемі41.5 Kb.
#193549
Елбасы жолдауына байланысты

аудан әкімі С. Тәуіпбаевтың төрағалығымен

өтетін аудан активінің

ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ
Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 23 қаңтар

мәжіліс залы сағат 15.00



Мәжілісті аудан әкімі С.Тәуіпбаев ашып, жүргізіп отырады
Қадірлі Жаңақорғандықтар!
17 қаңтар күні Елбасымыз жылдағы дәстүр бойынша Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын жариялады.

Осыдан 1 жылдан астам бұрын (2012 жылғы 14 желтоқсан) Елбасы Қазақстанның 2050 жылғы дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын айқындап берген болатын.

Биылғы Жолдау «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың бағыттарына арналып, Жолдауда Стратегияны орындаудың негізгі тетіктері айқындалды.

Сондықтан, Елбасымен айқындалған Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының саяси бағдарын жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз.

Бүгінгі жиынға кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, жергілікті мәслихат депутаттары, ҮЕҰ жетекшілері мен жастар қатысып отыр.

Жиын барысында Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым бағыттары мен негізгі міндеттері бойынша пікір бөлісетін боламыз.



Құрметті жиынға қатысушылар! Алдымен жұмыс тәртібі регламентімен келісіп алайық.

Баяндамашыларға 5-7 минутқа дейін, шығып сөйлеушілерге 2-3 минутқа дейін уақыт берсек. Ұсынысты қолдасаңыздар, актив жұмысын жалғастырайық.

Жиынның алғысөзін айтуға рұқсат етіңіздер.
Аудан әкімі трибунаға көтеріледі.

(Аудан әкімінің сөзі қоса берілді)
Аудан әкімі С.Тәуіпбаевтың сөзі
Аудан әкімі: Жолдауда Қазақстан тарихына енетін 10 ілкімді идея сөз етілді. Олар:


  1. Патриотизм

  2. Инновацияларда

  3. Геологияда

  4. Ауыл шаруашылығында

  5. Ғылымда

  6. Аумақтық дамуда

  7. Транспортта

  8. Энергетикада

  9. шағын және орта бизнесте

  10. Экономикада

2050 жылға дейін еліміз дамуында осындай ілкімді идеялар аясында тың серпілістер болатыны сөзсіз. Әрбір идеядан еліміздің жарқын болашағы жолында тың жобалар жүзеге асырылатынына сенім мол.

Келесі сөз облыстық мәслихат депутаты Әжібеков Қалқазбекке беріледі.

(Қ. Әжібековтың сөзі)
Келесі сөз, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Балқожаев Мәжит Биқожаұлына беріледі.
(Мәжит Балқожаевтің сөзі)

Аудан әкімі: Рахмет!
Сонымен қатар, Елбасы биылғы Жолдауда да жастардың орта техникалық білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшуді қарастыру, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендия мөлшерін 25 пайызға арттыруды қамтамасыз ету, үлгерімі жоғары студенттер мен оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін жариялады. Осы тұста, келесі сөз кезегін аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов Мақсұтұлына беріледі
(Ибрагимов Болаттың сөзі)

Аудан әкімі: рахмет!
Елбасы Жолдауындағы ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлік кооперация үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет болатын барлық кедергілердің алынып тасталуы, фермерлердің ұзақ мерзімді қаржыландыруға және нарыққа делдалсыз шығуға тікелей мүмкіндік алуы жұртшылықтың жүрегіне сенім ұялатқан он мәлімдеменің бірі ретінде танылып отыр.

Сондықтан, келесі сөз кезегі Келінтөбе ауылдық округіндегі «Ислам» шаруа қожалығының төрағасы Мақсат Жұмаділовқа беріледі.


( Жұмаділов Мақсаттың сөзі)
Аудан әкімі: Рахмет!
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында діттеген мақсаттарға қол жеткізу бірқатар нақты қағидаттарды ұстану арқылы жүзеге асырылатындығын жария етті. Экономикада да, саясатта да, әлеуметтік өмірде де ешқандай да «секіріп» өтулерге, ойланып- келісілмеген сынақтар жасауға, соқыр тәуекелшілдікке баруға жол бермеу керектігін баса айтты. Ойластырылмаған іс- әрекеттердің, алып ұшулардың нәтижесін әлемдегі орын алып жатқан мысалдармен де дәлелдеді.

Сонымен қатар, Жолдауда Елбасы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлуді тапсырды. 2050 жылға дейін Қазақстан өмір сүру үшін ең қауіпсіз және қолайлы ел болып, Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 80 жасқа дейін ұзаруы, еліміз алдыңғы қатарлы еуразиялық медициналық туризм орталығына айналуы тиіс деп атап өткен болатын. Осы ретте, келесі сөз кезегін аудандық емхананың бас дәрігері Абдусаметов Жақсылыққа беремін.


(Абдусаметов Жақсылықтың сөзі )
Аудан әкімі: Рахмет!

Өздеріңіз куәсіздер жыл сайынғы Жолдауларында Елбасы жастар мәселесін ешқашан назардан тыс қалдырған емес Биылғы Жолдаудың өзіндік ерекшелігі- отандық тарихымыздағы жаңа ұғым- Мәңгілік Ел құруды көздейтін ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асыру жөнінде нақты бағдарлама ұсынылды.

Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздейтін дамыған мемлекет құру ұлттық идеясы мазмұндалды.

Мәңгілік Ел идеясы- Елбасы ұсынған Қазақстанның дамуына негізделген идея болып танылады.

Келесі сөз кезегі, Елбасымен білдірілген осындай қолдаулар жөнінде жастар пікірін білдіру үшін сөз «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Ерсінбекқызы Жадыраға беріледі

(Ерсінбекқызы Жадыраның сөзі)


Аудан әкімі: Рахмет!
Осындай ерекшеліктермен жария етілген Жолдауда Елбасы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысты екі кезең арқылы асырылатындығын белгілеп берді.

Бірінші кезең 2030 жылғы дейінгі кезеңді қамтиды. Онда ХХІ ғасырда «мүмкіндіктер көзін» пайдаланып, жаңғырту серпілісін жасау қажеттігі айтылды.

Ал, 2030-2050 жылдардағы екінші кезеңде ғылыми қамтымды экономикадағы қағидаттар негізінде елдің орнықты дамуы қамтамасыз етілетін болады.

Бүгінгі басқосуда Елбасы Жолдауы бойынша бірқатар баяндамалар тыңдалды.

Қатысушылар тарапынан пікір білдірем деушілер болса соларға кезек берейік.

Артық ұсыным- пікір болмаса, бүгінгі жиынды қорытындылайық.

Мәңгілік Ел идеясы ұсынылған биылғы жолдау еліміздің жарқын болашағына жол сілтеді. Онда айтылған әрбір бағыт- бағдар мен міндеттер ел өмірі үшін ерекше маңызға ие.



Сондықтан, Елбасы идеясының аясына бірігіп, ол жүктеген тарихи міндеттерді жұмыла жүзеге асыруға шақырамын.
Еліміз- еңселі, аспанымыз- бейбіт, Елбасымыз- аман болсын!

Белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін.

Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет