Денсаулыққа әсер ететін қауіпті факторлар



Дата09.09.2022
өлшемі14.53 Kb.
#460488
3 сабақ


Денсаулыққа әсер ететін қауіпті факторлар.
1.Экономикалық қауіп факторлар
2.Биологиялық қауіп факторлар
3.Экологиялық қауіп факторлар
4.Медициналық қауіп факторлары
Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
1.Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қанағаттанбау себебінен болған созылмалы күйзелістер ағзаның нейроэндокринді және психологиялық қызмет атқаруындағы өзгерістеріне әкеліп, ауруға ұшырау тәуекелін арттырады. Ұзақ уақыт қорқыныш, сенімсіздік, өз-өзіне төмен баға беру, әлеуметтік оңашалау, жұмыс және үйде шешім қабылдай алмау және жағдайды бақылауға мүмкіндіктің болмауы денсаулыққа қатты әсер етеді: депрессияны тудырады, инфекциялық ауруларға, диабетке, жүрек-қан тамыры ауруларына бейімделікті арттырады.
Төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай, адамдардың өзінің қоғамдағы «теңсіз» жағдайын және соныменен байланысты бағалануын, қарым-қатынасты, уайымдау, материалдық жағдайдың болмауы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Экономикалық жағдай жақсы болған сайын, денсаулық та жақсара түседі.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай - денсаулыққа әсер ететін көптеген факторлардың (табиғи, мәдени, әлеуметтік-құрылымдық, тәртіптік және басқа) тек бірі. Бірақ, денсаулықтың мәнді детерминанты бола отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдай ең маңызды денсаулық факторы ролін атқара ала ма?
Денсаулық нақты бір адамның жеке әл-қуаты ретінде қарастырылып және медициналық көрсеткіштер негізінде, жеке тұлғалардың өзін-өзі бағалау негізінде де анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер спектрі өте кең: жынысы, жасы, білімі, кәсіби біліктік, материалдық-мүліктік, аймақтық және басқа факторлар жатады. Жеке тұлғаның экономикалық статусы немесе оның экономикалық теңсіздік жүйесіндегі жағдайы объективті және субъективті көрсеткіштер көмегімен өлшенді.
Биологиялық (жүктілік ағымы мен босанудың асқынуы, нервтік-психикалық жəне физикалық күштің шамадан тыс түсуі, жарақаттар, отбасылық келеңсіздік, психожарақаттық қозғыштық, тұлғаның жеке ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, баланы тəрбиелеудегі ауытқушылықтар, церебральды органикалық жеткіліксіздік). Анасының жүктілік кезіндегі денсаулық жағдайы, нәрестенің денсаулық жай-күйінің бұзылуы.
Адам ағзасына ауаның құрамы, су және азық – түлік арқылы түсетін бұл улы зат тыныс органдарын, өкпе мен қолқаның қызметін бұзады екен.
Бұдан кейінгі айтар мәселе – судың ластануы. Бұл проблема қазіргі кезде бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Ауа бассейінінің ластануының негізгі себебі – тазартылмаған ағын суларды өзен – көлдерге жіберу болып табылады.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Медициналық қауіп-қатер факторына - ВИЧ инфекцияның болуы, қант диабеті, алкоголизм, наркомания, ерте əрі талапқа сай емес үзіп-үзіп жүргізілген химиотерапия курстары жəне иммунитет төмендеуі,жұқпалы аурулармен ауратын адам,ескі медициналық құралдар,дәрі-дәрмектердің мерзімінің өтіп кетуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет